Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата08.02.2017
өлшемі9,9 Mb.
#3665
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

М.Ерзин,
174

Қ.Жоламанов,  С.Ахметова,  т.б.  ізденушілердің  кандидаттық  және 
докторлық  диссертациялары  талқыланды.  Қырғызстандық  тарихшы 
С.Данияров,  өзбекстандық  тарихшы  К.Акилов  та  докторлық  диссер- 
тацияларына  талдауды  Р.Сүлейменовтың  басшылығымен  өткізген 
еді.  Р.Сүлейменовтің  айналасына  мәдениет  тарихын  зерттейтін  жас 
ғалымдар  тобы  -   Х.Әбжанов,  Н.Кенжебаев,  С.Асанова,  Р.Балғозина, 
С.Әбубәкіров- жинала бастады.
Ғылыми ортадағы беделі мен белсенді қызметі арқасында бөлімнің 
одақтас  республикалармен  байланысы  нығаяйын  деді.  КСРО  FA 
қүрамындағы КСРО тарихы институтынан С.А.Куманев, В.Ермаков, ака­
демик М.П.Ким бөліммен байланыстарын үзген жоқ. В .Ермаковтың Рама­
зан Бимангүлына жазған  бір хатында мынадай жолдардың  болуы  осыны 
дәлелдейді:  «Өзіңнің жетекшілігіңмен  Кеңестік  Қазақстан  мәдениеті  та­
рихы бөлімін қүрумен қүтгықтаймын. Мәскеулік жолдастардың көмсгіне 
сенімді бол». Р.С үлейменов басқарған бөлім «Орта Азия мен Қазақстандағы 
халықтардың  мәдени  прогресінің  тәжірибесі»  деген  үжымдык  моно- 
графияны  жазуға  Тәжікстанның,  Түркменстанның,  Қырғызстанның, 
Өзбекстанның  тарихшыларымен,  филологтарымен,  философтарымсн 
қол үстаса кіріседі. Жүмыстың үйлестірушісі Тәжікстандық тарихшылар 
болғанымен, олар әрқашан Р. Сүлейменовпен ақылдасып отырды. Моно­
графия  1987  жылы  «Исторический  прогресс  социалистических  наций» 
деген  атпен  Москвадан  жарық  көрді.  Іргелі  еңбектерімен  әрі  Кеңестік 
Қазақстан  мәдениеті  тарихы  бөлімін  үйымдастырушысы  және  алғашкы 
басқарушысы  Рамазан  Бимашүлы  республиканың  мәдениет  тарихы 
саласындағы  болашағы  зор  ғылыми  бағыттың  және  ғылыми  мектептің 
негізін салушы ретінде тарихта қалды.
70-ші  жылдардың  аяғына  дейінгі  Қазақстанда  шығыстану 
мәселелерін  зерттейтін  арнайы  бөлім не сектор  болған  жоқ.  Мәселен, 
1977 жылы Щ .Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография 
институтында  мынадай  бөлімдер  жүмыс  істеп  түрды:  Қазақстанньщ 
көне және  орта ғасырлық тарихы бөлімі; революцияға дейінгі  Қазақс- 
тан  тарихы  бәлімі;  Октябрь  революциясы  мен  социалистік  қүрылыс 
Дәуіріндегі  Қазақстан  тарихы  бөлімі,  коммунистік  қүрылыс  гари- 
хы  бөлімі;  ¥ л ы   Отан  соғысы  дәуіріндегі  Қазақстан  тарихы  болімі, 
Кеңестік  Қазақстан  мәдениетінің  тарихы  бөлімі,  археология  бөлімі, 
этнография б ө л ім і.
Кезінде  шығыстанулық зерттеулер жүргізудін тәп-тәуір дәстүрін 
жинақтаған  Қазақстанға бұл, әрине, жараспайтын ахуал еді. Қазақсган-
175

да шығыстанулық зерттеулер ерте отрағасырларда  басталғанын былай 
қойғанның өзінде 1946 жылы Қазақ КСР FA-ның қүрамында шығыстану 
секторы жүмыс  істеп түрған  болатын.  А.Н.Бернштам,  С.Е.Малов тәрізді 
түріктанушылар  қазақ  әріптестерімен  байланысын  үзбеген  сді.  1949 
жылы Қазақ Ғылым  Академиясынын, төралқасы жанынан үйғыр-дүнған 
мәдениетінің  секторы  ашылды,  кейін  ол  шығыстану  секторы  болып 
қайта  қүрылды.  50-60-жылдары  В.Я.Басин,  Ю.Г.Баранова,  Ю.А.Зуев,
Н.Н.Мингулов,  К.А.Пищулина,  С.К.Ибрагимов,  Т.Султанов,  В.П.Юдин,
A.Г.Малявкин, т.б. ғалымдар араб, парсы, қытай, орыс, түркі тілдеріндегі 
деректерді жинақтап, ерте және ортағасырлық Қазақстан тарихының талай 
ақтаңдақ беттерін ашқаны белгілі. 70-ші жылдары шығыстанулық зертте­
улер  мүлде  бәсендеді.  Осы  олқылықтың  орнын  толтыруға  бағытгалған 
шаралар  70-ші жылдар  аяғында қолға алынды.  Жаңа бағытгың үйымдык 
жағынан  қанатганып,  ғылыми-кадрлық  потенциалының  қалыптасуына 
жауапкершілік Р.Б.Сүлейменовке жүктелді.
Бір 
қарағанда  бүл  қисынға  сыймайтындай  кадам  еді.  Өйткені 
тап 
сол 
жъшдарда 
Ш .Уәлиханов 
атындағы  тарих,  археология  ж әне 
этнография  институты нда  шығыстану  зерттеулерін  ж үргізуде  бір- 
шама 
нәтиж елерге 
қол 
ж еткізген 
Б.Көмеков, 
К.А.Пищулина,
B.Я.Басин  тәрізді  ғалымдар  жүмыс  істеп  жатты.  Бірақ  тандау  Рама­
зан  Бимашүлына  түсті.  Түптеп  қарағанда  бүл  таңдау  әбден  орынды 
екен.  Өйткені  шығыстанушылық  ғылыми  ой-пікірлер  Р.Сүлейменов 
шығармаларында  аз  еместін.  Әсіресе  ол «Ленинские идеи культурной 
революции и их  осуществление в Казахстане» монографиясыньщ «До­
революционное  культурное  наследие  Казахстана  и  проблема  его  ис­
пользования в условиях социализма» атгы екінші тарауында молынан 
кездесетін.
Сонымен,  1979  жылдьщ  наурыз  айында  Ш.Уәлиханов  атындағы 
тарих,  археология  ж эне  этнография  институтында шығыстану  бөлімі 
ашылды.  Қүрылған күннен бастап шығыстану бөлімі мен мәдениет та­
рихы бөлімініңмеңгерушілігінР.Б.Сүлейменовқатар алып жүрді.Қазак 
КСР Ғылым академиясы Президиумыньщ  1980 жылғы  12 маусымдағы 
№115  қаулысымен  Рамазан  Бимашүлы  Сүлейменов  мәдениет  тарихы 
бөлімі  меңгерушілігінен  босатылып,  шығыстану  бөлімі  меңгерушісі 
қызметіне  біржолата  тағайындалды.  Тап  осы  жылы  ол  Қазақ  КСР 
ғылым  академиясының корреспондент мүшелігіне  сайланған еді.
Бөлімнің  түңғыш  меңгерушісі  әрі  үйымдастырушысы  ретінде 
көптеген  жүмыстар  атқаруға  тура  келді.  Өйткені,  жоғарыда  айтқан- 
176

дай,  70-ші  жылдары  республиканың  шығыстану  ғылымы  ұйымдық 
жағынан  басы  бірікпеген,  әр тарапқа  бытырап жүргендіктен  әлсіз  бо- 
латын, жоғары оқу орындары шығыстанушы мамандар даярламайтын. 
Сондықтан  бөлім  қүрамы  Ташкент,  Душанбе,  Ленинград,  Владивос­
ток,  Москва  қалаларындағы  арнайы  шығыстану  мектептерін  бітір- 
ген  мамандармен  толықтырылды.  Рамазан  Бимашүлы  шығыстанушы 
ғалымдарды даярлау  ісімен жүйелі түрде шүғылданып,  Қазақстанның 
шығыстану  ғылымын  дамытуда  маңызды  роль  атқарады-ау  деген  та- 
лантты  жастарды  қолдап,  өсіріп  отырды.  Москваның,  Ленинградтың 
ғалымдарымен  тікелей  өзі  келісіп,  қабілетті  деген  жас  мамандар- 
ды  аспирантураға,  стажировкаға  жіберіп  жатты.  Бүған  ғалымның 
жеке  архивінде  сақталған  хаттары  куә.  Олардың  ішінде  белгілі 
шығыстанушылар  Б.П.Гуревичтің,  Е.Челышевтің,  В.С.Мясниковтың, 
т.б.  хаттары  бар.
Шығыстану бөлімінде алғашқы кезеңде араб, парсы, түркі тілдері- 
нен  маманданған  тарихшылардың  жоқтығына  байланысты  ғылыми- 
зерттеу жүмыстарының негізгі бағыты XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ- 
қытай қарым-қатынастарын зерттеуге арналды. Бүлтақырыптьщ негізгі 
орындаушылары ғылым кандидаттары, қытайтану саласының маманда- 
ры  К.Ш.Хафизова,  В.А.Моисеев,  В.Н.Федоров  болды  да,  жүргізілетін 
жүмысқа  жетекшілік  ету  Қазақ  КСР  ҒА  корреспондент  мүшесі 
Р.Б.Сүлейменовке жүктелді. Тақырыпты зерттеудің күрделілігі, қажет- 
ті материалдардың Алматы қаласы кітапханаларында жоқтығы, Қытай 
деректерімен  жүмыс  істеудің  өте  қиындығы  қажымай  еңбектену  мен 
көп уақытты  әрі күш-жігерді талап ететіндігі,  бөлім қызметкерлерінің 
Қытай  жөнінде  шығатын  бірде-бір  ғылыми  журналды  ала  алмауы 
қиындықтар туғызып, шешімін табуға тиісті мәселелерді күн тәртібіне 
қойды.  Рамазан  Бимашүлы  КСРО  ҒА  Шығыстану  институтының  ди­
ректоры  академик  Евгений  Максимович  Примаковпен,  осы  институт 
директорыньщ  орынбасары  КСРО  ҒА корреспондент  мүшесі  Георгий 
Федорович  Киммен,  КСРО  ҒА  Қиыр  Шығыс  институтының  директо­
ры,  КСРО  FA  корреспондент  мүшесі  Михаил  Иосифович  Сладковс- 
киймен  келіссөздер  жүргізіп,  жаңадан  ашылған  Шығыстану  бөлімін 
қажетті  әдебиеттермен қамтамасыз  етуге,  жас  мамандардың  жетекші 
шығыстану орталықтарында стажировкадан  өтуіне қол жеткізді.  Жос- 
парда белгіленген жүмыстарды ойдағыдай орындап шығуы үшін бөлім 
қызметкерлерін  үзақ  мерзімдік  (5-6  ай)  іс-сапарларға  Москва,  Ленин­
град  қалаларына  жіберіп  отырды.  Шығыстану  бөлімі  жүмысының  та-
12-2144 
177

бысты  жүргізілуіне  Тарих,  археология  жэне  этнография  институтыньщ 
директоры, академик А.Нүсіпбеков пен директордың орынбасары Қазақ 
КСР ҒА корреспондент мүшесі Г.Ф.Дахшлейгер көп көмегін тигізді.
1981  жылы  шығыстану  белімінде  Қазақстан  мен  оған  көршілес 
мүсылман елдерінің және халықтарыньщ тарихи байланыстарын зерт- 
теу  үшін  араб,  парсы,  түрік тілдеріндегі  деректерді  игерген тарихшы- 
лар  тобы  қүрылды.  Топты  осы  жылы  бөлімге  қызметке  алынған  та­
рих  ғылымдарының  кандидаты  М.Х.Әбусейітова  басқарды.  Топтың 
қүрамы  негізінен  жас  ғылыми  қызметкерлер  болғандықтан,  оларға 
ғылыми  кеңес  беріп  отыратын Кеңесші  керек  еді.  Осы  мәселеге  көңіл 
аударған Рамазан  Бимашүлы  Қазақ КСР  Ғылым  академиясы тіл  білімі 
институтыньщ  жанындағы  үйғыртану  бөлімінің  ғылыми  қызмегкері, 
белгілі  маман  В.П.Юдинге  гылыми  кеңесші  болуды  өтінген  қатынас 
қағаз  жолдайды.  Онда:  «Аса  қурметті Вениамин  Петрович! Қазақ 
КСР  FA  Ш .Уәлиханов  атындагы  тарих,  археология  ж әне  этног­
рафия  институтыньщ  Ш ыгыстану  бөлімінде  Қазақстан  ж әне 
корш ііес мүсылман елдері мен халықтарының тарихи байланыста­
рын зерттеугемаманданушы тарихшылардың туріктанушы, иран- 
танушы,  арабтанушы  тобы  бар.  Топ  жас гылыми  қызметкерлер- 
ден щ ралган,  сондьщтан мамандьщ бойынша гылыми  кеңесті өте 
қажет  етеді.  Сіз шыгыстану бөлімінің жогарыда аталган тобына 
гылыми Кеңесші болу міндетін өзіңізге ала алмас па екенсіз»-ясліи- 
ген.  Бүл  өтінішті  қабыл  алған  В.П.Юдин  қоғамдық  негізде  кеңесші 
(консультант) міндеттерін атқаруға кірісті.
1981  жылы  Алматы  қаласында  Шығыстану  секциясы  қүрылды. 
Шығыстану  секциясының  төрағасы  болып  Қазақ  КСР  мәдени  және 
тарихи  ескерткіштерді  қорғау қоғамы  Орталық Кеңесінің  мүшесі,  Ка­
зак  КСР  FA  корреспондент  мүшесі  Р.Б.Сүлейменов  тағайындалады. 
Секцияның  35  мүшесі болды  .
Секция қызметінің негізгі мақсаты  республикадағы  шығыстық ес- 
керткіштерді анықтау, тізімін жасау, зерттеу, қорғауға алып, насихатгау 
болып табылды. Тарихи және мәдени ескерткіштің шығыстық үғымына 
тек Қазақстан территориясынан табылған және Қазақстан халқы жасаған 
ескерткіштер ғана емес, Қазақстандағы мәдениет тарихын зерттеуге не­
месе тарихи процесс пен мәдениеттің дамуында өзіндік маңызы бар Қа- 
зақстанмен іргелес елдердегі орналасқан ескерткіштер де енді.
Т арих пен мәдениеттің шығыстық негізгі ескерткіштеріне жазба ес- 
керткіштер, әсіресе қолжазбалар, сирек кездесетін ескі (литографиялық)
178

кітаптар, әртүрлі қүжаттар (актілер, шежірелер, т.б.) жатты. Сондай-ақ 
маңызды  шығыстық  ескерткіштерге  бейнелеу  өнерінің  шығармалары 
(мысалы,  шығыс  қолжазбаларындағы  миниатюралар),  нумизматика- 
льщ, эпиграфиялық ескерткіштер де кірді. Бүл кезде шығыстану секци- 
ясы  бүрынғы  Кеңес  Одағының  түрлі  қалаларының  музей,  архив  және 
кітапхана  қорларында  сақталынған  шығыс  тілдеріндегі  Қазақстан 
тарихына  қатысы  бар  қолжазбаларды  жиып,  көшіріп,  тәржімалауда 
бірқатар  жетістіктерге  жетеді.  Шығыстық  қолжазбалардың  бай  қоры 
Өзбекстан  Ғылым  академиясында,  Тәжікстан  Ғылым  академиясын- 
да,  КСРО  ҒА  Шығыстану  институтының  Ленинград  бөлімшесінде 
көбірек сақталған болатын.  1981  жылы  10 қарашада Қазақ КСР тарихи 
және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Шығыстану секциясының 
мәжілісінде Қазақстанның өз аудандарында және шеткері жерлерінде- 
гі  қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін  Шығыстық 
қолжазбалардың  фотокешірмесін,  микрофильмін  алу  үшін  археогра- 
фиялық экспедиция жасақталды.
Бірінші  археографиялық  экспедиция  1981  жылы  13  қарашада  бір 
ай  мерзімге  Душанбе  қаласына  аттанды.  Экспедиция  қүрамын  Қазақ 
КСР  ҒА  Тарих,  археология  және  этнография  институты  Шығыстану 
бөлімініц қызметкерлері қүрады, олар: аға ғылыми қызметкер, иранист 
М.Х.Әбусейітова, лаборант, арабист А.К.Сүлтанғалиева, лаборант, ин­
долог А.Ануаров.  Экспедиция мүшелері Тәжік КСР Ғылым академия- 
сы  Ш ығыстану  институтыныц  қолжазбаларды  сақтау  қорында,  Тәжік 
КСР  ҒА  Тарих  институтының  жанындағы  академик  А.А.Семеновтің 
мүражай-бөлмесінде,  Тәжікстан  Ғылым  академиясы  кітапханасының 
қолжазбалар  сақтау  қорында  және  Фирдоуси  атындағы  Мемлекеттік 
кітапхананың  қолжазбалар  бөлімінде  іздестіру жүмыстарын  жүргізді. 
Нәтижесінде мынадай жүмыстар атқарылды:
-  шығыс қолжазбаларының каталог-картотекасы  жасалды;
-  қолжазбалардың мазмүнымен танысып, Қазақстанның тарихы мен 
мәдениеті бойынша хабар беретін беттерінен көшірмелер  алынды;
-   микрофильмдер  мен  фотокөшірмелерге  тапсырыстар  беріліп, 
ол  қоғамға  жіберілді.  Алғашқы  экспедицияның  өзінде-ақ  Қазақстан 
деректемесінің базасын  ныгайтуға мүмкіндіктер жасалды.
Тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді  қорғау  қоғамыныц  қаржы- 
лай  қолдауымен  барып  келген  бүл  археографиялық  экспедицияның 
есебі  1981  жылы  23  желтоқсанда  шығыстану  бөлімінің  мәжілісінде 
тыцдалды. Игілікті істі қолдай отырып, Рамазан Бимашүлы «өте жемісті
179

іс-сапар.  Жігерлі  еңбектері үшін  экспедиция  мүшелеріне  рахметімізді 
айтамыз. Біз қазір деректемелік базаны қүру үстіндеміз.  Қазақстанның 
тарихи және мәдени  ескерткіштерді  қорғау қоғамымен  үйлесімділікті 
күшейтуіміз  қажет.  Қоғамға  алғыс  хат  жіберуіміз  керек.  Енді  түрік 
қолжазбалары сақталатын Әзірбайжан, Қазанға  бару керек»  -деді.
Тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді  корғау  қоғамының  тапсыр- 
масы бойынша  1982 жылғы желтоқсан -   1983  жылғы қаңтар айларын- 
да  Шығыстану  бөлімінің  қызметкерлері  (Моисеев  В.,  Сүлтанғалиева
А., Жапбасбаева Ж.,  Меркурьев Н.,  Әбдіқадырова Қ.) Москваға  архе- 
ографиялық экспедицияға барып, кітапханалар мен архивтерде жүмыс 
істеді.  Шығыстану  бөліміне  «Сборник  географических,  топографи­
ческих и  статистических материалов по  Азии»,  «Труды Оренбургской 
ученой  архивной  комиссии»,  «Материалы  Туркестанского  военного 
округа»,  «Памятная  книжка  Семипалатинской  области»  сынды  орыс 
тілінде шыққан, сирек кездесетін революцияға дейінгі басылымдардың 
көшірмесін алып келеді.
1983  жылы  маусым-шілде  айларында  бөлім  қызметкерлері  (Мо­
исеев  В.А.,  Федоров  А.К.,  Ерофеева  И.В.  Бекмагамбетова  М.)  Қазан, 
Тюмень,  Тобыл  қалаларына  археографиялық  экспедицияға  барды. 
Экспедиция  мүшелері  татар,  араб,  парсы,  қытай,  орыс  тілдеріндегі 
материалдарды  ақтарды.  Қазан  қаласының  архиві  мен  кітапханалары- 
нан  50-ге  жуық  қорды  қарап  шығады.  Тобыл  архивінде  Абылай  хан 
туралы,  Березовкаға  жер  аударылған  Ғүбайдулла  Уәлиханов  туралы, 
Қазақстанның  ескі  картасы,  Қозы-Көрпеш-Баян  Сүлу  ескерткіші,  т.б. 
туралы материалдарды табады  .
Жалпы айтқанда, археографиялық экспедициялардың 
н ә т и ж е с і н д е  
зерттеулердің деректемелік негізі  кеңейді,  қазақ халқының тарихи да- 
муы,  салт-дәстүрі  жөніндегі  деректердің  белгілі  бір  бөлігі  ғылыми 
айналымға енді. Тапқан қолжазбалардан орта ғасырлар мен одан кейін- 
гі кезендегі Қазақстанның тарихы  мен мәдениеті және оның іргелес  м 
емлекеттермен,халықтармен байланысы жөнінде көптеген мәліметтер 
жинақталды.  Сауда, сауда жолдарының тарихы туралы қызықты мате- 
риалдар  Қазақстанның  Шығыс  пен  Батыс  мәдениетін  өзара  байытуда 
көпір іспетті маңызды роль атқарғанын дәлелдеді.
Рамазан  Бимашүлының Қазан  төңкерісіне  дейінгі  шығыстанудың 
көкейтесті мәселелерін зерттеу ісіне бағыт беріп, оларды үйымдастыру, 
өзара үйлестіру ісіне жетекшілік атқарғаны өз алдына, ең алдымен бүл 
салада мамандар даярлау ісіне көңіл бөлді.  Осы мақсатпен шығыстану
180

бөлімінің  қызметкерлері  аспирантураға,  стажировкаға  Қазақстан- 
нан  тыс  қалаларға  жіберілді.  Атап  айтар  болсақ,  1980-1981  жылдары
А . А . Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университеті шығыстану 
факультеті  араб  филологиясы  кафедрасында  С.С.Жүбанышева  ста- 
жировкадан  өтті.  Ол  онда  филология  ғылымдарының  докторы
О.Б.Фролованың  жетекшілігімен  Қазақстанның  орта  ғасырлар  тари­
хы  бойынша  араб  тіліндегі  деректерді  оқып-зерттеуге  маманданды. 
КСРО  ҒА Шығыстану институты  Ленинград бөлімшесінің аспиранту- 
расына Қазақстанның орта ғасырлар тарихы бойынша мамандану үшін
А.Сабитов жіберілді, оның ғылыми жетекшісі С.Г.Кляшторный болды. 
Кейінде ол КСРО FA Қиыр Шығыс институтында тарих ғылымдарының 
докторы В.С.Мясниковтың жетекшілігімен Синьцзян тарихы бойынша 
стажировкадан  өтіп,  аспирантураға  қалдырылды.  1982-1983  жылдары 
Москвада КСРО  ҒА Шығыстану институтында аға  ғылыми қызметкер 
К.Хафизова  1  жыл  мамандықты  жетілдіру  курсында  оқыды.  КСРО 
ҒА  Қиыр  Шығыс  институтының  аспирантурасына  К.Сыроежкин  жі- 
беріліп,  қабылдау  емтихандарынан  табысты  отті.  Москва  қаласы- 
на  КСРО  ҒА  Шығыстану  институтына  А.Сүлтанғалиева  2  жылдық 
стажировкаға  жіберілді.  Сондай-ақ,  КСРО  FA  Этнография  институ­
тында  Р.Мүстафина,  ал  Шығыстану  институтында  Ж.Мүқажанова 
стажировкадан  өтеді.  Сол  жылдары  Р.Сүлейменов  Қазақстанға  ислам 
дінінің  енуі  мен  таралуы  жөніндегі  деректерді  жинақтауда  кездесіп 
отырған қиыншылықтарды алға тартып, көмек көрсетуін сүрап, КСРО 
ҒА  Шығыстану  институтының директоры,  академик  Е.М.Примаковқа 
бірнеше рет хат жолдаған  екен.  Бір хатта былай делінген:
«Аса кур мет mi Евгений Максимович!
Біздің  институтта  1979  жылы  шыгыстану  бөлімі  қурылды, 
оныц міндеттерінің  біріне Қазақстанга  исламның  келуі мен  тара­
луы жөніндегі тарихи деректерді тауып, жинақтап, талдап, зерт­
теу  енеді.  Біраң  бөлімде  бул  салада  мамандар  даярлауда  кездесіп 
отырган  қиыншылықтарга  байланысты  тиісті  нотиже  жоқ. 
Бөлім  қьізметкерлерін  Шыгыстану  институтына  стажировкага 
жіберу  жөніндегі  біздің  өтінішіміз  іс  жузіпде  шешімін  таппай 
отыр.  Бізге  исламтанушьілар  даярлау  мәселесінде  көмек  көрсете 
алмас па екенсіздер.
Ш ыгыстану бөлімінің меңгерушісі,
Қазақ КСР ҒА корреспондент муиіесі  Р.Б.Сүлейменов 
9.ІХ.198ІЖ.»
181

Шығыстану  бөлімінің  меңгеруш ілігіне тағайындалуымен  Рамазан 
Бимашұлының  өзі  д е  ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарын  шығыстану 
м әселесіне  бағыттады.  Отандық  шығыстанудың  хал-жағдайы,  мін- 
деттері,  алдағы  кезенде  атқаратын  жұмысы  туралы  бүкілодақтық 
шығыстанушылардың  бас  қосқан  жиындарында,  конференцияларда 
сөз  сөйлеп,  шығыстануға  арналған  ғылыми  еңбектерді  редакциялауға 
қатысып  отырды.
КСРО FA Қиыр Шығыс институтында  1980 жылы 26 мамырда К и ­
тай  тарихына  байланысты  ғылыми  зерттеулерді  үйлестіру  жөніндегі 
академиялық  шығыстану  орталықтарының  ғылыми  кеңесі  өтті. 
Кеңеске Орта Азия Ғылым академияларының өкілдері де қатысады. Р.Б. 
Сүлейменов кеңес  мәжілісінде  сөз  сөйлеп,  Қазақ КСР ҒА  Шығыстану 
беліміне  жеткілікті  көңіл  бөліп,  көмек  көрсетуі  қажеттігі  жөнінде 
үсыныс айтты.  1983 жылы Баку қаласында өткен Шығыстанушылардың 
Бүкілодақтық ІІ-конференциясының жүмысына Р.Б.Сүлейменов қаты- 
сып,  Қазақстандағы  шығыстанушылық зерттеулердің хал-ахуалы  мен 
міндеттері туралы баяндама жасайды.
1983  жылы  маусымда  Москвада  Кеңестік  Қытайтанушылар 
Ассоциациясының  қүрылтай  конференциясы  өтеді.  Конференцияның 
үйымдастырушысы КСРО  FA Қиыр  Шығыс институты  болды.  Инсти­
тут директоры,  КСРО FA корреспондент-мүшесі  М.И.Сладковскийдің 
баяндамасы  бойынша  Рамазан  Бимашүлы  жарыссөзге  шығып,  қаты- 
сушыларды Қазақстандағы қытайтану зерттеулер туралы хабардар етті. 
Осы  конференцияда  Кеңестік  Қытайтанушылар  Ассоциациясының
Ж арғысықабылданды,президиуммүшелеріменбасқармамүшелерісай-
ланды.  Р.Б.Сүлейменов Кеңестік Қытайтанушылар  Ассоциациясынын 
төрағасының орынбасары әрі  президиум мүшесі  болып сайланды.  Ас­
социация  Кеңес  халқын  Қытайдың  мәдениетімен,  өнерімен,  тарихы- 
мен  молырақ таныстырып,  білімін  арттырып,  екі  халықтың достығын 
ұлғайту мақсатында қүрылған е д і. Ассоциацияның жергілікті жерлер- 
де бөлімдері қүрылады. Ассоциацияның қазақ бөлімінің төрағалығына 
Қаз  КСР  FA  корреспондент-мүшесі  Р.Б.  Сүлейменов,  орынбаса­
ры  болып  Қазақ  КСР  FA  тіл  білімі  институты  үйғыртану  бөлімінің 
меңгерушісі, Қаз ССР ҒА корреспондент-мүшесі Г.Садуақасов сайлан­
ды.
Шығыстану  бөлімінің ғылыми  қызметкерлері  1984 жылы «XVIII- 
XIX  ғасырлардағы  қазақ-қытай  қарым-қатынастары>  деген  тақырып 
бойынша орыс,  қытай,  моңғол,  түрік,  ағылшын  тілдеріндегі  қүжаттар
182

мен  материалдарды  жинақтауды  аяқтады.  Р.Б.Сүлейменов  пен
В.А.Моисеев  қазақтың  ағартушы-ғалымы  Ш.Ш.Уәлихановтың  150 
жылдық мерейтойы қарсаңында  «Шоқан Уәлиханов -   шығыстанушы» 
еңбегінің  қолжазбасын  баспаға  береді.  Республикалық  деңгейдегі 
шешімге  орай  Ш.Ш.Уәлиханов  шығармалар  жинағының  бес  томдық 
еңбегін қайта шығаруға дайындық жүргізіледі. Шоқанның бүрын баспа 
бетін көрмеген мақалалары мен хаттарына дүрыс анықтамалар беріліп, 
толықтырылады.  Араб,  парсы,  түрік  тіліндегі  шығармалар  бойынша 
ХІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  Қазақстанның  шекаралас  елдермен  өзара  қа- 
рым-қатынасының  тарихын  зерттеу  жалғасады.  Шығыс  мүраларын 
игеруде қомақты істер жүргізіп отырған Шығыстану бөлімі Қазақ КСР 
ҒА  академиясы  Президиумының  1984  жылғы  1  қыркүйектегі  №188 
қаулысымен  Шыгыстану  секторына  айналады.  Сектор  мынадай  екі 
бөлімнен түрды:
1)  Шығыстың  мәдени  мүраларын  зерттеу  бөлімі  (меңгерушісі
-  Р.Б.  Сүлейменов).
2)  Іргелес Азия елдерінің тарихы  бөлімі  (меңгерушісі -   Бутин).
Қорытындылай  айтсақ,  Рамазан  Бимашүлының  басшылығымен
қүрылған шығыстану бөлімі шығыс халқының тарихы мен мәдениетін 
баяндайтын ғылыми-әдеби мүралардың ғылыми айналымға енуіне, та­
рих  ғылымының  деректемелік  негізінің  кеңеюіне  зор  ықпалын  тигіз- 
ді.  Осы  шығыстанушылардың  қажырлы  еңбегінің  арқасында  «Цин 
империясы  және  Қазақ  хандықтары.  XVIII  ғасырдың  екінші  жарты- 
сы мен XIX ғасырдың бірінші  үштен бірі»  (екі  бөлімді)  деп  аталатын 
қүжаттар жинағы мен «ХІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстанның жапсар- 
лас  елдермен  өзара  қарым-қатынасы  тарихы  жөніндегі  материалдар: 
араб,  парсы, түркі  шығармаларынан алынған  үзінділер»  атгы  ғылыми 
жүмыс дүниеге келді.
Рамазан  Бимашүлы  шығыстану  ғылымына  және  оның  тарихна- 
масына  арнап  бірнеше  еңбектер  жазды.  Қазақстанның  іргелес  шығыс 
елдерімен  саяси  және  мәдени  байланыстары,  сондай-ақ  Орта  Азия 
мен  Қазақстан  халықтарының  мәдени  мүралары  жөнінде  «Шоқан 
Уәлиханов-шығыстанушы»,  «XVI-XVIII
ff
.  Қазақстанның  сыртқы 
саяси  байланыстары  Кеңестік  тарихнамада»,  «Қазақстанның  XVIII 
ғасыр  тарихынан  (Абылайдың  сыртқы  және  ішкі  саясаты  туралы)», 
«Қазақстандағы  шыгыстану»,  «Қазақстандағы  шығыстанушылық 
зерттеулер»,  «Отандық шыгыстану және Қазақстан халықтарының та­
рихы  мен  мәдениетінің зерттелуі»,  «Қазақ  халқының этногенезі  және
183

этникалық тарихы»,  «Көшпелі қоғамның формациялық табиғаты:  про­
блема  және  тәсіл»  деген  сүбелі  зерттеулері  кезінде  мамандар  ілтипа- 
тына бөленген еді.
Ш.Уәлиханов 
атындағы  тарих, 
археология  және 
этногра­
фия  институты 
Кыргызстан  шығыстанушыларының  қатысуымен 
Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  250  жылдыгына  байланысты 
«XVI-XVIII  гасырлардағы  Қазақстан,  Орта  және  Орталық  Азия» 
атты  мақалалар  жинағын  шыгарды.  Еңбекте  XVI-XVIII  гасырлардағы 
Қазақстан,  Орта  Азия  және  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  саяси, 
әлеуметтік-экономикалық,  рухани  өмірі  мен  сырткы  саяси  байла- 
ныстары  тарихи  және  тарихнамалық-деректік  түрғыда  қарастыры- 
лады.  Мүнда  Рамазан  Бимашүлының  «XVI-XVIII  ғғ.  Қазақстанның 
сыртқы  саяси  байланыстары  Кеңестік тарихнамада»  мақаласы  жари- 
яланды.  Автор  Кеңестік  Қазақстан  тарихнамасында  алғашкылардың 
бірі ретінде Азияның халықаральщ өміріндегі қазақ хандыгының орны 
мен  маңызы  сынды  ауқымды  да  күрделі  мәселенің зерттелу деңгейін 
көрсетуге  әрекеттенген.  Қазақстанның  сыртқы  саяси  байланыстары- 
на  арналган  зерттеулерге  тарихнамалық  талдау  беріп,  мәселенің  ір- 
гетасы  Кеңестік,  оның  ішінде  Қазакстандық  ғалымдардың  бірнеше 
үрнағының  күш  салуымен  қалыптаса  бастағандығын  корсетті,  бүл 
бағытта  республикадағы  тарих  ғылымының  көшбасшысы  -   Қазақ 
КСР  FA  Ш.Уәлиханов  атындагы  тарих,  археология  және  этнография 
институты жүргізген  жүмыстардың  мән-мағынасына  тоқталды.  Ресей 
ғалымдары  мен республика ғалымдарының  шығыс  халықтарының та­
рихы  туралы  зерттеулері  зерделеніп,  шығыстанудағы  үлесі  сарапқа 
салынды.
1981  жылы  28-30  қыркүйек  аралығында  Алматы  қаласында 
Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  250  жылдығына  арнап  КСРО  ҒА 
мен  Қазақ  КСР  ҒА  үйымдастыруымен  «Қазақстан  халықтарының  та­
рихи  тағдырындағы  Ресейдің  прогрестік  ролі»  атты  бүкілодақтык 
ғылыми-теориялық  конференция  өткізілді.  Оның  жүмысына  Москва- 
дан, РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Кыргызстан, Тәжікстан, 
Түркменстан,  Грузия,  Қарақалпақстан,  Башқүртстан,  Дағыстан  сияқ- 
ты  одақтық және  автономиялық республикадан  ғалымдар  қатынасты. 
Ішінде  КСРО  ҒА  вице-президенті,  академик  П.Н.Федосеев,  КСРО  ҒА 
Сібір  бөлімшесінің Тарих,  филология және философия институтының 
директоры,  академик  А.П.Окладников,  академик  И.И.Минц,  КСРО 
ҒА  корреспондент-мүшелері  П.В.Волобуев,  П.А.Жилин,  Өзбекстан
184

Ғылым  академиясының  академигі  С.К.Камалов,  Тәжікстан  ҒА  акаде­
мии  З.Ш.  Раджабов,  профессор  В.А.Куманев,  т.б.  бар  еді.  Конферен­
ция 4 секция бойынша жүмыс істеді, онда 64 баяндама тындалды.  «Ха- 
лықтар достығы  және  Орта Азия мен Қазақстанның экономикасы мен 
мәдениетінің  гүлденуі»  секциясыныц  жүмысын  Рамазан  Бимашүлы 
басқарады.  Конференция  Кеңес  өкіметінің  дәуірлеп  түрған  шағында 
өтуіне  байланысты  Қазақстанның  Ресейдің  қүрамына  енуі  тек  про- 
гресті  түрғыдан  қарастырылды,  зияны  мен  теріскей  жақтары  айтыл- 
мады.
Қазақ КСР Ғылым академиясының президиумы конференцияның 
дайындық  жүмысына  белсене  қатысқаны  үшін  және  мазмүнды 
ғылыми  баяндамасы  үшін  Қазақ  КСР  ҒА  корреспондент-мүшесі 
Р.Б.Сүлейменовке алғыс жариялады.
80-ші  жылдар  басында  Р.Сүлейменов  басқарған  шығыстану 
бөлімінің  кадрлық  потенциялы  нығайып,  зерттеу  тақырыптарының 
ауқымы  кеңейді.  Егер  1980  жылы  бөлімде  10-нан  астам  кызметкер 
болса,  арада  4  жыл  өткенде  олардың  саны  20-дан  асып  түсті  .  Бөлім 
жүмысының ірі  нәтижесі  1984 жылы «Цин империясы мен Қазақстан» 
атты  қүжаттар  жинағын  даярлауды  (көлемі  46  б.т.)  аяктау  болып  та- 
былады.  Жинақ  КСРО  ҒА Шығыстану институтында, КСРО  FA Қиыр 
Шығыс  институтында  жақсы  баға  алды.  Бөлім  жинақтаған  қүжаттар 
1989  жылы  Москва  қаласында  екі  том  болып  «Международные  от­
ношения  в  Центральной  Азии  XVII-XVIII  вв.»,  Алматыда  «Цинская 
империя  и  казахские  ханства.  Вторая  половина  XVIII-первая  треть 
XIX  в.»  (екі  бөлімнен  түрады)  деген  атпен  Р.Б.Сүлейменовтің  редак- 
циясымен  жарық көрді.  Жинақ тоқырау  заманында даяр  болды,  қайта 
Қүру түсында жарық көрді. Сондықтан онын ішінде ресми идеологияға 
сәйкестендірілген  ойтүйіндер  кездеседі.  Бүл  туралы  1991  жылдың та- 
мыз айында Көкшетау қаласында өткен «Абылай және қазақ халқының
XVIII  ғасырдағы  үлт-азаттық  күресі»  ғылыми-практикалық  конфе- 
ренцияда М.Қозыбаев  айта  алды.  Онда  мына  жолдар  бар:  «Тіпті  1989 
жылы  Щ .Щ ,Уәлиханов  атындағы тарих,  археология  және этнография 
Институты  мен  Ұйғыртану институты  шығарған  «Цинская  империя  и 
казахские  ханства.  Вторая  половина  XVIII  в.  -   первая  треть  XIX  в» 
атты кітаптың кіріспесінде зертгеуші К.Хафизова былай деп жазыпты. 
«Казахские ханства представляли собой феодальные образования  с не­
совершенными  формами  государственного  института.  В  одном  жузе 
нередко правили несколько ханов, но ни один из них не имел реальной

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет