Қазақ тілінің қазақ сыныптарында оқытылу жағдайы Қазақ сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 мұғалім сабақ береді.
Нұрмағамбетова Ақбаян Мейрамханқызы – қазақ сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-10 «А» сыныптар аралығы бойынша сабақ береді. Білімі-жоғары. Санаты-бірінші. Жұмыс өтілі-9 жыл. Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу». Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданады. Биылғы 2012-2013 оқу жылында «Ел қорғауға әзірміз» атты аудандық байқауға, 6 «А» сынып оқушысы Қапанов Елнұр қатысып, «Өнерлі өркен» атты номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар аудандық өткізілген «Жарқын болашақ-2013» олимпиадасының «Жазушылар» бөлімінде, 10 «А» сынып оқушысы Зейнолла Оразхан қатысып, 3 орынға ие болды. Аудандық өткізілген 3-6 сыныптар аралығында ғылыми жоба конференциясында, «Шешендік сөздердің мәні» атты тақырыпта, 6 «А» сынып оқушысы Қапанов Елнұр қатысып, 1 орынды иеленді.
II жартыжылдық бойынша оқу үлгерімі мен сапасы:
Қазақ тілі 5-а сыныбында 7 оқушы сапасы-71% үлгерімі-100%
6-а сыныбында 5 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
7-а сыныбында 4 оқушы сапасы-75% үлгерімі-100%
8-а сыныбында 3 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
10-а сыныбында 5 оқушы сапасы-80% үлгерімі-100%
Қазақ әдебиеті 5-а сыныбында 7 оқушы сапасы-85% үлгерімі-100%
6-а сыныбында 5 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
7-а сыныбында 4 оқушы сапасы-75% үлгерімі-100%
8-а сыныбында 3 оқушы сапасы-100% үлгерімі-100%
10-а сыныбында 5 оқушы сапасы-80% үлгерімі-100%
Қазақ тілінің орыс сыныптарында оқытылу жағдайы Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3 мұғалім сабақ береді. Оның екеуі -жоғары білімді, біреуі-арнаулы орта.
Шәкір Айнагүл Бақытжанқызы– орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен 1-4 «Б» бастауыш сыныптарында сабақ береді. Білімі-жоғары. Санаты-бірінші. Жұмыс өтілі- 12 жыл. Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөздік қорларын дамыту» тақырыбымен жұмыс атқарады. Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының элементтерін сабақта үнемі қолданып отырады. 2012-2013 оқу жылында аудандық өткізілген бастауыш сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінен олимпиада байқауына, 4 «Б» сынып оқушысы Приймакова Елена қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.