енді, кеше, бірге, әдейі,
т.б.
Аталған үстеулер «Кодекс куманикус» қолжазбасында
емді, түнәкүн, бірлә біле, хасса
[6] түрінде келеді. Ал қалған үстеулер кейін ауызекі сөйлеу тілі, әдеби жазба тілдердің
дамуы, қалыптасуы, белгілі нормаға түсуі нәтижесінде жасалып, жаңа сөз, жаңа мағына
ретінде үстеу сөз табына телініп отырды.
Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылысының қарым
-
қатынасына
және олардың даму заңдылығына лайық сөздердің белгілі бір сөз табынан өзге сөз табы
қатарына ауысуы қазіргі заманның ғана жемісі емес, ол бастауын көне дәуірден алған тіл
дамуындағы тарихи құбылыс. Тілдегі сөз таптарының қалыптаса бастауы мен
лексикалық алмасулар бір кезеңде өмір сүреді. Өйткені сөз таптарының дамуы қатып
қалған заңдылық емес, онда неше түрлі өзгерістер өзгерістер болады, әрбір құбылыстың
өзіндік ерекшелігі мен табиғаты бар. Бұл жөнінде В.В.
Виноградов өз ойын жалғастыра
түсіп «Сөйлеу бөлігінің басқаларына ауысу мәселесі тіл біліміндегі сөйлеу бөлігін бөлу
проблемаларымен тығыз байланысты» [7,17] деп
қорытындылайды. Сонымен, сөз
таптарының дараланып, категориялық дербестікке ие болуы тілдегі лексикалық
бірліктердің қызмет өресінің өнімді болуынан деп қарап, «алмасу» ұғымын тілдегі сөз
тудыру, сөзжасам тәсілдерінің біріне жатқызуға болады.
Конверсиялық сөзжасам тәсілінің қазақ тіліне де қатысты екендігі жөнінде
зерттеуші
-
ғалым С.
Исаев мынадай пікір айтады: «Конверсиялық тәсілдің ерекшелігі
сол, ол сөздердің сөйлеу процесінде, жаңа сөздермен байланысып, тіркесе жұмсалуында
жаңа мағыналарға, семантикалық
өзгеріске түсуінде. Сондықтан оған субстантивтену,
адъективтену, адвербиалдану, т.б. процестер жатады» [8, 282] деп тұжырым жасайды.
Тілдегі сөз таптарының қалыптасуы, дамуы, ондағы лексикалық алмасулар, бір
атаумен конверсиялық үдеріс тәсілінің табиғаты жөніндегі зерттеулерді түйіндей
отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: сөздердің белгілі бір грамматикалық
категориядан ауысып, өзге лексика
-
семантикалық, сөз табындық дербестікке ие болуы –
конверсиялық
сөзжасамның
нәтижесі.
Ж
.
Сарбалаевтың
пікіріне
сүйенсек:
«Конверсиялық сөзжасам тәсілінде сөз тудырудың лексикалық, морфологиялық және
синтаксистік тәсілдері қатысады демей
-
ақ, бұлардың көріну ерекшеліктерінде әрі
сөзжасамның лексика
-
грамматикалық тәсілдерінің қалыпты көрінетіндігін ескере
отырып, оларды лексика
-
грамматикалық факторлар деп қабылдау орынды сияқты.
Сонда конверсиялық амал бойынша сөз тудыру дегеніміз –
лексикалық, морфологиялық
Г.Ы. Серкебаева, С.Р. Боранбаев
50
№
4/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
және синтаксистік факторлардың жиынтығы» [9, 29].
Түркі тіліндегі үстеулердің қалыптасуына сөз таптары грамматикалық
формаларының әсері мол. Қазіргі тілде қолданылып жүрген көптеген үстеулердің
құрамында зат есімнің септік жалғаулары кездеседі. Бұл жердегі зат есімнің септік
формаларының қызметін деривациялық сөзжасаммен бірге қарауға болмайды. Тіл
-
тілде
белгілі болғандай, септік формалары сөз тудырушы қасиетке ие емес. Олардың қызметі
тек сөз түрлендіру, грамматикалық мағына үстеу, сөздердің байланысу, берілу қызметін
ұлғайту. Көне түркі, қазіргі түркі тілдерінен белгілі мекендік, мезгілдік зат есімдердің
септік формаларымен лексикаланып, мағыналық жақтан көнеленуі, функциялық
тұрғыдан пысықтауыш болуы нәтижесінде үстеулер қатарына өтіп отырған.
Көне түркі тілінен белгілі құранды
-
ғару,
-
геру,
-
қару,
-
керү,
-
ару,
-
ерү
формалары
қазіргі түркі тілдерінің деректерінде үстеулік мән
-
мағына беретін сөздердің құрамында
өлі форма, көнеленген септік жалғауы ретінде сақталған. Аталған форманың тарихи
құрамы мен пайда болу себептері тұрғысында ғалымдар алуан түрлі болжамдар мен
пікірлер айтқан болатын. Г.И
.
Рамстедт бұл құранды форманы
-
ға барыс септігі және
бағыттық
-
ру формасы немесе директив деп көрсетеді [10,44]. Ғалымның пікірін кейінгі
жылдары В.
Котвич қолдап, өз болжамын моңғол тілінің сөз жасаушы
-
ғаду формасымен
сабақтастырады [11,
324].
Зерттеліп
отырған құранды
-
ғару,
-
геру,
-
қару,
-
керу
формаларының екінші негізгі
қызметінің ерекшелігіне тоқталайық. Қолданылу аясына сай грамматикалық
мағыналарының түрлі болып келуі жалғаулардың даму заңдылығын көрсетеді.
Қосымшалардың пайда болуы, функциялық жақтан жаңаруы немесе көнеленуі, өзге сөз
таптары қатарына ауысып кетуі тіл
-
тілде болатын тарихи заңдылық. Яғни ескерткіштер
тілінде бұл құранды форма тек тек барыс септігі емес, үстеу қалыптастыруда үлкен рөл
атқарған. Көне түркі мәтіндерінде кездесетін
йоқару, ічкерү, ілгерү
сөздері осының
айқын дәлелі. «Кодекс куманикус» қолжазбасында аталған үстеу
ічкәрі
[6] түрінде
кездеседі.
Үстеулердің жасалуындағы морфология
-
семантикалық тәсіл арқылы туындаған
тұлғалардың бір бөлігі жатыс септігі формаларымен ауысып келген. Мұндай сөз жасау
тәсілдерінің барлығы
конверсиялық құбылыстың нәтижесі. Сондықтан адвербиалданған
сөздердің қандай жолмен, қандай тәсілдер арқылы ауысқандығын айқындайық. Бірінші
кезекте көне түркі тілінен белгілі үстеу ретінде толық қалыптасқан сөздерге тоқталайық.
Көне түркі тілінде жатыс септігінің
-
да,
-
де,
-
та,
-
те
және көптеген ғалымдардың
қолдауы бойынша жатыс септігі формасы деп танылып жүрген
-
ра,
-
ре қосымшалары
арқылы адвербиалданған үстеулердің мағыналық, құрылымдық ерекшелігіне
тоқталайық
.
Көне түркі тілінде
-
да,
-
де,
-
та,
-
те
формалары арқылы есім сөздерден мекен
үстеулері жасалған. Мысалы,
бунта, анта, онда, антада,
т.б. «Кодекс куманикус»
қолжазбасында мекен үстеулері
артында, үстүндә, түбіндә
[6]түрінде келеді. Қазіргі
түркі тілдерінде тек мекен мәнді үстеулер ғана емес, мезгіл,
бейне үстеулері де
туындайды. Мысалы,
анада, ақырында, бертінде, ертеде, кейде, жақында
–
мезгіл
үстеулері;
алда, артта, мұнда, сонда осында
–
мекен үстеулері;
аңдаусызда, абайсызда
қапылыста, қапелімде
–
бейне үстеулері. Жатыс формасы арқылы қалыптасқан үстеулер
мағыналық ерекшелігіне орай сөйлем ішінде түрлі пысықтауыштық функцияны
атқарады. Қазіргі түркі тілдеріндегі мекендік, мезгілдік үстеулердің қалыптасуына үлкен
әсер еткен көне түркі тілі жүйесіндегі үстеу
сөздердің тарихы мен өзіндік ерекшеліктері
бар. Көне ескерткіштер тілінде есімдіктердің ішінде сілтеу есімдігінен туындаған
үстеулер кездеседі. Көне түркі тілінде: –
Йай анта йайладым (Мен жазды сонда өткіздім).
Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде етістіктен үстеу жасауға қатысатын
-
а,
-
е,
-
«Кодекс куманикус» қолжазбасындағы үстеулердің лексика
-
грамматикалық сипаты
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ
ISSN 1999-4214
№
4/2022
51
й,
-
у,
-
ү,
-
ы,
-
і
формалары бар. Бұл формалар етістікті түбірлермен грамматикалық
қатынасқа түсіп, лексикалану арқылы үстеу сөз таптарын жасап отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |