«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу


Тұлғалық нәтижелер оқушылардың



бет5/102
Дата13.02.2023
өлшемі0,98 Mb.
#67374
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа білуінен;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;

  3. ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;

  4. қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;

  5. мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;

  6. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;

  2. мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;

  3. мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;

  4. көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;

  5. шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;

  6. шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;

  7. ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;

  8. танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.



2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

  1. сурет бойынша диалог құруды;

  2. тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

  3. ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

  4. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  5. өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  6. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

  7. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  8. 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

  9. мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  10. 2-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 50-55 сөз оқуды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет