1-тапсырма. Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.
1. Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр. 2. Таң атты. 3. Бөлме іші ысып кетті. 4. Асқар қатты қуанды. 5. Алыстан малшылардың қой қайырған дауыстары естіледі.
Үлгі: Өзгеден оқшау тұрған жалғыз тал төңірегіне тәкаппарсып қарайтындай. Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр Мұң басқан жалғыз тал топтасқан тұстағы у-шуға қызыға, қызғана қарайды. Ылғалы мол, күн көзі өзіне ғана еркін жеткенімен, жалғыз тал өзеннен алысырақтағы, тоғай ішіндегі, көп ағаштың бірі болмағанына өкінеді.
2-тапсырма. Сөзді әсерлі жеткізуде кестеде көрсетілген әр бөліктің орны қалай екенін айтып беріңдер.
Үлгі: Әдептілік пен халықтық таным ортақ. Мысалы: адамды айналма, адамға қарап түкірме, есінеме деген тыйым сөздер әрі әдептілік, әрі таным. «Айналайын» сөзінде емірену, толғанумен бірге саған келген қиындықты мен көтеріп алайын деген түсінік берер, сол адамды айнала жүріп жамандықтан қорғар дәстүр де бар.