ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛДІ ДАМЫТУ МЕН ҰСТАРТУДА ҚОЛДАНАТЫН ӘДІСТЕР
«Әдеби үйірме» әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады)
2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)
3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, т опта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)
4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)
5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)
Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.
Жұмыс алгоритмі: Оқушылар көздерін жұмады.
Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді.
Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.
Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.
Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың оңтайлы тәсілі.
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА
Қалыптастырылатын дағдылар:
креативтілік;
ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.
Жұмыс алгоритмі
Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица беріңіз: