Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары



бет13/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
b175

Оқуды қызыл дипломмен бітірді – университетті үздік дипломмен бітірді.
Емтиханнан құлап қалды – емтиханды тапсыра алмады.
Зейнеткерлікке шықты – құрметті еңбек демалысына шықты.
Бірінші сыныпқа барды – мектеп табалдырығын аттады.

Сөйлеу тіліндегі осындай қолданыстың біріне дәл, біріне дәл емес деген тәрізді қатаң талап қойылмайды. Ал, ресми қолданыста (өтініш, өмірбаян, түсінік хат т.б.) бұл тәрізді еркіндік болмайды. «Оқуды қызыл дипломмен бітірді», «бес алды» т.с.с. тәрізділер ресми тіл стандартына немесе бетпе-бет сөйлесудегі белгілі бір оқу орындарының, мекеме, көсіпорын құжаттарындағыдай толық айтып жатудың орнына «институтқа бардым», «мектептен келдім» деп, ықшамды айту да орында деп есептеледі.


Тілде толып жатқан мағыналас сөздер бар. Әдеби тілдің функционалдық арналарының кейбірінде (сөйлеу тілі, көркем әдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылып та жатады. Ресми қолданыста олай емес, синонимдер мен мағыналас сөздердің бірде анауын, бірде мынауын жұмсау тым шектеулі болады. Бұл стильде тілдегі әр түрлі нұсқалардың бәрі бірден қабылданбай, біреуі ғана негізге алынады. Мысалы: «Екі мәрте олимпиада чемпионы - Екі рет олимпиада чемпионы, Халыққа тұрмыстық қызмет өтеу орындары - Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу орындары», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі - Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген артист» т.б. (осының алдыңғысы алынады).

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. «Сөздің дәлдігі, сөздің нақтылығы» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? Бұл туралы өз ойларың қандай, оны қандай мысалдармен дәлелдеп айтуға болады?
2. Тіліміздегі сөздерді мағынасына сай қолданбау, дәлдіктен көз жазып қалу қандай тілдік ерекшелікке байланысты, ол үшін әрбір сөйлеуші немесе сөз қолданушы қандай заңдылықтарды қатаң негізге алу қажет?

  1. Кейбір авторлар «бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздердің ұқсастығын абсолюттік ұқсастық деуге болмайды» деген дәлелдер келтіреді. Осыны қандай мысалдармен тұжырымдап айтуға болады? Осындай ойдың сөз дәлдігіне қатысы бар ма?

  2. Тілде толып жатқан өзара мәндес, мағыналас сөздер бар. Алайда мұндай сөздер бір-біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардың бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да тәуелді. Осындай ерекшелікті қалай түсінесіңдер, нақты мысалдар келтіріп, бір-бірімен салыстырып көріңдер.

5. Кейде жеке бір сөздің не сөз тіркестерінің бірнеше нұсқасы болады. Нұсқалы сөздер екен деп мұндайларды сөйлеу тілінде бірінің орнына бірін қолдана беруге бола ма, әлде болмай ма? Сөзді өз орнымен қолдана білуге бұның қандай зияндылығы бар? Дәлелдеп көріңдер.


1-тапсырма: Төмендегі бір-біріне мәндес болып келетін нақыл сөздерді өз орнымен қолданып, шағын мәтін құрастырып көріңдер. Бұл сөз тізбектерінің дәл мағынасында жұмсалып тұрғанына өз ойларыңмен талдау жасап, әр сөйлемнің стильдік реңктерін түсіндіріңдер.
а)... Қазанға не түссе, қасыққа сол ілінеді - Не ексең, соны орасың;
б) Жалаң болмайын десе, теңіз де суалып қалады, сұмырай келсе, су құриды;
в) Желсіз жапырақ та желбіремейді - жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды;
г) Ертеңгі тауықтан, бүгінгі жұмыртқа артың - аспандағы тырнадан, қолдағы торғай артық;
д) Өлім қаупін туғызды - ажал отын шаша бастады;
е) Үріп ауызға салғандай - жүзіктің көзінен өткендей;
ж) Соқырға таяқ ұстатқандай - тайға таңба басқандай;
з) Ит терісін басына қаптады - жер-жебіріне жетті.


2-тапсырма: Ақын-жазушылардың, данышпандардың, ұлы адамдардың даналық сөздерінің жалғасын төмендегі тірек сөздерді негізге ала отырып, тиянақтап көріңдер.
а) Бәлеқор жаныңда болса, ... Ж.Баласағүни.
б) «Қорқақтық, ездік, аяңшақтық, көнбістік - ... Ғ.Мүсірепов.
в) «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - ... Б. Момышұлы.
г) Жарғанат жарықты сүймейді,... С.Сарай.
д) Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның... Ж.Аймауытов.
е) Өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үңіле қараған адамға оның қызығы мен қиындығында емес пе? Өмір жолы үлкен қозғалыс: ол қозғалыс әрқаша да алға, алысқа құлаш сермейді,...» М.Ғабдуллин.
ж) Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен, Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен,... Б.Момышұлы.
з) Балаға сіңірген ата еңбегін бала өмірі ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатыңа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ...» Ғ.Мұстафин.
й) «Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сыйыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да риза болып шыдайды,...» С.Мұқанов.
к) Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді, ... Б.Бұлқышев.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет