19
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
па лылықты бұдан былайғы уақытта тереңдете берудің еш мәні жоқ. Біздің
ойымызша, туыстас тілдерде қалыптасып қалған кірме терминдердің бала
масын түрліше құбылта бергеннен гөрі, түркінің өз топырағында жасалған
төл терминдердің ұқсастығын, ортақтығын салыстыру, оның нәтижелерін
жаңа ұғымдардың жасалуында пайдалану әлдеқайда тиімді.
Сонымен, бұл тақырыпшада айтылған жайттарды қорытындылай келе,
түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасауға немесе терминдер
қалыптастыруда түркі тілдерінің сөздік қорын пайдалануда негіз болатын
мына мәселелерге назар аударғымыз келеді:
түбір ортақтығы – түркі тілдері терминдер жүйесін түзудің табиғи
көзі.
туыстас тілдердің термин жасау үлгілерін игеруді дағдылы ісәрекетке
айналдыру. Бұған дейін қазақ пен түрік тілдері арасында сөз алмасудың
болғаны белгілі (учақ//ұшақ, хаваалаң//әуежай т.т.).
академик Ә.Қайдаров айтқандай: “Түркі дүниесінің басын қосып,
тұтастығын қалпына келтірудің үлкен бір шарасы – бір әліпбиге негізделген
ортақ түркі жазуын қалыптастыру” [10]. Бұл жерде әңгіме бірыңғай латын
алфавиті жөнінде болып отыр.
Зерттеуші Ш.Құрманбайұлы “Әлем халықтарының тәжірибесінде туыстас
тілдер арасында сөз алмасу, ортақ терминологиялық қор құру тәжірибесі бар”
екенін айта келе, практикалық бағыттағы төмендегідей түйінді мәселелерге
назар аударады:
1. Түркі халықтарының ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығай ту
не гі зінде туыстас халықтардың ортақ терминологиялық қорын құру мәселе сін
ақылдасу бағытында түркі тілдес мемлекеттердің тілшітерми но лог ғалымда
рының басын қоса отырып, халықаралық ғылыми конференция өткізу.
2. Түркі тілдес мемлекеттердің ғалымдарынан тұратын, өзара терминалмасу
мәселесін шешумен айналысатын, терминологиялық жұмыс тарды халықаралық
деңгейде үйлестіріп отыратын ғылымиүйлестіру орталығын құру.
3. Түркі тілдес халықтардың терминологиялық лексикалық қорының ор
тақ тық деңгейін, өзіндік ерекшеліктерін анықтау мақсатында ғылымизерт
теу жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Өзара терминалмасу тәжірибесін жетілдіру мақсатында екі тілді (қазақ
шатүрікше, түрікшеқазақша) немесе көптілді (қазақшатүрікшеөзбекше,
түрікшеөзбекшеқазақша) терминологиялық сөздіктер шығару мәселесін
қолға алу.
5. Әлемдегі терминология саласында болып жатқан жаңалықтардан ха
бардар болу, өзара терминалмасу процесін жақсарту мақсатында екі айда
бір рет шығатын халықаралық ғылыми журнал немесе түркі терминология
мәселелеріне арналған арнайы басылым шығару [11, 32].
Терминдер әл
емі
20
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Қорыта айтқанда, түркі тілдес мамандардың барлығы түсінетіндей ортақ
терминология жүйесін қалыптастыру – түркі ғылыми әлемінің бірбірімен
тығыз қарымқатынасына жақындататын бірденбір жол.
Әдебиеттер:
1. Құрманбайұлы Ш. Түркі тілдері арасындағы термин алмасуды үйлестіру
тура лы // Терминологиялық Хабаршы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бюллетені. 2004. №1
(7), 2832 беттер.
2. Қайдаров Ә. Қазақ тілі терминологиясына жаңаша көзқарас // ҚР ҰҒА
Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1993, №1.
3. Материалдар негізінен мына сөздіктен алынды: Turk dunyasi gramer
terimleri kilavuzu. Ankara. 1997. 446 бет.
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы. 1991. 384 бет.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы. 1994.
6. Филюшина В. Современное состояние лингвистической терминологии
туркменского языка // Известия АН ТССР. Серия общественных наук. 1973.
№2. 4146 беттер.
7. Орузбаева Б.О. Лингвистикалық терминдерин орусчакыргызча сзддү
гүү (доолбоор). Фрунзе. 1963.
8. Исхакова Х.Ф. Структуры терминологических систем. Тюркские языки.
М., 1987. 128 бет.
9. Бекжанүбрі О. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеушенің зерттелуі // ҚР ҰҒА
Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1994. №6.
10. Қайдаров Ә. Ортақ тіл жасау ма, әлде ортақ тіл табысу ма? // Ана тілі.
1998, 22қаңтар.
11. Құрманбайұлы Ш. Түркі тілдері арасындағы терминалмасуды үйлестіру
туралы // Терминологиялық Хабаршы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бюллетені. 2004. №1
(7), 2832 беттер.
21
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
МҰРАТ САБЫР
Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық
университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Орта түркі жазба мұраларының
қазақ тілімен тілдік-мәдени сабақтастығы
Түркітануда бірінші кезекте тіл тарихы сөз етілсе, ол сөз жоқ ұлт тарихы
мен өзектес өріледі. Түркітану ғылымындағы тарихилық болмыс түркі ха
лық тарының тарихына үңілу ғана емес, бүгінгі түркі халықтарының мә де
ни, рухани байлығының түптөркінін тіл деректері арқылы зерделеу болып
табылады. Жаңа ғасырда түркітануда тіл білімімен қатар этноло гия лық жә
не мә де ниеттанымдық бағытта зертеулер жүргізу міндеті тұр. Түр кі та ну ға
осын дай қоғамдық, этностық, мәдени мән беруіміз бүгінгі күннің та ла бы.
Тарихи тұр ғыдан қарастырсақ, тіл тарихы ол – этностар та ри хы, мәде ниет
тер тарихы, мемлекет пен мемлекетаралық, халық пен халықаралық байла
ныс тардың тарихы. Тіл арқылы тайпалар бір орталыққа бірігіп, тұтас ұлт
ре тінде қалыптасты, ел болды. Ел болу идеясы байырғы түркілік заманнан
бастау алған. Ел болған жерде оның тілі, тіл арқылы өрілген дүние та ны
мы, мәдениеті, салтдәстүрі қалып тасып, ғасырданғасырға ұла сып жа та
ты ны белгілі. Түркі әлемінің бір дара бұ та ғы қазақ ұлтының тілдікмә де ни
деректерін, тарихи тағылымын тек ауыз әдебиетінен ғана емес, жазба мұра
лар тілінен іздеу нәтижелі, игілікті іс болмақ.
Түркітану ғылымында ХХV ғасыр аралығын орта түркі дәуірі деп белгілеу
қалыптасқан. Бұл кезең тарихи дүбірлі оқиғаларға толы. Қарахандықтар ке
зеңі, мон ғолдар дәуірі, ДештіҚыпшақтың дәуірлеуі, Алтын Орданың өр
кен деуі сияқ ты қилы конфедерациялар мен мемлекеттердің орнауымен
ерекшеленеді. ХІІІХV ғасырда поляк ғалымы А.Зайончковскийдің ай
туын ша «біртұтас түр кі әдеби немесе жазба тілі» қалыптасты [1]. Ал қа
зақ ғалымдары ХІІІХV ғасырлардағы мұралар тілі «орта түркілік жазба
әде би тілінде» жазылды деп жориды. Белгілі кеңес түркітанушы Э.Наджип
Ал тын Орда дәуірі жазба ескерткіштері оғызқыпшақ, қыпшақоғыз аралас
тілдерінде жазылды деп тұжырымдады[2]. Дегенмен, осы орта түркі дә
Түбі бір түркі тілі
22
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
уірінде күллі түркі тайпалары бір ортақ тілде сөйлегені айқын. Ал жазба
мұ ра лардың жазы луы аймағына қарай бірінде оғыз элементтері басым бол
са, енді бірінде қыпшақ элементтері басым болған. Ұланғайыр ДештіҚып
шақ та қыпшақ тайпаларының саяси гегомондық рөлінің басым болғанына
сү йенсек, қыпшақ тілі сөзсіз алдыңғы қатарға шығады. Орта түркі жазба мұра
ла рын да көне қыпшақ тілінің ізі сайрап жатыр. Бұл көне тіл бүгінгі қып шақ
тілдерінің тарихи көзі екені даусыз. Кеңестік түркітануда орта түркі жазба
ескерт кіштері біршама зерттелді. Соңғы Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде рухани
құндылықтарымызды зерделеуде Мәдени мұра бағдарламасы аясында елімізде
бір шама шаруалар атқарылды. Дейтұрғанмен, орта түркі жазба мұраларын,
оның ішін де ХІІІХІV ғасырлардағы Алтын Орда дәуірі жазба ескерткіштерін
бү гінгі түркі тілде рімен тілдікмәдени сабақтастық деңгейін зерттеу әлі де
кем шін жатыр.
Лингвомәденитанымдық тұрғыдан алғанда, тіл тек қарымқатынас және
таным дық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондайақ ұғымтілмәдениет
жиынтығынан құра латын, халықтық жаратылыстан тұратын ұлттық мәдени
код, қор, мәдени ақпарат көзі. Жазба мұралар тіліндегі бүгінгі тіл деректерімен
сабақтас, мағыналас тұрақты тіркес тер мен мақалмәтелдер ғасырлар бойы
қалыптасқан дүниетаным жүйесінен, ұлттық мәдениеттен ақпарат береді.
Орта түркі дәуірі жазба мұраларын шартты түрде үш түрге бөлуге бола
ды: 1.Әдеби шығармалар, 2. Діни әдебиеттер, 3. Ғылыми әдебиеттер және
түркі тілдерінің сөздіктері мен грамматикалық еңбектер.
Жазба мұралардың ішінде әдеби шығармалардың маңызы зор. Жазба әде би
ес керт кіштерді қазақ әдеби тілінің бір қайнар көзі деп тани отырып, ұлттық
мәде ни таным түсінігіміздің көрінісі ретінде лексикасын, фразеологиясын,
паре мио логиялық қорын зерделеу маңызды іс. Мақалмәтелдер (әрі қарай
ММ) мен фразеологизмдердің бойынан ұлт тарихына, төл мәдениетімізге,
та нымымыз бен талғамымызға, мінезіміз бен санамызға, дәстүр мен даналы
ғымызға сай тұ тас тықты сақтаған тілдік құбылысты аңғарамыз. Орта түркі
дәуірінің бір топ мұ раларын Алтын Орда дәуірінің жазба ескерткіштері деп
даралап қарастырсақ, құн ды мұраларға тап боламыз.
Соның бірі – Құтып ақын жырлаған
«Хұсрау мен Шырын» ескерткіші.
Низамидың парсы тілінде жазған осы аттас поэмасының еркін аудармасы.
Түп нұсқасы 13411342 жылдары, Тыныбек шаһзаданың тұсында жазылған.
Поэ маның біздің заманымызға келіп жеткен бірақ көшірмесі бар. Бұл кө
шір ме Па риж дің ұлттық кітапханасында сақтаулы. Көшірмені алғашқы
зерттеушілердің бірі А.Н.Самойлович оны Алтын Орда мемлекетінің ең көне
ескерткіші деп бағалады. 1970 жылдардың басында Э.Н.Наджип аталмыш
ескерткішті зерттеуді қолға алып грамматикалық очерктер жазады. «Хұсрау
мен Шырын» поэмасы лексикасының түркі қабатын негізге ала отырып
жазған тарихисалыстырмалы сөздігінің бірінші томын жариялады.
Түбі бір түркі тілі
23
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Алтын Орда әдебиетінің ХIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі –
Сайф Са райи. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде
түр кі тектес халықтар әдебиетінің дамуына едәуір үлес қосқан қаламгер.
Бел гілі түріктанушы Э.Н.Наджип ақын өз шығармаларын қыпшақ тілінде
жазғанын айта келіп, әрі оның қазақ халқының негізін құраған ру тайпала
рынан шыққанын ерекше атап көрсетеді. С.Сарайидың бізге жеткен жалғыз
көлемді еңбегі бар. Ол
«Гүлстан бит-түрки» деп аталады. Ақын бұл еңбегін
Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында
жазып бітірген. Бұл өзі парсытәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидың
«Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы. Сағди Ширази бұл шығар
масын 1258 жылы жазған. Ал Сайф Сарайи оны 1391 жылы Алтын Орданы
Өз бек хан билеп тұрған тұсында түрікше тәржімалаған, жолмажол аударуды
мақ сат етпеген. Поэманың өн бойына қып шақ еліне тән эпизодтар мен жыр
жолдарын қосып отырған.
Алтын Орда дәуірінде ХІV ғасырда дүниеге келген құнды жәдігерліктің
бірі Хорезмидің
«Мұхаббат наме» поэмасы. Ол 1353 жылы Сыр бойында
жазыл ған. Хорезми автордың лақап аты. Ақ Орданың ірі әмірлерінің бірі
Мұхаммед Хожа бектің сарайында қызмет етіп, өз шығармасын соған ар
нап жазған. «Мұхаббат наменің» біздің дәуірімізге араб жазумен және ұйғыр
жа зуымен жазылған екі нұсқасы жетті. Екеуінің де түпнұсқасы Лондонның
Бри тан музейінде сақ таулы. Сонымен қатар 1971 жылы Ыстамбұлдың Ұлт
тық кітапханасынан араб нұсқасының екі көшірмесі табылады. Белгілі тү
рік танушы А.Н Самойлович поэманың араб нұсқасын 1928 жылы басқа да
ес керткіштермен қоса зерттеді. Осы араб нұсқасын ұзақ жылдар бойы тү
бегейлі зерттеп, жариялауда белгілі түріктанушы ғалым Э. Наджиптің ең
бегі ерекше атауға лайық. Ол араб нұсқасын орыс тіліне ауда рып, фак си ми
ле сімен, оқылуы мен глоссариін, түсініктемесімен және ұйғыр нұсқасымен
салыстырып басып шығарады.
Орта түркі дәуіріндегі құнды жәдігерліктің біріМахмуд бин Али ас
Сараидың
“Нахдж әл-Фарадис” шығармасы. Біздің дәуірімізге бұл ес
керт кіштің бірнеше көшір месі жеткен. Ең көне көшірмелері Ыстамбұлда
жә не Қырымда сақталған. Бас қа да кө шір мелері Татарстанда кезде седі. Ірі
прозалық шығарманың мазмұны төрт тараудан тұрады: бірінші тарауда Мұ
хаммед Пайғамбардың өмірі мен қыз меті суреттеледі, екінші тарауда Ху
лафай Рашиддиннің, Али мен Фатиманың жә не төрт имамның өмі рі мен
қызметі сипатталған, үшінші тарауда адамдардың игі істері, ал төртінші та
рау да адамдардың зұлымдық істері кеңінен әңгімеленеді. Бұл шығарма Хо
резмидің “Мұхаббатнамесінен” үш жылдан кейін, 1358 жылы жа зылған.
Ес керт кіш туралы ең бірінші 1885 жылы татар ғалымы Шихаб аддин Мар
джани хабарлаған болатын. Оның қолында “Нахдж әлФарадистің” ең көне
Түбі бір түркі тілі
24
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
кө шірмесі болыпты. Өкінішке қарай, қазіргі таңда бұл көшірме ізтүссіз жо
ғалған. 1930 жылы Ялта шығыс музейінің ғы лыми қызметкері Якуб Кемаль
1928 жылы табылған Қырым көшірмесінен үзінді жариялады. Ялта көшірмесі
549 беттен тұрады. Әр бетте 13 жол бар. Орта ғасырларда кө не Қырымдағы
Салхат қаласы ірі мәдени орталық болатын. Я.Кемалдың пікірінше Қы рым
варианты осы қалада көшірілген. Қолжазба негізінен қырық бөлімге бө
лінген, төрт тараудан тұрады. Қырым көшірмесінде бастапқы екі тарауы
ғана болатын. 1928 жылы Зәки Уәлиди Тоған Стамбулдағы Яниджами кітап
ха насынан бұл шығарманың көне леу көшірмесін тауып алды. Зәки Уалиди
Тоған Стамбул көшірмесін жанжақ ты зерттеп, бұл шығарма Хорезмде жа
зылған деп қорытынды жасады. Атал мыш жазба ескерткіштерді зерттеуде
қазақ ғалымдары Б.Сағындықұлы, А.Ибатов, Ә.Керімовтер үлкен үлес қосты.
Бүгінгі таңда осы жазба ескерткіштер тіліндегі ақылнақыл сөздерді рухани
тәрбие нің көзі ретінде зерттеу – өзекті мәселенің бірі. Орта ғасырдағы руха
ни ойсана бүгінгі қазақ мақалмәтелдерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының
ММі сонау ықылым заманнан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге
жасасып, ұрпақтанұрпаққа мұра боп қалған асыл дүние. Жүздеген жылдар
бойғы тұрмыстіршіліктің, әлеуметтік өмірдің тәжірибесі ауыз әдебиетінің
осы бір саласында молынан көрініс тапқан. Мақалдарда халықтың тарихы,
ойарманы, мақсатмүд десі, дүниеге көзқарасы айқын сезіледі. Құлақтан
құлаққа сіңіп, ауызданауызға жеткен ММ ауыз әдебиетінің үлгісі, халық
шығармашылығының жетістігі. «Сөз дің көркі – мақал» деп халық тегін айт
паса керекті. Бүгінгі тіліміздегі ММдер, қанатты, нақыл сөздердің бастау
бұлағы ауыз әдебиеті екені анық. Сонымен қа тар бұл көркем сөз кестелері
бізге көне түркі заманынан келе жатқан жазба ес керт кіштер арқылы да жетті.
М.Қашқари өз еңбегінде мақалмәтелдерге, тіл өнеріне мән берген. «Игі істің
басы – тіл» деп ашып айтқан.
Ал жазба ескерткіштердегі ММді, ақылнақыл сөздерді саралап зерттеудің,
жинастырудың игі бастамасын бастаған Ә.Құрышжанов болатын. Аға ғалым
«... осыдан барып мақалмәтелдер көбінесе «халық даналығы» деп аталады.
Көне түркі тілдерінде «аталар сөзі» деп те аталады, яғни бұл – «атадан мирас
болып келе жатқан қазына деген сөз» дейді [3]. Осы алтын қазынаның бір
көмбесі, асыл арнасы ХІV ғасыр жазба ескерткіштерінде жатыр. Мұрағаттар
тілі өте бай, ақылнақыл, қанатты сөздерге, ММдерге толы, тақырыптары
да саналуан. Лексикасемантикалық сипаты күрделі.
Білім тақырыбы – ХІV ғасыр жазбаларындағы ең келелі мәселе. Біраз де
рек келтірейік:
Илм икки жәхан көрки (Г,4б3).
Білім – екі дүниенің көркі.
Түбі бір түркі тілі
25
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Амалсыз алим балсыз занбурға охшар (Г, 173а9).
Еңбегі жоқ ғалым балсыз араға ұқсайды.
Ариф билә олтурмак жахилгә ерур зиндан
Жахил билә олтурмак арифгә жәхәннамдур (ХШ, 119,5)
Наданға ғалыммен бірге отыру – зындан,
Ал ғалымға наданмен бірге отыру – тамұқ.
Ердәм әйәсин хасуу севмәс,
Ватват иегүн ки севмәс нур (Г, 107,5)
Жарқанат нұрды ұнатпағандай
Білімді ерді надан ұнатпас.
Бұл мақалдарда білімді әрдайым надандыққа қарамақарсы қойып нәтижелі
ой түйіле ді. Өнербілімді әрдайым жоғары қою, сонау ХІ ғасырлардағы
Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінен бастау алады. Мәселен, Жүсіп
ХасХажіб білім туралы:
Билиглигкә сөзләдим уш бу сөзүм
Билиг сөз тилини билүмәз озум – деп түйіндейді.
Осы жазба ескерткіштерде қаланған ой мәйегі бүгінгі қазақ тілінде үндесе
дамып, жалғаса жетілген. Мысалы,
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Орта ғасыр ғұламалары жас ұрпақ тәрбиесіне өте көңіл бөлген. Сымға
тарт қан күмістей терең ой бүгінге дейін жалғасын тауып жатыр. Мысалы,
Кичикликда адәб өгрәнмәгән ер улу болса,
Бил андан хаир келмәс (Г, 442а1).
Бала кезде әдепке үйренбеген ерден
Өскенде еш хаир болмас.
Ақил вә әдәб билән тирикгил (НФ, 142а1).
Ақыл және әдеппен өмір сүр.
Ата михриндән уста жәври йахшы (Г, 141,5).
Ата мейірімінен ұстаздың қаталдығы жақсы.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, түркі халықтары бала тәрбиесіне
бесіктен мән берген. Бала тәрбиесіне атаанамен қатар көршіқолаң, ауыл
аймақ, рулас ел де жауапты. Сондықтан да қазақ:
Ұлың өссе,
Ұлықтымен ауыл бол.
Қызың өссе,
Қылықтымен ауыл бол, - деп қорытады.
Түбі бір түркі тілі
26
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ММде халықтың көне дәуірдегі салтсанасы, әдетғұрпы мол сақталған.
Олай болса екі дәуірге ортақ ММдер халқымыздың ауыз әдебиетінен әрідегі
эт но графиялық тарихын жасауда баға жетпес қазына. Аталар сөзінде халық
өмірінің көрінісі, ұлттық психологиясының бейнесі анық байқалады.
Яғни этнос пен оның тілінің сабақтастығын осы ММдерден нақ көреміз
де, этно линг вистикаға жүгінеміз. Этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұ
тас тықты мойындаймыз. Осы қағида бойынша ғасырлар қойнауынан келе
жат қан мақалмәтелдердің кумулятивтік қасиетін танып, ұлттық болмысы
мен мазмұнын саралап, олардың о баста қалыптасуына негіз болған әр ал
уан этнолингвистикалық уәждерді де анықтауға болады. Бірер аталы сөзге
тоқталайық: Он киши сүфрәдә йемәк йер дағы артар, икки ит бир мурдар
үчүн бири бирини йыртар. «Он адам бір дастарханнан тамақ ішер, онысы
артылып та қалар, ал екі ит бір сүйекке бола бірінбірі талап, далдұлын шы
ғарар» (Г, 166а3). 1) Тура мағынасы: Әншейінде тату екі ит лақтырылған бір
жілікке таласып, төбелесіп шаңшұң болатыны анық. 2) Ауыспалы мағы на
сы: Кейбір адамдар да ит сияқты, бүгін тату, ертең қату. Билікке, таққа ит ке
ұқ сап таласа кететін, бет жыртысатын адамдар өмірде көпақ. Жоғарыда «ит»
дегені ауыспалы мағынада «адамдар». Қазақта «екі қошқардың басы бір қа
зан ға сыймас» деген де ауыспалы түрде айтылып, екі мықтының, екі хан ның
бір жерге сыймайтынын, дауласып, керек болса соғысып ел ішін ала тайдай
бүл діретінін айтып отыр.
Орта ғасырлардағы әр ММдің астарында осындай этнолингвистикалық
уәж дер жатыр. Және де олар түркілік менталитеттен туындағасын бүгін гі
қаза қы менталитеттен тіпті де алшақ емес, өзектес, мағыналас дүниелер.
Екі дәуір ММдегі ұқсастықтар мен ортақтықтар түркі халықтарының өткен
тарихы, қазақ ұлтының қалыптасуының, рухани мәдениетінің дамуының
де рек көзі, дербес ұлт ретінде өркендеуінің көрінісі. Тарихи ортақтық пен
ұқсас тықтың жалғасын қазақ тіліндегі көптеген мақалмәтел, қанатты сөздер
бойынан анық көруге болады. ММ – халықтың тәрбие кодексі. Ұлттық педа
гогиканың көнелігі де осы көне мақалмәтелдерден сезіледі. ММдің ортақ
қоры қазақ халқының орта ғасырлардағы қыпшақ тайпаларымен рухани, мә
дени ортақтығын білдірсе, кейінгі дәуірлердегі ұлт болып қалыптасу, өсу, же
тілу үдерісін көрсетеді.
Орта ғасыр жазба ескерткіштер тіліндегі фразеологизмдерден қазақ хал
қы ның тұрмыстіршілігіне тән, ұлт бойындағы қасиеттер мен, ескі әдеп
ғұ рыпты да кездестіруге болады. Ұлтқа тән руханилықты болмысбітіміне
жиған фразео логизмдерді халық мақсатмүддесіне орай қолданудың маңызы
зор. Жәдігерліктер тіліндегі фразеологизмдердің ұлттық рухани мәдениет,
ұлт тық мінезқұлық, ұлттық психологияны танытуда өзіндік орны бар.
«Фра зе оло гизмдер бойында бұл ұлттық бояу, әр халықтың са на сын дағы
әлем бей несімен тығыз байланысты. Яғни фразеологизм, бір жағынан, тіл
Түбі бір түркі тілі
27
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
көр кемдігінің құралы болса, екіншіден, ой көркемдігінің сипаты» [4,47б.].
Ұлт тың рухани дүниетанымын, салтсанасын, тұрмыстіршілігі мен ұлттық
мінезін өн бойына жиып, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі
асыл қазыналардың бірі – фразеологизмдер.
Халық менталдығынан хабардар етер фразеологизмдердің лингвомәдени
та ным дық мәні зор. Олар ұлттық мәдени құндылықтарды, ұлттық психология
ны, ұлтқа тән бол мысты бойына сіңірген лингвомәдени бірліктер. Қазақ
тілін дегі бейнелі фразе ологизмдерді этнолингвистикалық тұрғыда зерделеу
этностың кешегісі мен бүгінгісін білуге, тіл сабақтастығын айқындауға жол
ашады. Қарап отырсақ, әр дәуір дің өзіне тән тілдік құрылымдардың ерекше
ліктерін көрсететін ойлау нормасы болған сықылды. Бұл сөз тіркесінде де
көрінеді. Күнді сары алтынға, қызыл алтынға теңеуі қазіргі нормада жоқ. Не
ме се зұлымдық қамшысы, ақылдың тізгіні деген тіркес тер халық ұғымына
бүгін гі түсінікте кездеспейді. Бұл көне дәуірдегі тілдік ойлау жүйесінен қал
ған, сол кездегі адамдардың шындық дүниедегі құбылыстарды абстракция
лау сти лін көрсететін реликтілік құрылым сықылды.
Қазақ тілі лексикасын этнографиялық тұрғыдан зерттеген ғалым Ж.А.
Ман ке е ваның «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық не гіз дері»
еңбегін де: «Қазақ тілінің лексикасы – қатқабат, сарқылмас мол қа зы на. Ол
байлықтың ең бір сүбелі қабаты – этнографиялық лексика. Онда ма ғы насы
күңгірттеніп, қолданыстан шығып қалған, өткен өмір мен ескірген әдет
ғұрыпты бейнелейтін, әртүрлі кәсіпке байланысты ұмыт болған атаулар мен
сөз тіркестері көптеп кездеседі. Байырғы құбылыстардың тілдік бейнесі ре
тінде сөз тіркестері мен фразеологизмдерде, тіл шеберлерінің дайын үлгілері
– мақалмәтелдерде хал қымыздың басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі
жатыр» деген болатын [5,68]. Расында да, ұлттық руханилыққа негізделген
этнос тың тілдік бейнесінің тарихи сілемдері көшпелі қазақ өмірінде, жазба
ескерткіштер тілінде, көненің көзіндей болған әдетғұрпында, көнерген сөз
дер мен сөз тіркестерінде көрініс тапқан. Тіл белгілі бір этностың қарым
қа ты нас құралы болуымен қатар халқымыздың өткені, тарихы, жүріп өткен
жо лын да қалдырған мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал.
Жазба жәдігерліктер тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің этномәдени сипатын
анықтау кезінде «этнолингвистика» ғылымына сүйенеміз. «Этнолингвистика
– ха лық тың этногенезін, тұрмыссалты мен әдетғұрпын, мекенжайын, басқа
халық тар мен тарихимәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық
және рухани мә дениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы» [5].
Фразеологизмдердің ішінде метафоралық түрлері көптеп кездеседі. Фра
зео ло гия лық тіркес жасауда, қазақ тіліндегідей, адамның дене мүшелерінің
атау лары (ай йүзі, ағу тіллі, шәкәр ерін, пісте ағыз т.б.) мен қызыл, қара сияқ
ты түс атаулары жиі қатысады (қара йер).
Түбі бір түркі тілі
|