Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары



бет16/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
b175

Сөз байлығы мол, тілі оралымды адам деп кімдерді айтуымызға болады?

  • Бай әдеби тілді жетік меңгеру үшін кез келген мәдени ортада өз ойымызда еркін жеткізіп, әсерлі сөйлеу үшін бізге не қажет, ондай дәрежеге жету үшін әрбір сөйлеуші адамның әдеби білімі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

  • «Тіл байлығы» деген ұгым ана тілінің лексика-фразеологиялық топтарының ғана емес, синтаксистік, морфологиялық амал-тәсілдерін де қамтиды. Яғни, бір-бірімен ынтымақтаса, тығыз байланыста қызмет атқарады. Осыны қандай тілдік материалмен байланыстырып дәлелдер едіңдер?

  • Қазақстанның ұлттық телеарнасынан берілетін «Алтын қақпа» телеойынының алдына қойған мақсаты қандай? Көрермен қауымның тіл байлығын дамытуға бұл телеойынның тигізетін әсері қандай, осыны өмірмен байланыстырып, ой толғап көріңдер.

  • М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы қазақ халқының әдет-ғұрпына, мал шарушылығына, ойын-сауығына, төрт-түлік малына байланысты біздерге беймәлім сөздер мен сөз тіркестері бар (бие бауы, сабат) Мұндай сөздер мен сөз тізбектерін жиі қолдана білмеудің тіл байлығына қатынасы қандай?

    6. Қазақстанның әрбір өлкесінде, облыстары мен аудандарында сол жергілікті жерге байланысты қойылған жер-су атаулары бар (топонимдер). Мұндай топонимдердің жергілікті хальқтың әдет-ғұрпымен, тұрмыс-тіршілігімен байланысты екендігін нақты мысалдармен түсіндіріп көріңдер.


    1-тапсырма: Қазақ тілінің «Түсіндірме сөздігін» пайдалана отырып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына талдау жасаңдар. Ақын-жыраулар поэзиясынан бұл сөздерге мысалдар келтіріп, қазіргі кездегі лексикалық мағынасына анықтама беріңдер. Әрбір сөздің құрамындағы дыбыстық өзгешеліктерді жіктеп көрсетіп беріңдер.
    Қара орман, қара орын, қаттану, құрсану, қырқарлану, сақетер, сақсыр, сыбай, кетбоғы, жер болу, жер қылу, дем тарту, аса жұрт, байсал табу, айпарадай, несібе, таңуа, бажайына келтіру, медет тілеу, күстәнәлау т.б.


    2-тапсырма: Төмендегі сөздердің мағынасын мақал-мәтелдермен жеткізіп, бір-бір шағын мәтін құрастырып көріңдер.
    Үлгі: Сақтық, қырағылық - «Сақ жүрсең, сау жүресің», «Жаман көзден, жалған сөзден сақтан», «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме», «Сақтықты сұңқардан үйрен», «Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар», «Жаздың қамын қыста ойла, бір ойлама, үш ойла» т.б.
    ...Жақсылық, кедейлік; қадір бедел; ниет, тілек; ынсап, қанағат; қайырымдылық, мейірімділік; шын-шылдық, адал достық; махаббат-сүйіспеншілік; іштарлық; көрсе қызарлық, жалған сөйлеу, өтірік айту; бел-сенділік, бір сөзділік; талапкерлік, намысшылдық; ар-ұят т.б.


    3-тапсырма: Төмендегі сөздердің мағынасын тұрақты сөз тіркестерімен айтып көріңдер.
    Үлгі: Топырақты өлім-жүріп кетті, о дүниеге аттанды, қайта оралмас сапарға кетті, жан тәсілім қылды, жаны шықты, бақилық болды, ақырғы демі бітті, жүрек соғысын тоқтатты, көз жұмды, қонақты болды...

    Мылжың, бейпіл ауыз, жаулық, өштік, өткірлік, алыс, қайғыру, сырқаттанды, жас, бабына келу, маң дала, жасырын келу, тез қозғалды, қамқорына алу, менсінбеу, көңілсіз, күш бермеу, жазылды, үндемеу, жаратпау, жаңа қозғалмау, сұлу, жамандық, мән беру, анық, жақын, сергектік, шынын айту, көзге түсе беру, т.б.




    4-тапсырма: Мәтіннің құрамындағы қарамен жазылған сөздердің мағынасына сөздіктерді пайдалана отырып, талдау жасаңдар. Әрбір сөздің немесе сөз тізбектерінің түп-төркінін анықтап, қай тілден келіп енгеніне мән беріңдер.

    Қыстау
    Үлкен кісілер қыста жауған қардың қалыңдығын: қырбақ, аттың қара тұяғынан, шамасынан, қызыласығынан, тұсардан, тізесінен, қара қапталынан деп өлшейтін. Шынында да, біздің қыстаудың күнгейінде қабақ қар жатса, теріскейіндегі омбы қар аттың қары қапталынан келетін. Жан-жаққа жел үрлеп тастаған қасат қар жар қабақтанып, түксейіп-түксейіп тұрушы еді. Жұт жылдары осындай қалың қарды күрекпен ашып, астындағы сары шөпке мал жаятынбыз. Бұл бір ауыр бейнет қой. Кейде қия беттің қары жылжып кетіп, көшкін басып қала беретін. Сол үшін қыста үлкен сайдың күнгей бетіндегі қар жұқа түсетін, ықтасыны мол жыра-жықпылды қуалай қоныстанатын. Ал ол мал, бақсақ: ата-бабаларымыз малының қамына бола Арқадан Атырауға дейін көшіп-қонып жүре береді екен. Сөйтіп, өзіне қыс қысқан кезде пана болатын қонысты қыстау деп атапты.


    Ендеше, шөбі шүйгін жайлы қонысты иемденіп алуға әркім-ақ тырыспай ма? Мұндайда кімнің іргесі бұрын тисе, қоныс сонікі болған. Әрине, малды адам, әлді адам. Қайда шұрайлы қоныс болса, сонда бұрын жеткен. Бірнеше жыл қыстаған соң, әлгі жер сол адамның атымен аталатын. Мәселен, ауыл адамдары: Көл бұлаққа қарай еңкейіп келе жатып Нұрғазының қыстауына соғып едім, биыл шөп ересен қалың шығыпты, - десіп әңгіме құратын (Н.Қазыбеков).


    5-тапсырма: Этимологиялық сөздікті пайдаланып, мына сөздердің шығу тегіне, тарихына талдау жасаңдар. Тарихи жырлар мен эпостық шығармалардан мысалдар келтіріңдер.
    ...Алафа, алаш, алқалы, шар, сыбай, кешесі, жәреу-келі, берен, шара, толағай, сызу, сыншы, сары, оразды, қайдақ, шерлеп, тақуа, мақам, жаһат, шаһбаз, бастырма, хикмат...
    Үлгі: алафа 1) олжа, пайда, табыс; 2) пара, алым, ауыз бастырық; 3) кәделі сыйлық, жөн-жоралғының атауы; 4) бедел, абырой.
    Мысалы:
    Қырық сан қара қалмақты
    Жарлығына қаратқан...
    Алафасын арттырып,
    Арпалап атты қуантқан (Ш. Уәлиханов, I, 191).


    6-тапсырма: Тіліміздегі жер-су атауларының өзі бір тарих. Оны білу, меңгеру үлкен мәдениеттілік. Сондықтан да мына жер-су, елді мекеннің атаулары қандай жағдайға байланысты пайда болған, байланысы бар ма, соны анықтап көріңдер. Ол үшін түсіндірме, этимологиялық, топонимдік сөздіктерді пайдаланыңдар.
    Аманқарағай, Аңқаты, Арқалық, Балқаш, Боралдай, Жабасақ, Жоңғар Алатауы, Кеңгір, Қордай, Қызбел, Мойылды, Нарын, Саралжын, Сарыарқа, Тұран, Ұлытау, Ырғыз, Барбастау, Шілікті, Сайхын, Іле Алатауы, Қара төбе, Ойыл, Сағыз...


    7-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіріңдер. Мәтіндегі «ар-ождан»,«ұят»,«әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздерге байланысты мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден, ақын-жазушылардың ұлағатты сөздерінен мысал келтіріңдер.

    Ар-ождан
    Бұл істеген істеріңе жауапкершілікпен қарайтын бір ғана жан иесі бар. Ол - ... Өйткені, оның дана ақылы, ұшқыр сана сезімі және кісілігі оған... жүктейді. Міне, ол осы тұрғыдан алғанда ғана өзін жан-жануарлардан бөлектеп... үстемдігін көрсете алады.


    Адам өзінің әрбір. осы жауапкершілік сезімі арқылы дұрыс орындауға тырысып бағады. Әлдебір жасаған. іштей күйініп, дұрыс істеріне сүйсінеді. Тіпті кейде орынсыз істері үшін өзін-өзі іштей жәбірлеп, екінші олай жасамауға сөз береді.
    Иә, адамның ішінде оны. осындай бір құдіретті күш бар екені рас. Ол - ар-ождан.
    Міне, кісі адамдармен. жасағанда өзінде осындай жауапкешілікті, яғни,. - .сезінуі керек. ( «Әдептілік кағидалары» кітабынан)
    Көп нүктенің орнына қоятын сөздер мен сөз тіркестері:
    ...қарым-қатынас, жазалайтын, оқыс қылықтарына, ар-ожданды, әрекетін, жауапкершілік, табиғаттағы, адам, ғаламда.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет