54
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
Ибрахим (Абай Құнанбаев) мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан
қадірі азырақ болды. Олай болмағанда бұл данышпан, ғұлама, философ
еді. Қор елде туды да қор болып кетті.
Ш.Құдайбердіұлы
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр:
Абай.
2. Тұлғасына қарай –
Абай – негізгі түбір. Себебі,
сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін
негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі
түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – адам есіміне берілген атау.
6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – атау
септігінің нөлдік тұлғасы арқылы берілген
категориялық грамма тикалық мағына – атауыштық
мағына.
7. Абай кім? деген сұраққа жауап береді. Ендеше,
бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер?
нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің,
құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын
білдіретін сөз табы.
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалқы есім. Себебі, адам есімінің жекелеп,
даралап аталуы.
ә) Жанды. Себебі, тіршілік иесі.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап та ну
ға бо ла тын деректі ұғым атауы.
в) Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.
Абай
55
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-
өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы
өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол
өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және
бұл қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен
молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық
үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: халық. 2. Тұлғасына
қарай –
халық – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай
бөлшектенбейтін, мағына беретін негізі бөлігі
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негі зі
түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – табиғаттың бір бөлшегі,
тір шілік иесі, адамдар тобына берілген атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексика
лық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамма тикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – атау септі
гінің нөлдік тұлғасы арқылы берілген категориялық
грамма тикалық мағына – атауыштық мағына.
7. Кім? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл –
зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? не
лер? т.б. сұ рақ тарға жауап беріп, заттың, нәрсенің,
құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын
білдіретін сөз табы.
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның
жалпылай аталуы.
ә) Жанды. Себебі, тіршілік иесі.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап
та нуға болатын деректі ұғым атауы.
в) Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.
Халық
Әдістеме аясында
56
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
Қазір Абайды қайта оқып жатырмын. Артында өлмейтін мұра қал-
дырған. Неткен дана еді?! Қанша оқысаң да ойдың шым тереңіне тар-
тып отырады.
Д.А.Қонаев
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: ой + дың.
2.Тұлғасына қарай –
ой – негізгі түбір. Себебі,
сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін
негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана
негізгі түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – дерексіз ұғымға берілген
атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лекси
калық мағынаның жалпылануынан жасалған жал
пы грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-дың) ілік
септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық
грамматикалық мағына – иелік мағына.
7. Ненің? деген сұраққа жауап береді. Ендеше,
бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не?
кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, зат
тың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз
ұғым дардың ата уын білдіретін сөз табы.
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі дерексіз ұғымның
жалпылай аталуы;
ә) Жансыз. Себебі, тіршілік иесі емес;
б) Дерексіз. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап
тануға болмайтын дерексіз ұғым атауы.
в) Нақты емес. Себебі, дерексіз болған нәрсе
нақты болмайды.
Ойдың
57
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып,
қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең
ма ғы налы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақта-
луын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша
алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық
ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге арты-
лар. Бірінші ақынымыз деп қа бірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық
пен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз,
бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
Міржақып Дулатов
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: бала + ға.
2. Тұлғасына қарай –
бала – негізгі түбір. Себебі,
сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін
негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана
негізгі түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – дерексіз ұғымға беріл
ген атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексика
лық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-ға) барыс
септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық
грамматикалық мағына – жанама объектілік
мағына.
7. Кімге? деген сұраққа жауап береді. Енде
ше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім?
не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп,
заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз
ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі...
ә) Жанды. Себебі...
б) Деректі. Себебі...
в) Нақты. Себебі...
Балаға
Әдістеме аясында
58
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Мағжан Жұмабаев
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: жан + ды.
2. Тұлғасына қарай –
жан – негізгі түбір. Себебі,
сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін
негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі
түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – деректі ұғымға берілген
атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-ды) табыс
септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық
грамматикалық мағына – жанама объектілік
мағына.
7. Кімді? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл
– зат есім. Зат есім дегеніміз...
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның
жалпылай аталуы.
ә) Жанды. Себебі, тіршілік иесі.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап
тануға болатын деректі ұғым атауы.
в) Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты
болады.
Жанды
59
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-
өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін
зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз хал-
қының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл
қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен мо-
лықтырды.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол
үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: музыка + да.
2. Тұлғасына қарай –
музыка – негізгі түбір.
Себебі...
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі...
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – жартылай деректі
ұғымға берілген атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-да) жатыс
септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық
грамматикалық мағына – жанама объектілік
мағына.
7. Музыкада неде? деген сұраққа жауап береді.
Ендеше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз...
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі...
ә) Жансыз. Себебі...
б) Жартылай деректі. Себебі, құлақпен естіп,
тыңдауға болатын жартылай деректі ұғым атауы.
в) Нақты. Себебі, жартылай деректі болған нәрсе
нақ ты болады.
Музыкада
Әдістеме аясында
60
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
Қазақтың қасиетін тану – Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың
сөз өнерін зерделеу – Абай тағылымын бағындырудан басталмақ. Абай
қа зақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі – халқымыздың
көр кем дік ой-толғамында ешкім жетпейтін заңғар.
М.Мағауин
1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: таны + у + дан.
2. Тұлғасына қарай:
а)
таны – негізі түбір. Себебі,...
ә)
тану – туынды түбір, себебі, синтетикалық немесе
морфологиялық тәсілмен негізгі түбірге сөз тудырушы
(-у) журнағының жалғануы арқылы жасалған туынды
түбір.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана туын
ды түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – дерексіз ұғымға берілген
атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-дан)
жатыс септігінің жалғауы арқылы берілген
категориялық грамматикалық мағына – жанама
объектілік мағына.
7. Танудан неден? деген сұраққа жауап береді.
Ендеше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз...
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі,...
ә) Жансыз. Себебі,...
б) Дерексіз...
в) Нақты емес. Себебі,...
Танудан
61
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Абай әлемге ашылған терезе еді. Оның жаны жаңарып жатқан дү-
ниенің алыстағы сарынын сезе білді. Тек қана ақынға ғана тән, тек қа-
на біліммен суарылған ақылға тән қабілетпен, романтикке тән жоғары
сезім талдықпен халық өмірінің өзгеруін, найзағай отының туған өлке-
сінде де дүр сілкіндіруін тіледі. Қамықты да. Бұл ретте де ол ХVIII-XIX
ғасырлардың Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар, гуманист тұл-
ғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
Ш.Айтматов
1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: біл + ім + мен.
2. Тұлғасына қарай:
а)
біл – негізі түбір. Себебі,...
ә)
білім – туынды түбір, себебі, синтетикалық не
месе морфологиялық тәсілмен негізгі түбірге сөз
тудырушы (-ім) жұрнағының жалғануы арқылы
жасалған туынды түбір.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана ту
ынды түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – дерексіз ұғымға берілген
атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грам
ма ти калық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-мен)
көмектес септігінің жалғауы арқылы берілген
катего рия лық грамматикалық мағына – жанама
объектілік мағына.
7. Неден? деген сұраққа жауап береді.
Ендеше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз...
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі,...
ә) Жансыз. Себебі,...
б) Дерексіз...
в) Нақты емес. Себебі,...
Біліммен
Әдістеме аясында
62
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
Қазақта Абайдан өткен ұлы да, Абайдан өткен ғұлама да, одан өткен
ғалым да жоқ. Бұрын да, қазір де Абай менің пірім, Абай менің бірім!
Ратбек Арынұлы
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: пір + ім.
2. Тұлғасына қарай –
пір – негізгі түбір. Себебі, сөздің
әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін негізгі
бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі
түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – адамдардың белгілі бір
ерекше қасиетіне берілген атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грам
ма ти калық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-ім) тә уел
дік жалғауы арқылы берілген категориялық грамма
тикалық мағына – меншіктік мағына.
7. Пірім кімім? деген сұраққа жауап береді. Ендеше,
бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер?
нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің,
құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын
білдіретін сөз табы.
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі...
ә) Жансыз. Себебі...
б) Дерексіз. Себебі...
в) Нақты емес. Себебі...
Пірім
63
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани
қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұм-
тылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Зәки Ахметов
1. Бұл сөз: өркен және ниет + ті+ лік + ке болып бес
құрамнан тұр.
2. Тұлғасына қарай:
а)
өркениет – туынды түбір. Себебі, аналитика немесе
син таксистік тәсілмен
өркен және ниет деген екі түбірдің
бі рігуінен және синтетикалық немесе морфологиялық
тәсілмен туынды түбірге (-ті), (-лік) сөз тудырушы
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.
3. Құрылысына қарай – күрделі, кіріккен. Себебі, ырғағы
жағынан бірұдай, лексикасемантикалық жағынан біртұтас,
лексикаграмматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып
кірігіп, тұрақталған құрама сөз.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – жалпы дерексіз ұғымға берілген
атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағы
наның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық
мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (ке) барыс
септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық
грамматикалық мағына – жанама объектілік мағына.
7. Неге? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – зат
есім Зат есім дегеніміз ...
8.
Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі...
ә) Жансыз. Себебі...
б) Дерексіз. Себебі...
в) Нақты емес. Себебі...
Өркениеттілікке
Әдістеме аясында
64
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ой мен мәдениетінің, өнері
мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев
– өз ұлтының реалист-гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы,
қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап өз кезінің
ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген
прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті,
оны мәдениет нұрына бөледі. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған
сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді.
Х.Сүйіншәлиев
1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: ақыл және ой + ы.
2. Тұлғасына қарай:
а)
ақыл-ой – туынды түбір. Себебі, аналитика немесе синтак
систік тәсілі екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған туынды
сөз.
3. Құрылысына қарай – күрделі, қос сөз. Себебі, ритырға
ғы жағынан бірұдай, лексикасемантикалық жағынан бір тұ
тас, лексикаграмматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып
бірігіп, тұрақталған құрама сөз.
3.1. Қосарлама қос сөз. Себебі, екі басқа түбірдің
қосарлануынан жасалған.
3.2. Екі сыңары да мағыналы.
3.3. Екі сыңары да қосымшасыз.
3.4. Синонимдес қос сөз. Себебі, мағыналары бірбіріне
жақын сөздер.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – жалпы дерексіз ұғымға берілген атау.
6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағына ның
жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат
есім.
6.2. Екінші грамматикалық арқылы берілген категориялық
грамматикалық мағына – меншіктік мағына.
7. Несі? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – зат
есім. Зат есім дегеніміз ...
8.
Достарыңызбен бөлісу: |