Комиссия мүшелері қала мектептеріндегі мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарына талдау жасай келе төмендегідей ұсыныстар жасайды:
қаланың орыс және аралас мектептерінің орыс сыныптарына, әсіресе бірінші сыныптарына келетін қазақ балаларының жыл сайын көбейе түсуіне байланысты қазақ балаларын тек қана қазақ сыныптарына қабылдау, осы мақсатта ата-аналармен жүйелі де пәрменді жұмыстар жүргізу;
мектептердің базистік оқу жоспарында негізгі оқу жүктемелерімен қоса берілген қосымша сағаттардың есебінен орыс және аралас мектептеріндегі орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту арқылы қазақ тілін меңгертіп бітіртудің нақтылы шараларын алу;
орыс тілді мектептерде бір кластағы қазақ тілі мен әдебиетінің жүктемесін бір мұғалімге беру;
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының берілуін жетілдіру үшін қазіргі оқыту әдістемелеріне сай қазақ тілі кабинеттерін материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға,оқу- көрнекі құралдар алуға мектеп басшылығы тарапынан жәрдем беру;
№5,9,16,35,29,17,3,28,26 мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеруді ұйымдастыру және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілу деңгейін жүйелі бақылауға алу;
№35,28,35,28,29 мектептерде білім сапасын бақылау мақсатында мектепішілік бақылау срездерін жоспарлы түрде алып, оның нәтижесін әкімшілік тарапынан саралап отыру;
№5, 12, 16, 35, 37 орта мектептерде дарынды оқушылармен жұмысты жолға қойып, дамыту;
қазақ тілі мен әдебиетінен қала көлемінде өткізілетін пәндік-әдістемелік шараларға тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандардың қатысуларына мектеп әкімшілігі тарапынан ынталылық таныту;