СӨЗ ТӨРКІНІ
61
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
кейінгі вариант алдыңғы варианттың қысқарған түрі тәрізді. Өйткені
бұл тұрақты сөз тіркесінің этимологиясы тек
зығырдан
парсы тілінен
енген
зäһäрдан > зäһäр + дан, яғни «зәһәр, у құйған ыдыс», ауыспа
мағынада «өт жолы» («желчный пузырь»).
Зäһäрданның зығырданға
айналуы – қазақ тілі дыбыс жүйесі тұрғысынан дәлелдеуге болатын
құбылыс:
зәһәр сөзі [һ]
дыбысының ерекшелігіне байланысты бірде
зәр (зәр қышады)
, бірде
зығыр (һ
~ ғ, ә ~ ы)
түріне ауыса береді.
Сонда зығырданның қайнауы, яғни у салған ыдыстың қайнауы мен
қатты ашуланудың, бойды ыза кернеудің арасында логикалық та,
образдылық та байланыс, ұқсастық бар. Бұл процестің биологиялық
тұрғыдан да дәлелді екені сөзсіз.
Оралыңның барында ойна да күл.
Бұл фразеологизмдегі орал сөзі
не? Біздің пікірімізше, ол
оралым келмеді
дегендегі
орал
сөзімен
төркіндес. Ал, ол өз ретінде қазақ тілінде жеке-дара айтыла беретін
орай
сөзімен түбірлес. Қазіргі қырғыз тілінде
орал
– «удобный
момент»; «подходящее обстоятельство». Басқаша айтқанда, [й
~ н]
дыбыс алмасуы негізінде пайда болған бір сөздің бұлар екі варианты.
Орай
қазақ тілінде,
орол
қырғыз тілінде жеке сақталған. Ал
орал
вариантының қазақ тіліндегі белгілі бір фразеологизмдер құрамында
ғана сақталып қалуы заңды нәрсе. Сонда:
Оралыңның барында ойна
да күл
тіркесіндегі
орал
сөзі
ораймен
төркіндес.
Үл болмасаң, бүл бол.
Осындағы
үл
де,
бүл
де бүгінгі таңда беймәлім
сөздер және олар тек осы фразеологизмнің мағынасы – «бөлінбек
түгіл, бүлін». Үл түбірі о баста «бүтіннің бөлшегі», «бөлік», «тиісті
үлес» мағынасында кең түрде қолданылған. Түркі тілдерінің біразында
бұ түбірден
үле- / үлі- / үлү
түрінде («раздавать, распределять»;
«разделить на части» мағынасында) етістік формасы жасалады. Бұл
қазақ тілі говорларынан да кездеседі. Сол сияқты
бүл
сөзі де кейбір
түркі тілдерінде осы күнге дейін жеке-дара айтыла береді. Ол бірде
есімдік, бірде етістік мағынасында айтыла беретін синкретикалық
түбір. Мысалы: қазақ тіліндегі
бүлік, бүлдір, бүліну,
қырғыз тіліндегі
бүл
- «раздирать, разбивать, рвать, вырвать», ұйғыр тіліндегі
була
-
«отнимать, отбирать, насильно вырвать; ограбить» сөздерінің түбірлес
екеніне таласуға болмайды.
Н і л д е й бұзылу.
Осындағы
-дай/дей
формалы лексикалық
единицаның түбірі
ніл
«көк», «көгілдір» (индиго), «көк бояу» (синька)
мағынасында Орта Азия халықтары тілінде жиі кездеседі. Мыс.,
өзбек тілінде:
бу сенга буёқчининг нилими?
(бұл саған бояушының
бояуы ма?), түрікмен тілінде:
нили азан
(жалған жолға түсу, азу) т.б.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда,
ніл
сөзі – түркі тілдеріне будда
дінін уағыздаушы жазба ескерткіштерді көне ұйғыр тіліне аударуға
байланысты енген санскрит сөзі. Мысалы:
nilutpal
< санскр.
nilopaia
–
«көкшіл түсті лилиясы»; nilapusup <санскр. nilapuspa – «көк түсті
шешек ататын эвкалипт ағашы». Тәжік, өзбек тілдеріндегі
нилифар
(су
лилиясы, лотос) сөзі жоғарыдағы санскр. формасымен байланысты.
СӨЗ ТӨРКІНІ
62
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Сонда нілдей бұзылу «көк бояудай бұзылу» деген мағынаны аңғартады
және оның
Ніл
өзенімен тікелей байланысы болмауы тиіс.
Жер астынан ж і к шықты, екі құлағы т і к шықты.
Осы фразеоло-
гизм құрамында тұрып, мағынасы күңгірттенген
жік
сөзінің тіліміз-
дегі:
жігі ашылу, жік болу, жігін білдірмеу
тәрізді тіркестерде кезде-
сетін «аралық», «жапсар», «шекара» мағынасындағы
жік
сөзімен
үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл қазақ, тағы басқа түркі
тілдерінде қазірде ұмыт болған, тек кейбір фразеологизм, туынды
түбір құрамында ғана кездесетін (мысалы:
жек көру, жексұрын
), көне
түркі тілінде өте жиі қолданылған «жын», «шайтан» мағынасындағы
йек [jek] // джек [зек] // йік [jik] // джік [зік]
сөзі. Мысалы, көне түркі
ескерткіштері тілінде:
jekkä onzüm – «жын-шайтандар» «Көне түркі
сөздігінде» бұл сөздің түркі тілдеріне ескі парсы тілінен ауысқандығы
көрсетіледі.
Сөйтіп, жоғарыдағы
жек//жік
сөздері о баста «жын-шайтан»
мағынасын білдірсе, біздің сөз етіп отырған
«жер астынан жік
шықты, екі құлағы тік шықты»
фразеологизміміз «жер астынан
жын-шайтан шықты, шыққанда да екі құлағы тікірейе шықты»
деген ұғымды білдіреді. Дәл осы сияқты:
жек көру
– «біреуді жын
бейнесінде, жынындай көру»;
жексұрын
– «түрі жын-шайтан сияқты
қорқынышты» мағынаны аңғартады.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңда бізге беймәлім, мағынасы
күңгірттенген, қолданылуы шектелген сөздердің бірқатарын
ғасырлар бойы қалыптасып, тұрақтанып, біртұтас болып құрылған
фразеологизмдер құрамынан іздегеніміз абзал. Біле-білсек, бұл
тәрізді сөздердің мағынасының күңгірттенуіне де және сол сөздердің
құпия-сырын ашып беруге де себепші болатын фразеологизмдердің
өздері болмақшы. Ол үшін тұспал, жолбар емес, пайымды да, жүйелі
зерттеулер қажет.
СӨЗ ТӨРКІНІ
63
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Т
ұрақты тіркестердің ең көп бөлігі
жүрек, көз, бет, ауыз, қол,
аяқ
сияқты бірқыдыру соматизмдер төңірегіне топталып
жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түпқазық болу
себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен
ұштасып жатыр. Фразеологизм ішінде бұл сөздер нақтылы соматизм
мағынасында қолданылуы шарт емес. Мысалы,
бүйректен сирақ
шығару
[жоқ жерден бір нәрсе ойлап табу],
бүйрегі бұру
дегендерде
нақты дене мүшесінен гөрі әйтеуір «жақындау» деген ұғым бар.
Бұл сияқты дене мүшелерінің фразеологизмдер ішінде ұйытқы
болу қасиеті өзге ұйытқы сөздерге типтес емес. Өйткені бұл б
үйрек,
жүрек, арқа, көз
сөздері өзінің дене мүшелік қызметін көп жағдайда
жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың
ұғымдық символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені
Фразеологизмдер
құрамындағы "жүрек"
соматизмінің концептісі
Аслан ӘЛІМБАЕВ
Еуразия гуманитарлық институты
қазақ және орыс филологиясы
кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының
магистр
СӨЗ ТӨРКІНІ
64
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
халықтың ескі наным, түсініктерінен туған. Бірақ, бертін келе бұл
ұғым-түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болады.
Айталық,
ит
сөзінің алыстыққа тікелей қатысы болмаса да,
ит арқасы
қиянда
дегеннің алыстық ұғым баламасы болғаны сияқты,
көзі
қарақты
дегенде
көз
сөзі де, ойлау көрсеткішіне айналған. Немесе
көзі
тірі, көз көрген
дегендегі
көз
сөзі де жалпы адам ұғымына айналып
кеткен. Демек, бұл сөздер біршама көру мағынасын сақтай отырып,
өзге ұғымға да икемденіп, екі түрлі қасиетке ие болған. Өзге сөздерден
гөрі
жүрек, көз
соматизмдерінің жұмсалу өрісі кеңірек.
Башқұрт фразеологиясының ірі маманы, ғалым-түркітанушы
З.Ураксин соматизмдерден жасалған фразеологизмдерге талдау жасай
келіп, негізінен барлық тілдердегі соматикалық фразеологизмдердің
өзге фразеологизмдерге қарағанда сан жағынан бірінші орында
тұратынын атап көрсетеді. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың
символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені халықтың
ескі наным-түсініктерінен туған. Бірақ бертін келе бұл ұғым-түсінік
дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болатынын айтады.
2007 жылы Арыс баспасынан жарыққа шыққан «Фразеологиялық
сөздіктегі»
соматикалық фразеологизмдерді
концептілерге бөлу бары-
сында «Жүрек» сөзінің ең жиі қолданылғаны байқалды.
«Жүрек» сөзі, «Батырлық, ерлік» концептісінде – 3 рет қолданыс
тапқан:
1)
Жүрегінің түгі бар [шыққан]
. Ер, батыр, батыл кісі, ешнәрседен
таймайтын, қаймықпай, бетіне айтатын адам. Сөзге шешен би болса да,
жүрегінің түгі шыққан батыр болса да, төтеп беру керек (М.Әуезов).
Түгі бар жүрегінде кере қарыс, Жасынан кеудесінде жанған намыс. Ер
болды Амангелді айдыны асқан, Жігіттің бір сырттаны жас жолбарыс
(О. Шипин).
2)
Жүрек жұтқан
. Ешнәрседен қорықпайтын батыл, ер-азамат. «Тап
солай» десіп, шұлғи-шұлғи иланып еді. Осымен қатар, Құнанбайдың
жүрек жұтқан ерлігі, айла-тәсілі өзінен-өзі атамай-ақ, әйгіленіп жатты
(М.Әуезов).
3)
От жүрек
. Қайсар, қайтпас. Уайс сұлтан өзі секілді кілең от жүрек
жігіттерді жинап алып, Моғолстанның шетінде, Қашқарияда біраз
уақыт аламандық құрып жүрді де, Түркістанға келген (І. Есенберлин).
«Қорқыныш, үрей» концептісінде – 6 рет:
1)
Жүрегі су етті [суылдады]
● жүрегін су еткізді.
Бойын қорқыныш
биледі, үрейленді, зәресі ұшты, шошып кетті. Атынан домалай түсіп,
құшағын аша жүгірген Кәкітай Әбішпен қатты құшақтасып, сүйісіп
тұр. Бұған Әбіш ауру сияқты көрініп еді. Бауырмал жүрегі су етті
(М.Әуезов). Орнынан тұра бере, «іске кірісем» дегені, «ұлыққа,
оязға барып айтамын» дегені. Бұл Тәкежанның жүрегін су еткізді
(М.Әуезов). Рахметтің жүрегі суылдап тұра алмады (С.Ерубаев).
2)
Жүрегі суып [мұздап] қоя [сала] берді.
1. Қатты қорықты,
үрейленді. Қуғыншылар отрядының бастығы дәл алқымда тұрғанын
СӨЗ ТӨРКІНІ
65
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
көріп, қашқын не істерін білмей, жүрегі суып қоя берді («Соц.Қаз»).
Әр жерде төрт-бестен оңаша отырған ылғи кебеже қарын, бұқа
мойын, шұбар төстерді көргеннен-ақ, Мүсәпірдің жүрегі мұздап
сала берді (Ә.Әбішев). 2. Ренжіді, көңілі қалды. «Қойшы, сол жесір
қатынды» дегенде, жүрегім суып қоя берді (Ауызекі тіл).
3)
Жүрегі тас төбесіне шықты
●
жүрегі [зәресі] ұшты [шошыды]
●
зәресі кетті.
Қатты үрейленді, шошып кетті, қорықты. Менің жүрегім
тас төбеме шықты, қалтырап кеттім (Б.Майлин). Оқ жыландай
иреңдеп, Жайдың оғы тасталды. Жүрегі ұшып Күнайым, Ердің қасын
бас салды (С.Мұқанов).
4)
Жүрегі шайлықты [шайылды]
. Беті қайтты, қаймықты, шошыды,
сескенді, запы болды. Сыртта тықыр естілген соң, жүрегі шайлығып
қалған Балуан төргі бөлмеге кіріп, есігін қақты (С.Мұқанов). Енді
бірінің үстіне бірі орнаған үйден екі тас қана қалды. Бірақ оған
шығу өте қауіпті еді. Егер табан тайып кетсе, тірек болар ешқан-
дай бұдыр жоқ. Осы араға келгенде Сейтеннің де жүрегі шайылды
(М. Иманжанов).
5)
Жүрек қалмады
. Қатты қорықты, үрейленді. Шығатын зор қараға
бір жан алмай, Жігіттер қоян болды, жүрек қалмай, Сібірдің цирктерін
сілкіп шыққан, Осыны алып отыр ояз қолдай (І. Жансүгіров).
6)
Жүрегі [көңілі] дауаламады [қобалжыды]
. Батылы бармады,
қаймықты, тайсалды. Бір жапырағыңыз қалғанша керек. Осыған
жүректерің дауалай ма? (Ғ.Мұстафин). Түу, қызық екенсің ғой,
өзің? Жүрек қобалжымай, табан таймай, қасқайып тұрып, салысуға
шыдастық. Би солай сілтеді (М. Әуезов).
«Уайым, қайғы» концептісінде - 6:
1)
Ет жүрегі езілді [елжіреді]
●
май ішкендей болды.
Уайымдады, іші
күйді, қайғырды.
2)
Жүректі дерт алды
. Күйік шалды; қайғыланды, қапаланды.
Боғаштың бойын өрт алды, Жүректің басын дерт алды (Ауызекі тіл).
3)
Жүрегі өрт [от] боп жанды
. Өзегі өртенді, қапа болды, қайғырды,
уайымдады. Лашынның жаны күйініп, Жүрегі өрт боп жанады. Уайым
қып тектесін, Көзінен жасы тамады (С.Сейфуллин). Жалғыз-ақ,
өлейін деп өле алмай, өз жанын қия алмай, қайғылы, қапада, күндіз-
түні қапада, жылау да еңіреу, бәрінен де көңілі қалып, жүрегі от боп
жанып, қолынан келері жоқ болып жүрген сорлы Қамар халін көріп,
жаны ашитын Омар ғана еді (С.Торайғыров).
4)
Жүрегіне дақ түсті [қалды]
●
жүрегіне дерт [жара] түсті
. Қайғы,
өкініш ұялады, өксікті өкініш меңдеді. Жүрегіне дақ түсіп, Жасық
пышақтай майырылды (Ауыз әдебиеті). Балам менің бұл дүниеден
аттанған. Содан, қалқам, жүрегімде дақ қалған, бұл қайғының басқа
түсер салмағын, Біледі тек бала асырап, баққан жан (Ғ.Қайырбеков).
Кемпір-шал зар жылайды баласы үшін, Көзінің көңіл нұры, қарасы
үшін, Еш дауа іздегенмен, таптырар ма, Жүрекке терең түскен жарасы
үшін (М.Сералин).
СӨЗ ТӨРКІНІ
66
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
5)
Жүрегі қарс айырылды.
Қайғыдан қатты күйінді, өзегі өртенді.
Әлиза әлі ессіз, оқта-текте ғана тұрғысы келгендей, қос қолымен ауаны
қармап, «а-аһ...» деп, жүрегі қарс айырыла күрсінеді (Ә.Нүрпейісов).
6)
Сұм жүрек
. Мұңға толы, шер жұтқан жүрек. Басы қатты сұм
жүрегін Тоқтата алмай кетті де. Сорға біткен көкірегін Сендіре алмай
өтті де (Абай).
«Қуану» концептісінде - 2 рет:
1)
Жүрегі жарылды
●
жүрегі жарыла жаздады
. Қатты қуанды,
көңілденді. Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Қабыл болған
тілегі, Жарылғандай жүрегі, Аналықтай бәйбіше Қабырғасы қайысқан
(Қ.Бекхожин).
2)
Жүрегі лүп етті [ете түсті]
. 1. Бір нәрседен жай секем алды.
«Адастым-ау!... Адасқаным ғой енді!» деген сезім Айшаны биледі.
Сөйтіп келе жатқанда, оң жақтағы адырдың етегінен шоғырмақталған,
топтанған бір қара көрінеді. Айшаның жүрегі лүп ете түсті
(С.Сейфуллин). 2. Кенет келген қуаныш сезім туралы айтылады.
Алмастың жүрегі лүп ете түсті де, ізінше дүрсілдеп, жиі соғып кетті...
(З. Қабдолов).
Әлемнің тілдік бейнесінде эмоция мен сезімнің символы болып
табылатын, әрі эмоция мен сезімнің бірлігі болып табылатын –
жүрек
.
Жүрек концепті тілдің әлемдік бейнесін құрайтын «тірек»
компонент. Себебі әлемдегі адамзат танымына сүйенсек, жүрек
– адам денесінің орталығы. Адам денесінің осы мүшесі оның өмір
сүруінің негізгі күші, егер жүрек өзінің соғуын тоқтатса, онда адам
да өзінің тіршілігін, яғни өмір сүруін тоқтатады. Сонымен қатар әлем
тілдерінің барлығында жүрек концепті адамның рухани өмірінің
орталығы болып саналатын сезім мүшесі ретінде қызмет атқарады.
Жүрек адам бойындағы тек сезімді, эмоцияны ғана емес, адам
танымындағы әртүрлі іс-әрекеттерді: күлу, қуану, ренжу, қорқу,
сезу, сезіну, жылау, ойлану, бір нәрсеге өз еркімен шешім қабылдау,
махаббаттың оянуын, ар-намыстық сезімдерді т.с.с. реттеп отырады.
Жүрек адам өміріндегі физикалық және рухани дүниетанымының
негізгі көзі болып табылады.
Жүрек – адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық
органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға
қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде
қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде
қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң
жағында орналасады.
Діни тұрғыдан алғанда
–
жүрек
– иманның тұрағы, Алла Тағалаға се-
нім мекені. Ислам дінінде жүрек адамның өзегі, дәні болып саналады.
Жүректі көптеген ақын-жазушылар өз шығармаларында қатыстыр-
ған. Соның бірі, жүректі діни тұрғыдан түсіндірген Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлы. Ақынның шығармашылығы А.О. Кәріпжанованың
«Фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы» атты кан-
СӨЗ ТӨРКІНІ
67
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
дидаттық диссертациясында талданды. Автордың авторефератында
ақын қолданған «жүрек көзі» тіркесі талданады: «Қылады шүкір,
сабыр білген адам, Ашылып
жүрек көзі
, көрген адам деген тіркестегі
«Жүрек» сөзі – адамзат денесінің орталығы, оның өмірлік күшінің
негізі болатындығы жалпыға белгілі, егер жүрек өзінің соғуын
тоқтатса, онда адам да өз тіршілігін тоқтатады. «Жүрек» концептісі
адамның рухани өмірінің орталығы болып саналатын сезім мүшесі
ретінде қабылданып жүр. Мәшһүр Жүсіптің бұл жерде «
жүрек
»
деп отырғаны – адамның ішкі жан дүниесі. Осылайша ел-жұртын
үнемі адамгершілікке, имандылыққа шақырады. Ақынның айтуынша,
маңдайдағы екі көздің болуы жеткіліксіз. Адамда ең алдымен «жүрек
көзі» болуы керек. «Жүрек көзі» болса ғана адамда сабырлылық
болады, сонда ғана адамға имандылық ұялайды дегенді айтқысы
келеді», - деп келтіреді зерттеуші [1, 16].
Адам жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі қасиет жүректен
шығады. Жүрек қандай болса, адам да соның ыңғайымен қалыптасады.
Хадисте «Алла адамның түр әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның
жүрегіне қарайды» деп айтылған. Жүрек көкірек көзі заттың ішкі
мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт
алып қанағаттанады. Әлеммен тілдесетін жүрек шекара дегенді
білмейді. Шығыс философиясының көрнекті өкілі Әбу Мұхаммед
әл-Ғазали (1059-1111) жүрекке «әрі дене мүшесі, әрі жартылай рухани
мағына» деп анықтама берген. Жүрек адамның ең жоғарғы және
ең төменгі болмысын біріктіреді. Жүрек адам денесінің барлық
мүшелерімен байланысты рөлді және «мемлекет әміршісі» ретінде
оларға билік жүргізеді. Ислам философы Әбу Бәкір Мұхаммед ибн
әл-Араби (1165-1240) де жүректі «болмыстың бірлігі» туралы іліммен
байланыстырады. Оның көзқарасы бойынша, адам жүрегіне біртұтас
құдайлық сипат тән [2, 12].
Жүрек соматизмінің қызметі тек адам өмірінің эмоциялық
ортасының бейнесімен ғана шектеліп қоймайды. Жүрек сөзімен
байланысты жиналған материалдарды зерттеу негізіндегі мәліметтерде
адам өмірінің барлық рухани орталығының практикалық көрінісі
болып табылатынын дәлелдей түседі. Сондықтан «Батырлық, ерлік»
концептісінде «батыл, қайсар кісі» туралы айтылады.
Түркі тілдерінің қай-қайсысында да дене мүшелерінің атауларымен
жасалған фразеологизмдер аз емес. Оның ішінде қазақ тілінде де
соматикалық фразеологизмдер көптеп кездеседі. Соматикалық фра-
зеологизмдерді концептілерге бөлу нәтижесінде оларға ұйытқы бол-
ған соматизмдердің фразеологизм жасауға қатысу дәрежесі түрліше
екендігін байқадық. Бір ғана жүрек сөзі көптеген фразеологизмдерге
негіз болса, бірқатар дене мүшелерінде ондай белсенділік байқала
қоймайды. Мұндай айырмашылық дене мүшелері қызметінің адам
үшін белсенділігіне байланысты болса керек. «Конечно физиоло-
гически бесполезных частей тела нет, однако человечество в историй
СӨЗ ТӨРКІНІ
68
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
своего развития разделяет их на первостепенные и второстепенные.
Далее как показали наш анализ, названия наружных частей тела более
активны в образовании, чем внутренних» [3, 43].
Соматикалық фразеологизмдер тілімізде алуан түрлі концептілер
түзеді, яғни олар белгілі бір тілдік ортаның, этностың өкілі болып
табылатын индивидтің өзіндік тұрмыс-тіршілігіне сәйкес дүниені
танып, ол туралы білімді жинақтап, қорытып тіркеу құралы қызметін
атқарады.
Қорыта айтқанда, соматикалық фразеологизмдер қазақ тілінде
тек қана материалдық немесе рухани мәдениеттің нақты көріністерін
ғана танытушы бірліктер емес, сонымен бірге ұлттық болмысты,
дүниетанымды көрсететін таным бірліктері – концептілерді құраушы
тілдік бірліктер. Яғни соматизмдер дүниені танудың құралы, сол
танымды жинақтаушы таңба, сол жиналған ақпаратты реттеп,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін дайын білімнің кілті деуге болады.
Әдебиеттер
1. Кәріпжанова А. Фразеологиялық коннотацияның прагмасти-
листикасы // ф.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 2010. – 26 б.
2. Султангубиева А. Тіл бейнедегі жүрек концептінің көрінісі
(қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша) //ф.ғ.д. ... дисс. – Алматы,
2009. – 24 б.
3. Нұрдәулетова Б. Когнитивтік лингвистика. – Алматы: Асыл кітап,
2010. – 344 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
69
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Т
ілші ғалымдар «қайта құру» кезеңінен басталып, Ел тәуелсізді-
гіне ие болғалы, тіпті қанаттана түскен сөз қолданысы еркін-
дігіне, ақын-жазушылар және басқа да сала мамандарының «күнә-
ларын» жаба тоқып, негізінен жорналшыларды кінәлап келеді. Мұны
біз, жорналшылар, мойындаймыз. Расында да солай.
Сіресіп қалған сөз сеңін біз бұздық, қасат қарды күредік, іркіліп қал-
ған қызылсуға арна аршып, қоқыстың бәрін ағыздық. Жосылып тас-
қын жүріп өтті. Су тұнып келеді. Сабасына да түсе бастағандай. Салын-
ды жағалауға шөгуде. Ал кәнекей, тілші мамандар, ғалым мырзалар
мен ханымдар, енді бір саралап көріңіздерші, тіл әлемінде, қазақ тілі
құбылысында осы он-он бес жыл дәргейінде не болып, не қойғанын!
Қазақ тілі ғылымына керектінің бәрі бар. Өзге тіл ғылымдарынан
көшірмесіз, өз тіліміздің, ана тіліміздің сала-сала бойынша небір
тәжірибелері жасалды, өмірге орнығып, нақты нәтиже де беруде.
Сонымен, түйіліп, түйіншектеліп қалған тіл бауларының бәрі
шешілді. Әлбетте, бұл кебеженің ішінде керегі де бар, қажетсізі де
бар. Енді осыны тілші ғалымдар талдап, түсіндіріп, заңдастырса,
ережелерге түсірсе, тың тұжырымдарын жасаса, сөйтіп бірізділікке
келтірсе болды емес пе? Өзі жаратылыста әубаста тіл, яғни сөйлеу
Тіл тынысы – дыбыс
Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ
ҚР еңбек сіңірген мәдениет
Достарыңызбен бөлісу: |