Құлыптағы шекара Мектепте би кеші өткізілді. Кешіккендерді кіргізбеді. Кешіккендердің саны жиырма болды, мен де солардың қатарында болдым. Күзетші ірі адам ешкімді жібермеді. Кешікккендер артқа шегінген кезде, мен күзетшінің қасына бардым: - Қайырлы кеш! Өтінемін, сіздің қасыңызда жылынып отыруға бола ма, өйткені, мен би кешінің аяғына дейін тосуым керек, ал дала болса суық. - Неге тосу керек? - Қызыма би кешінен кейін, шығарып салам деп уәде берген едім. Ал өзім сабақта болып кешігіп қалдым. Ол қауіпсіз ауданда тұрады. - Сен де мында оқисың ба? - ПМУ-дың дайындық курсына барып жүрмін. - Оқуға түсуге дайындалып жүрсін бе? - Иә, бірақ бүгін төбелесем деп ойлаймын. - Неге? - Менің қызыммен билеп жүрген жігітке, оны шығарып салуға жол бермеймін. Ол үшін күтіп тұрған жоқпын. - Онда өзің барып биле. - Сіз мені жібермейсіз ғой! - Олай болса өте бер, бірақ төбелес болмасын. - Рахмет! - Жарайды...
- Бұл жас жігіттің жетістігін талдаңыздар.
Бұл жігіт басынан бастап, өзінің өтінішіне «иә» деген жауап алды, яғни Сократ ережесі бойынша әрекет жасады. Екінші «иә» деген жауаптың қажеті болмады, өйткені ол өзің «нағыз жігіт» екенін көрсете біліп, имиджін көтерді. Ал соңғы төбелес туралы аргумент күзетші үшін шешуші болды, өйткені күзетші төбелесті болдырмас еді.
5 Карточка. Жаңа прическа К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.
- Неге әкесі сендіре алмады?
Әкесінің тапсырмасы басынан қиын болды, өйткені ұлы үшін сыртқы келбетіне байланысты жолдастарының пікірлері бірінші орында болды (бұл сұрақта олардың пікірлері жоғары).
Бұл жағдайды әкесі ұрыстан бастап, қарым-қатынастың араларын ажыратып жіберді.
Басқаша айтқанда, 8-11 ережелерін бұзды. Баласын мазақтағаннан кейін, жағымсыз әңгімелесуші болуға бір қадам жасады.
Нәтижесінде, әкесі ұлымен ешқандай шешімге келмей, ұрысты. Сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша әсер ету мүмкіндігін төмендетті.
Қорытынды:Иландырудың сәтсіздікке ұшыруы 14 ережені бұзумен байланысты болады.
Керісінше: осы ережелерді дұрыс қолданған кезде, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.