Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары


-тақырып: Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы



бет38/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
b175

9-тақырып: Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы.

Жан дүниенің әрбір қимылы дауысында,


ымында және қимылында табиғи ретінде көрініс береді.
Цицерон

Сабақтың басында кішігірім көріністі өткізу керек.


Оқушы көйлегін шкафтан алады, айна алдында оны киіп көреді, үстелдің үстіне қояды, үтікті қосады, үтіктейді, ойламаған жерден саусағын күйдіріп алады, үтікті көйлектің үстіне лақтырады, саусағын үрлейді, көйлек күйіп қалады. Қыз бала үтікті алады, басқа жерге қояды, көйлегін алып, жылап жібереді.
- Балалар, бұл көріністен сендер не түсіндіңдер? Сендер бұл қыздың не істегенін қалай білдіңдер? Қыз бір сөз де айтқан жоқ қой? Ым мен қимыл арқылы көптеген әрекетті көрсетуге болады екен.


Сабақтың тақырыбын барлау.
- Тақырыптың қандай сөзі тақырыпта сізге түсініксіз?
- Ым және қимыл, мимика дегеніміз не?
Ым - ішкі жан дүниені көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылдары.
Қимыл – қолдың немесе басқа дене мүшесінің қимылы.
Сонымен, ым және қимыл сөзбен тығыз байланысты. Қимыл және ым жалпы сөзді ауыстырады. Цицерон айтқандай, біздің ішкі дүниеміздің қимылын білдіреді. Сондықтан, біздің сабағымыздың мақсаты осындай:

  1. Біздің өміріміздегі вербальды емес құралдарға түсінік беру.

  2. Әр түрлі жағдайлардың көмегімен вербальды емес құралдарды көрсету.



Ым және қимыл тілінің тарихы.

  1. Көптеген ымдар өзінің тарихи және олардың ұлттық ерекшеліктерімен байланысты. Сіздерге саусақтарды көтеру немесе түсіру ымы таныс. Саусақты көтеру бағытын император гладиаторға өмір сүру шешімін көрсеткенде қолданған.

  2. Біз амандасу кезінде қолымызды қысамыз. Бұл ым бәріне белгілі. Бірақ, мысалы, қытайлықтар ерте кезде өз қолдарын бір-біріне қысқан. Біздің кезде шешендер тындаушыларымен осылай амандасады.

  3. Тибет елінде кездескен кезде бас киімдерін оң қолдарымен шешіп, сол қолдарын құлақтың артына жібереді, сонымен қатар өздерінің тілдерін шығарады. «Саған қарсы ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Сабыр бол» дегенді білдіреді. Бұл ымдарды тек Тибет елінде ғана қолданыңыз.

  4. Эскимостар бір-бірімен амандасқанда жұдырықпен бастан және иықтан жеңіл ұрады.

  5. Лапландтар мұрындарымен жұғысады.

Тарихтағы ымдар туралы айта берсек, олар өте көп. Ал егер, біреу қатты қызықса керекті мәліметтерді кітапханада таба алады.
- Біз ым және қимыл тілдерімен тағы қайда кездесе аламыз? (спортта, құрылыста, теңіз қызметінде;естімейтін және сөйлей алайтындардың әліппесі бар; ал мектепте болса – сабақта көмектесу.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет