Тіл және қОҒам альманах №1 (43) / 2016 Құрылтайшы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата17.01.2017
өлшемі2,57 Mb.
#2078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

36
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
сын біріктіре алмады. Керісінше, олар бірінің жазғанын екіншісі еркін оқып 
түсіне алмайтын дай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орны­
на, жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о баста көздеген түркілердің 
бас та рын біріктірмеу жоспары өз миссиясын толығымен орындап шықты» [5]. 
Түркі халықтары бәріне ыңғайлы жасалған ортақ жазу таңбасын жасауға, 
яғни қазір қолдануға бет алған латын әліпбиін ортақ жазу таңбасына айнал­
ды руға күш салуы тиіс, сонда ғана олар ғасырлар бойы қалыптасқан рухани 
тұ тастықты қайта жаңғырта алады. 
Әдебиеттер:
1.Жұбанов Қ.Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 2010. ­608 б.
2.Қаржаубай С. Орхон мұралары // Егемен Қазақстан. 18.10.2003 ж.
3.Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? –Алматы, 2010. 
4.Мырзахметұлы М. Тараз ой толғаныстары. –Түркістан, 2005.
5. Қайдаров Ә.Т. Латын әліпбиі ауызбірлікті күшейтеді // Егемен Қазақстан. 
14 ақпан 2013 ж.
6.Жүнісбек Ә. Көне түркі жазуының фонологиялық моделі жайында // Тіл 
және қоғам. –Астана, 2005. № 1. ­120­125 б.
7. Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. –Алматы, 1998.

37
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
АЛМАТ ПАНГЕРЕЕВ
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту
басқармасы  ономастикалық жұмыстар
және талдау бөлімінің басшысы
АТАУЛАР  ҚҰПИЯСЫ
немесе байырғы жер-су атауларының тарихы
Ономастика  мәселесі  туралы  сөз  қозғай  қалсақ  ойымызға  көше  атаула­
ры  мен  елді  мекендердің  аталуы  оралады.  Әрине,  тоталитарлық  кезеңде 
мәні мен мағынасы бұлыңғыр, қалай болса солай аталып кеткен көшелерді 
түп­тамырымен өзгерте салу оңай іс емес. Солай болса да өзіміздің ұлттық 
құндылығымызды  асыратын,  кейінгі  жастарға  патриоттық  тәрбие  беретін 
атаулар  болса  деп  армандайсың.  Осы  тұрғысында  мен  бірнеше  мақалалар 
жаздым. Ауыстыруға кедергі не? Ол атаулар беруге, қайта атауға қайта­қайта 
жарияланып отырған мораторий, тоқтамдар. Сондықтан мен осы мақаламда 
оған тоқталмаймын. Айтуындай­ақ айттым, жазуындай­ақ жаздым деп ой­
лаймын. Ақтөбе облысында өзге ұлт өкілдері көп шоғырланғандықтан атау­
лары  өзгеріп  кеткен  үш  ауданда  қысы,  жазы  іссапарда  болып,  сол  жария­
ланып жатқан мораторийлерге қарамастан 69 елді мекеннің тарихи атауын 
алуына тікелей  атсалыстым. Қазірде өздерінің байырғы тарихи атаулары­
нан айырылып қалған 167 елді мекеннің 20­сы ғана қалып отыр. Ол алдағы 
күннің еншісінде. Ономастика жалқы есімдерді зерттейтін ғылым болса, тек 
қана атау беру, қайта атаумен шұғылданатын ғылым десек жаңсақ ұғым бо­
лады. Жұрттың көкейінде жұтаң болып қалған да осы атаулардың жоқтығы. 
Сондықтан  да  олар  ономастиканы  көшеге  атау  берумен  ғана  шектелетін 
ғылым ретінде қарайды. Олай емес.
Атау  беруді  қоя  тұрып,  жалпы  ономастикалық  жер­су  атауларын 
саралайықшы.  Ұлттық  құндылығымыз  дегенде,  өзіміздің  тарихи  жер­
су  аттарына  терең  үңілсек  сырға  толы  атаулардың  не  бір  шұрайын  табар 
едік.  Бұрыннан  бары  емес,  көмбенің  астында  қалғандарын  айтам.  Әрісін 
айтпай­ақ қола дәуірдің мәдениет ескерткіштерінен бастасақ та жеткілікті. 
Ал ол кездегі ескерткіштер бүгінге дейін ел есінде, жұрт жадында. Алай­
да, ертеңгі ұрпақтың есінде қалар ма екен? Мұғалжардағы Бақтыбай тауы, 
Жеріңнің 
аты
еліңнің 
хаты

38
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Жеріңнің 
аты
еліңнің 
хаты
Шуылдақ,  реликті  тоғайлар  атауы,  өзен­көлдер  атауы  көшелерге,  елді  ме­
кендерге  сұранып  тұр.  Алдымен  кісі  есімдерімен аталатын  жер  атауларын 
қарастырайық. Әрине, кісі есімдері тегіннен тегін қойылмайды. Сол жерде 
тұрған,  өмір  сүрген  адамдар  ұлықталған  атаулар.  Мәселен,  Әйтеке  би  ау­
данында  Байжанкөл  деген  атау  бар.  Байжан  адам  аты.  Көлдің  жағасында 
отырған кісінің есімі берілген. Басықара атауы мемлекет қайраткері Темірбек 
Жүргеновтің есімімен белгілі. Дұрысын айтсақ, оның әкесі Қара деген кісінің 
мекені  болған.  Бопай  атауы  –  Тілеу  батырдың  әйелінің  жерленген  жеріне 
байланысты қойылған. Сәңкібай жазығы да батыр бабаның атына қойылса, 
Ноғайты,  Ебейті  атауларын  ру  атауларымен  байланыстырамыз.  Байғанин 
топонимі  осы  жерлердің  тумасы,  белгілі  ақын  Нұрпейіс  Байғаниннің 
тұлғасымен  байланысты  антропоним.  Осы  жерде  ру­тайпалық  атауларды 
айтпай өтуге болмайды. 
ӘЛІМҰЛЫ.  Қазақтардың  бұл  тайпалық  бірлестігі  туралы  мәліметтер 
VII­X  ғасырдың  дереккөздерінде  сақталған.    Әлімұлының  Шөмекей,  
Қаракесек,  Кете  руларына  жататындар  Батыс­Түркі  қағанатының  халқына 
кіргені туралы белгілі. Х ғасырда Әлімұлы Алтайдан Арал­Каспий өңіріне  
көшіп,  жергілікті    халықпен  араласқан.  Зерттеуші  ғалым  М.Тынышпаев 
Әлімұлының Ачинскі маңында тұрып жатқан Үлкен  және кіші Алшын рула­
рымен  мүмкін болған  байланысы туралы жорамал жасаған. Бұл мәліметтер 
Әлімұлы тайпасының көне тарихын меңзейді [7].  Әлімұлының ұрпақтары 
башқұрт,  татар және орта Азия халықтарының құрамына кіреді [8, с.40].
Бұл  тайпалық  бірлестіктің  қысқы  көштері  Жем  өзенінің  құйылысынан 
Арал  теңізінің  солтүстік­батыс  жағалауына  дейінгі  аумақтарды  қамтыған.  
Жазғы  көштері  Торғай,  Тобыл,  Ырғыз,  Қобда,  Елек  өзендері  бойы  және 
Мұғалжар таулары кеңістігінде орналасқан. 
Әлімұлынан  Есет,  Көтібар,  Құлбарақ,  Жанқожа,  Ақтан,  Алтай,  Арал 
батыр лар,  ақын Қарасақал ақсақал, Нұртуған жырау, Жетес шешен,  Әжібай 
би,  Сопақ,  Мырзағұл тараған.   
ӘЛІМҰЛЫ
Рулар
Ұраны
1
Шекті
Бақтыбай (Жанқожа)
2
Төртқара
Айыртай
3
Қаракесек
Ақпан
4
Қарасақал
Алдияр (Алдажар, Алдамжар)
5
Кете
Майлыбай

Ожырай
Майлыбай
6
Шөмекей
Дойт

39
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
БАЙҰЛЫ.  «Байұлы»  этнонимі  Түркі  қағанатының  жазбаша  дереккөз­
дерінде кездеседі. Орхон­Енисей жазбаларында олар  «байырқу», Тан им­
периясы  жыл на ма сында  «байегу»  деп  кездеседі  [10].  Байұлы  әуелі  Теле 
бір лес тігінің  құрамына  кіріп,  жаймен  түріктерімен  бірге  Орта  Азиядан 
ба тыс қа  қарай  жылжыған.  Сол  кездерде  байырқу­байегулерді  байауыт 
деп  атаған.  Белгілі  орта  ғасырдың  тарихшысы  және  мемлекет  қайраткері                                   
Рашид  ад­Дин  байауыттардың  монғолдар  ара сында  екіге  бөлінгендерінің, 
біреуі жадаат, екіншісі хэкерін байауыт деп ата лып кет кенін келтіреді [9]. 
Байырқу­байеғұлдардың  руларының  негізгі  бөлі гі  Қазақстанның  батыс 
бөлігіне  көшіп,  алшын  бірлестігінің  құрамына  кір ген.  Қазақ  хандығының 
күшейген уақытында алшын, алтыауыл рулары–жем но ғайлыларының бас­
ты өкілдерінің бірі ­ тама руымен бірге   сол мемлекеттің құрамына кірген.
Байұлының  негізгі  көш  орындары  Жем,  Жайық  өзендерінің  арасын­
да,  Үстірт те,  Каспий  теңізінің  Солтүстік­шығыс  жағалауында  орналасқан. 
Бай ұлы ның бір бөлігі қыста Үлкен және Кіші Борсық құмдарына, ал жазда 
Торғай және Тобыл даласына  көшетін болған.   
Рулар
Ұраны
1
Шеркеш
Шағырай
2
Есентемір
Алдоңғар
3
Таз
Бақай
4
Ысық
Байтерек
5
Беріш
Ағатай
6
Адай
Бекет
7
Байбақты
Дайқара
8
Масқар
Каратай
9
Тама
Жиембет
10
Алаша
Байбарақ
11
Қызылқұрт
Жиембай, Жайым
12
Жаппас
Баймұрат
13
Алтын
Баймұрат
ЖЕТІРУ. «Жеті» саны XI­XIII ғасырда  басқа орта ғасыр этностарының  
этнонимдерінде   жиі  аталынған. Ауызекі аңыздарға  сәйкес  Жетіру  тайпасы 
бір әскери қолбасшының жеті баласынан тараған екен.  Қазақтардың  басқа 
генеоло гиялық аңыздары  Жетіру тайпасын  Тәуке ханның (1680­1718)  за­
манымен  байланыстырады.  Ол кезде Кіші  Жүздің  жалпы жиынтық атауы 
«Алшын»  этнонимі  болған.    XVII  ғасырдың  екінші  жартысында  Тәуке  хан 
Жеріңнің 
аты
еліңнің 
хаты

40
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Орта жүздің 7 руын бірікті ріп, оларға «Жетіру», яғни «жеті рудан тұратын» 
деп  атау  берген.  Бұл  факті  орыс  өкілі  А.Тевкелевтің  мәліметтерінде  өзінің 
растығын тапты[8, с.202].
Жетіруға  кіретін  рулардың  атауы  көптеген  түркітілдес  халықтардың 
арасында  да  кездеседі,  осындай  этноним  башқұрт,    өзбек,  түркімен,  
қырғыздардың ру­тайпалық атауларының құрамында  кездеседі.     
Рулар
Ұраны
1
Тама
Қарабура
2
Табын
Тостаған, Серке, Алаш

Тарақты табын

Шөмішті табын
Барақ

Тартуыл (көсекти) табын
3
Кердері
Қожахмет
4
Керейіт
Аксақал
5
Жағалбайлы
Манатау
6
Рамадан
Дулат
7
Телеу (Тидеу)
Тұлпар, Арғымақ
 XVII ғасырдың басында   сыртқы­саяси жағдайлардың бірқатары Кіші 
Жүздің саяси элитасының бөлігін Ресей мемлекетінен қолдау іздеуге мәжбүр­
леген. 1731 жылдың ақпанында патшаханым Анна Иоанновна А.Тевкелевті 
қазақтардан ант алуға жіберді. Кіші Жүздің Ресей империясына кіруі ақы­
рын да 1732 жылы Петербургте жүзеге асты. Патша билігінің әрекеттері Кіші 
Жүз  халқының  басым  бөлігінің  наразылығын  тудырып,  олар  бірнеше  рет 
әскери тойтарыс берген. Ең алғашқы қазақтардың қақтығысы Табын, Беріш, 
Жағалбайлы руларының Е. Пугачевтің басшылығымен 1773­1775  жылдары  
теке­тіресте орын алған.  
1771  жылы    Еділ  қалмақтары  Қазақстан  аумағынан  Жоңғар  еліне    кө­
шіп  өту  («Топырақ  жорығын»)  әрекетін    жасаған.  Мұғалжар  бөктерінде             
Абылай және Нұралы хандарының қол астына жиналған қазақ әскері және 
қал мақ тармен алғашқы шайқас болған.  
Қазақстанның  өндірісін  дамыту  үшін  1901–1906  жылдары  салынған 
Орынбор–Ташкент  теміржолының  үлкен  рөлі    болған.  1905  жылы  Елек 
өзенінің жоғарғы ағысында Қандыағаш теміржол стансасы салынған, содан 
кейін Жем өзенінің ағысы бойымен осы аттас тағы бір теміржол стансасы  
салынған. Кейіннен олар пойыздарды қабылдау мен жолдау жөніндегі ала­
ман жұмыс жүргізілетін, вагондарды сорттайтын, жүк тиейтін және түсіретін 
Жеріңнің 
аты
еліңнің 
хаты

41
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
арнайы құрылғылары бар,  вагондарды құрастыратын   ірі теміржол торабы­
на айналды.  
Қазан  революциясы  қарсаңында,  1916  жылы  Батыс  Қазақстанда  қазақ 
халқы ның  ұлт­азаттық  қозғалысы  басталды.  Колонияға  қарсы    көтеріліс 
II Николай императордың Орта Азия және Қазақстанның халықтарын тыл 
жұмыстары  мен  май данға  шақыру  жөніндегі  әділетсіз  жарлығына  қарсы 
болды.  1916  жылдың  ма мы рында  көтеріліс  бүгінгі  Ақтөбе  облысының 
аумағын алып кетті. Әскери отрядпен қарсыласта Мұғалжар ауданы бұрын 
құрамында  болған  Темір  ауданының  көтерілісшілерін  бастаған  Әкімбай 
(Қартқожа)  қаза тапты [8, с.132].
Белгілі бір оқиғаларға байланысты қойылған атаулар да кездеседі. Мыса­
лы, «Лаққырған» атауы сайда тасыған судан қырылып қалған малға байла­
нысты болса, «Мақтаөткел» атауы Жібек жолының бойындағы мақта алып 
өткен тайыз суға байланыстырыла аталған жер. Осындай атаулар көп.
Қазақ жері тек қана жер асты байлығы емес, жер үсті байлығынан да кен­
де емес. Өсімдік әлемін алайықшы. Байғанин ауданында жүзгін деген өсімдік 
бар. Осы атауды естімеген құлаққа таңсық болары мүмкін. Ол қызыл кітапқа 
енгізілген.  Таран  тұқымдастығына  жатады.  Қолтық  бүршікті  гүлдері  бар. 
Сарсазан  өсімдігі  де  біздің  облыстың  оңтүстік  аудандарында  кездеседі.  Бір 
қызығы бұл өсімдік ащыны жақсы көреді, сортаңда өседі. Қос масақты қылша 
өсімдігінің пайдасы мол. Безгек, аллергия, қышыма,өкпе демікпесі, т.б ауру­
ларды емдейтін өсімдік.
Жануарлар әлеміне келетін болсақ, олардың атауы да сан алуан. Біздің жер­
де сайғақ барын еңбектеген бала да білер, бірақ, манул мысығын көргендер 
шамалы шығар. Салмағы 5 кг.дейін тартатын манулдар дала мысығы болып 
табылады. Олардың жүні қалың, мамығы жұмсақ болып келеді. Оның қорегі 
тышқан тұқымдастар. Ал, айдаһар атауын тек ертегілерден білеміз десек, қа­
те лесеміз. Облыстың үстірт платосында дала аждаһалары кездеседі. Әрине 
олар ды тым үлкен дей алмаймыз, десек те аты солай аталады. Кесіртке бо­
лып кішірейіп кеткендері қаншама. Атаулар туралы, әсіресе, тарихи атаулар­
ды сөз етсек, өзге ұлт өкілдері «Дмитриевка» ауылының атауын да тарих деп 
шы ға келеді. Әрине тарих, қарсылық жоқ. Бірақ, бұрынғы тарихты өшіріп, 
1917  жылғы  тарихты  ғана  аламыз  ба  сонда.  Ол  дұрыс  болмай  шығады. 
Ол  байырғы  тарихқа  қиянат.  Осы  ретте  біздің  ғалымдар  Байғанин  ауданы            
бойынша зерттеген кітаптан үзінді келтіре кеткен жөн: 
«Бүгінгі  Байғанин  ауданы  аумағының  Қазақстанның  Арал­Каспий 
өңірінің дамуымен байланысты ежелгі тарихы бар. Бұл жерлерде көптеген 
скиф­сақ көш пенділерінің әйгілі дәуірі, қазақ халқының көп ғасырлы шығу 
тегі,  XVIII­XIX  ғасырларындағы  азаттық  қозғалыстары,  Азаматтық  соғыс 
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты

42
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
хикаялары, кеңес кезеңі және егеменді Қазақстанның дамуын бейнелейтін 
жағдайлар өткен. 
Байғанин  ауданының  және  оған  шекаралас  аумақтарда    адамның  өмір 
сүруінің  археологиялық  дәлелдемелері  неолит  дәуіріне  (V  мың.  –  б.ғ.  II 
мың.) жатады. Б.ғ. 1 мың жылдығында бүгінгі Ақтөбе облысының жерлері, 
оның ішінде оңтүс тік аудандар массагеттердің мекендеріне қарасты болған. 
Геродоттың  айтуынша  бұл  Каспий  теңізінің  шығысына  қарай  орналасқан 
сақ  одағы  руларының  тар мақ тарының  бірі.  Көне  авторлар  оларды  азиат 
скифтері деп атаған. Бүгінгі тарих шылардың пікірі бойынша, массагеттердің 
рулық бірлестіктері қазақ рулары мен Кіші жүз руларының  бұдан бұрынғы 
аталары[1,  2].  Геродоттың  айтуынша  Парсы  империясының  әскерлері 
массагеттердің жерлерінде қатты қарсыластыққа ұшырап, сол жерлерді ием­
дене алмаған[3].
Арал­Каспий теңіздерінің аралығында орналасқан кейінгі көшпенділердің 
белгілі қорғандардың басым бөлігі дара немесе 1­2 қорғаннан тұратын шағын 
топтар болып табылады. Б.ғ. дейінгі VI–V ғғ. бұл жерлерде сармат мәдениеті 
дамы ған,  оған  номадтардың  өткен  жарқын  дәуірі  туралы  баяндайтын  түрлі 
архео логиялық  олжалар  дәлел  [4].  Байғанин  ауданының  Қаражар,  Миялы, 
Оймауыт, Дияр ауылдарының маңында көне темір дәуірінің (б.ғ.VIII­III ғғ) 8 
қорғаны мен қорымдары табылды. Археологиялық материалдар бұл аумақтағы 
тарихи­мә дени процестерінің өту күрделілігін дәлелдейді. Олар осы жерлерді 
мекендеген  тай палардың  бұл  өңірдің  ерекшелігін  айқындайтын  мәдени­
климаттық фактор ларға бейімделуінің жоғары деңгейін аңғартады».  
Көріп отырсыздар, елдің тарихы кеше пайда болған жоқ. Сондықтан атау­
лар құпиясын ашып, тұрғындарға түсіндіру үшін зерттеулер жүргізу керек­ақ.

43
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ӘСЕТ АМАНЖОЛОВ
    Қарағанды облысы  тілдерді дамыту жөніндегі                                                                                                                                        
    басқармасы ономастика, сараптама және                                                                                
    қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің басшысы
Жер-су, елді мекендерге кісі есімін беру 
мәселелері
Қазақ халқы ежелден ел мен жер атауларына ерекше мән беріп келген. Ата­
бабаларымыз өзінің өмір сүрген аймағының әрбір тасы мен өзен­көлдерін, 
ой­шұңқырын жете меңгерген. Және олардың барлығына дербес атаулар бер­
ген. Біз ұлан­ғайыр даламыздағы есте жоқ ескі замандардан бері келе жатқан 
тарихи  атауларды  зерделеп,  зерттеу  арқылы  көптеген  өскелең  ұрпақ  үшін 
маңызы мен мәні зор тың ақпараттар мен құпияларға көз жеткізе аламыз. Тіл 
білімінде  кенже қалған ономастика ғылымының, оның ішінде топонимика 
саласының басты маңыздылығы да осында жатса керек.
Халқымыз өзен­көл мен тау­тастарға және өзі тұрып жатқан жерлерге атау 
бергенде оның түр­түсі, көлемі, құндылығы және тарихи ерекшелігі секілді 
негізгі сипатына баса мән берген. Оған мысал ретінде Сарыарқа, Көкшетау, 
Алтай(алтынды), Алатау, Қаратау, Оқжетпес, Көкше теңіз секілді атауларды 
келтіруге  болады.  Сондай  ақ,  діни  наным­сенімдерге,  жан­жануар,  аң­құс, 
өсімдіктер мен тұрмыс­тіршілік, салт­санаға қатысты атаулар жеткілікті. Де­
генмен,  ежелден  келе  жатқан  Балқаш,  Ботақара, Шешенқара, Нияз  секілді 
кісі есімдері қойылған атауларды да көп кездестіреміз. Облысымызда ресми 
түрде тіркелген 537 елді мекен атауы бар. Оның 101­і (18,8%) кісі есімімен 
аталады.  Сондай­ақ,  кісі  есімі  қойылған  өзен­көл,  тау­тас,  қырат­белдер 
қаншама.
Сарыарқа жазығында кездесетін кісі есімдері қойылған жер­су атауларын 
саралай келе төмендегідей жіктеуге болады.
І. Ел алдында абыройы ерен атақты тұлғаларға арналған атаулар:
1. Хан, батырлар: 
Едіге (тау. Ұлытау ауданы), Нияз (тау. Осакаров ауда­
ны), 
Барақ (көл. Ұлытау ауданы), Ағыбай (е.м. Шет ауданы), Деріпсалы 
(е.м. Шет ауданы), 
Жидебай (е.м. Ақтоғай ауданы), Жарылғап батыр (е.м. 
Шет ауданы),  
Аманкелді (е.м. Ұлытау ауданы) т.б.
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты

44
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
2. Ақын-жазушылар: Бұқар жырау (аудан аты), Абай (е.м. Абай, Ақтоғай, 
Қарқаралы аудандары), 
Жамбыл (е.м. Қарқаралы, Шет аудандары.) Сәкен 
(е.м.  Жаңаарқа,  Шет  аудандарында), 
Мұхтар  (е.м.  Шет  ауданы),  Қасым 
Аманжолов (е.м. Қарқаралы ауданы), Ғабиден Мұстафин (е.м. Бұқар жы­
рау ауданы) т.б.
3. Ғалымдар: 
Қаныш Сәтпаев (е.м. Сәтпаев қаласы), Кәрім Мыңбаев 
(е.м. Нұра ауданы), 
Нығмет Нұрмақов (е.м. Қарқаралы ауданы) т.б.
4. Кеңес Одағының батырлары: 
Мартбек Мамыраев, Нүркен Әбдіров, 
Тоқтар Әубәкіров (е.м. Қарқаралы, Ақтоғай аудандары.) т.б.
5.  Әнші-жыршы,  айтыскер,  сал-серілер: 
Тәттімбет,  Мәди  (е.м. 
Қарқаралы ауданы), 
Доскей (е.м. Бұқар жырау ауданы), Нармамбет, Шашу-
бай (е.м. Ақтоғай ауданы) т.б.
6. Еңбек, қоғам қайраткерлері: 
Әлихан (е.м. Шет ауданы), Угар Жәнібеков 
(е.м. Қарқаралы ауданы), 
М.Жұмажанов, Ш.Ералиев (е.м. Жаңаарқа ауданы) 
т.б.
7.  Би-болыстар: 
Ақтайлақ  би,  Байдалы  би  (е.м.  Жаңаарқа  ауданы), 
Қазыбек би (е.м. Қарағанды қаласы), Шабанбай би, Қараменде би, Шашу-
бай би (е.м. Ақтоғай ауданы) т.б.
8. Әулие, көріпкел, бақсы-балгерлер: 
Қылыш, Балабақсы (е.м. Жаңаарқа 
ауданы), 
Беғазы  (е.м.  Ақтоғай  ауданы),  Бектау  (тау.  Шет  ауданы),  Ахмет 
(е.м. Осакаров ауданы) т.б.
ІІ.  Елдің  есінде  қалар  ерекше  оқиғаларға  себепкер  тұлғалар.  (Жау 
сарбазын жек  пе-жекте жеңу, ғашықтардың мерт болуы т.б) 
Ботақара, 
Қоян қара,  Шешенқара  (тау,  е.м.  Бұқар  жырау  ауданы),  Едірей,  Мыржық 
(тау.  Қарқаралы  ауданы), 
Балқаш  (көл,  е.м.Балқаш  қаласы),  Толағай  (тау. 
Жаңаарқа ауданы), 
Маңақа (өзен, е.м. Жаңаарқа, Шет аудандары), Гүлшат 
(тау, е.м. Ақтоғай ауданы), 
Орынбай (е.м. Жаңаарқа ауданы.) Бұл жерде Едірей, 
Мыржық, Қоянқара атаулары қазақ батырлары қолынан қаза тапқан қалмақ 
батырларының есімдеріне байланысты қойылса, Шешенқара (Қалмақ қызы), 
Балқаш,  Маңақа  атауларының  қалуы  аңыздар  желісі  ғашықтық  оқиғалары 
себепкер болған. Ал Гүлшат есімі қазыналы тауға жол бастап барған қызға 
ризашылығын  білдірген  ағылшындардың  оның  құрметіне  қойған  атауы. 
Орынбай аңыз бойынша ерте кезеңде ықпалды бір әулеттің аттан құлап оқыста 
қайтыс болған жас жігітінің есіміне байланысты қойылған атау.
ІІІ. Қазақ тарихына қатысы жоқ тұлғалардың есімі. Бұлар негізінен 
орыс  патшалығы  мен  Кеңестік  кезеңде  отаршылдық  мазмұндағы  атаулар. 
Бұл атау лардың өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
1.  Романовтар  әулеті  мүшелерінің,  князь,  ханзада,  ханшайым,  Ре сей 
империясына қызмет еткен, отарлау саясатын жүзеге асыруға ат са лыс-
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты

45
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
қан орыс генералдары, генерал-губернаторларының есімдері, фамилияла-
ры негізінде қойылған атаулар:
 Николаев (е.м. Осакаров ауданы), Иванов-
ка (е.м. Нұра ауданы), Петровка (е.м.Бұқар жырау ауданы) т.б 
2.  Қазақ  жеріне  көшіп  келген  қоныстанушы  орыс  мұжықтары  мен 
атаман да рының  фамилия,  есімдерінен  қойылған  атаулар: 
Осакаров 
(е.м. Осакаров ауданы. Бұл атаудың қойылуының басқа да нұсқалары бар­
авт), 
Корнеевка  (е.м.  Қазіргі  Керней.  Бұқар  жырау  ауданы.),  Ульяновка 
(е.м. Қазіргі Ботақара. Бұқар жырау ауданы.) т.б
3. Бұрынғы Ресей жеріндегі өз қоныстарының атын қою. Олардың ара­
сында да кісі есімдері көп кездеседі: 
Ростовка (е.м. Бұқар жырау ауданы.), 
Киевка (е.м. Нұра ауданы) т.б
4. Орыс мәдениеті өкілдері: 
Крестовский (е.м. Сәтпаев қаласы.) т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет