Г.Ы. Серкебаева, С.Р. Боранбаев
48
№
4/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
көрсету, әрбір жұрнақтың мағыналық құрамын айқындау –
кезек күттірмейтін мәселе.
Әдістеме және зерттеу әдістері.
Үстеу сөз табын өз алдына жеке зерттеп жүрген
А.
Ысқақов, С.Ф.
Фузаилов, Ф.А.
Ганиев, А.Г.
Гулиев, С.А.
Давлетова, С.М.
Исаев,
А.
Аблақов, Ж.
Сарбалаев, Т.
Сайрамбаев, Р.
Әміров, Ә.
Ыбырайым, Б.
Таңсықбаева
сынды ғалымдардың диссертациялық, монографиялық еңбектері, ондағы көзқарастар,
тұжырымдар мен қағидаттар басшылыққа алынды. Сонымен қатар үстеу сөз табының
теориялық мәселелерін талқылау, соған байланысты нақты тұжырымдамалар жасау
мақсатында келесі шетел және орыс лингвистерінің тұжырымдары мен дәйектемелері
пайдаланылды: В.В.
Радлов, С.
Броккельман, М.
Ердал, К.
Ераслан, Ф.
Зейналов,
В.
Банг, А.
Габаин. Сондай
-
ақ, кейінгі жылдары
үстеулерді арнайы қарастырған
Е.Б.
Саурықовтың «Үстеу сөз табы: тарихи дамуы және қалыптасуы (түркі тілдері
материалдары негізінде)» [1] атты филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты, үстеу сөз табын
«мөлшер»
категориясының
аясында
қарастырған
Е.
Маралбектің
«Мөлшер
категориясының тарихи парадигмасы (лингвистикалық аспектіде)» [2] атты философия
докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы негізге алынды.
Зерттеу жұмысында сипаттау, салыстыру, салғастыру әдістері, құрылымдық,
синхронды және диахронды талдау жұмыстары, жинақтау, жүйлеу тәсілдері
қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: