Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары



бет48/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
b175

Тұрақты сөз тіркестері
1. Үріп ауызға салғандай, жүзіктің көзінен өткендей, хор қызындай - әдемі, сұлу
2. Тіліңді жұтарсың, аузынан дәмі кетпейді, саусағыңды жалайсың – дәмді, тәтті.
3. Елең-алаңнан, таң сәріден, ала көлеңкеде – ерте.
4. Ит арқасы қиянда, ит өлген жерде – алыс.
5. Жыланның аяғын санаған – қу, тақыс.
6. Қой аузынан шөп алмас – момын.
7. Оқтау жұтқан, түйе үстінен сирақ ұйыту.
8. Өкпесін қолға алып жүгіру, аяқ-қолы жерге тимеу, жан ұшыру – қатты, тез жүгіру.
9. Жерден алып жерге салу – қатты ұрысу.
10. Жерге кіріп кете жаздау, бетінен оты шығу – қатты ұялу.
11. Кеңірдегі жыртылғанша, даусы қарлыққанша, бар даусымен – қатты айқайлау.
12. Көзге түртсе көргісіз – қараңғы.
13. Төбесі көкке жеткендей, жоғалғаны табылғандай, өлгені тірілгендей - қатты қуану.
14. Өлген адамды күлдіреді – қу тіл, күлдіргі.
15. Зәресі зәр түбіне кету, көзі шарасынан шығу, зәре-құты қалмау – қатты қорқу.
16. Жаны мұрнының ұшына келу, жай таппау – қатты сасу.
17. Екі аяғын бір етікке тығу – асығу.
18. Терісіне сыймау, жын қаққандай аласұру – қатты ашулану.
19. Аузы-аузына жұқпау – тез сөйлеу.
20. Қолы-қолына жұқпау – тез істеу.
21. Өгіз аяңмен – жай, ақырын.
22. Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу – қатты шаршау.
23. Өрт жалағандай – тақыр.
24. Ит байласа тұрғысыз – көңілсіз.
25. Ұшарға қанаты жоқ – тез жетуге асығу.
26.Түйенің құйрығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жеткенде – ешқашан орындалмайтын іс, ой.
27.Опық жеу, бармағын тістеу – қатты өкіну.
28. Салт атты, сабау қамшылы – отбасынсыз, жалғыз басты адам.
29.Сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ – қауіп-қатерден ойлап сақтандыру.
30. Шаш етектен бату – молшылыққа кездесіп, мол олжаға ие болу.

Пайдаланғат әдебиеттер тізімі:





  1. М. Балақаев. «Тіл мәдениет және қазақ тілін оқыту». - А., 1989.

  2. М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. - А., 1971.

  3. Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - А., 1991.

  4. С.Құрманғалиева. Қазақ тілінің мәселелері. - А., 1965.

  5. Р.Сыздықова. Сөз құдіреті. - А., 1997.

  6. Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. - А., 1980.

  7. С.Жендырбаева. Мәнерлеп оку. - А., 1992.

  8. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан. М. 1991ж.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет