Тілдері негіздері



Дата11.04.2022
өлшемі25,54 Kb.
#30664
түріПрограмма
Байланысты:
C тіліне кіріспе


C/C++ ТІЛДЕРІ НЕГІЗДЕРІ
С тілі 1969 - 1973 жылдары арасында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компаниясының программалаушылары Дэннис Ритчи мен Кен Томпсон бастауымен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды.

С тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалаумен тығыз байланысты, өйткені бұл жүйе ассемлерде және осы С тілінде жазылып шыққан болатын. UNIX жұмыс істеу ортасы С тілін жүйелік программалау тілі ретінде елге таныстырды, ол компиляторлар мен операциялық жүйелер жазу үшін қолайлы деп саналды, кейіннен С тілі кез келген салада программалар жазуға да өте қолайлы тіл болып табылатыны анықталды.

Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Bell фирмасының лабораториясында PDP-7 компьютерінде жасалып шықты. UNIX жүйесі PDP-7 компьютерінің ассемблер тілінде жазылды. Бұдан соң сол лабораторияның жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компилятор жасап шықты. Осы тілді С (ағылшынша Си) тілінің негізі деп атауға болады.

С тілінің алғашқы нұсқасы Б.Керниган мен Д.Ритчидің "С программалау тілі" деген кітабы арқылы бірнеше рет жарық көрді (1985-1991 жж.). Осы кітап тілдің стандарты сияқты болды, бірақ мұнда аздаған кемшіліктер бар екендігі анықталды. Сондықтан оны жетілдіру мақсатында Америка ұлттық стандарттар институтында (ANSI) Техникалық комиссия құрылып, 1983 ж. ANSI С деп аталған тіл стандарты бекітілді. Мұнда тек программалау мәселелері ғана қарастырылмай, кең таралып келе жатқан IBM PC компьютерлеріне арналған компиляторлар жасау істері де қамтылды.

С тілін ары қарай жетілдіріп, сол Bell Telephon Laboratories қызметкері Бьерн Страуструп "Кластары бар С" тілін жасап шығарды, ол 1983-жылы C++ тілі деген атқа ие болды. C++ тілі объектіге бағытталған программалау тілі болып саналады, ол бұрынғы С тіліне кластардың енгізілуімен ерекшеленеді.

1986 жылы Бьерн Страуструп "C++ программалау тілі" кітабын шығарды, сол кезден бері тілдің бірнеше нұскалары пайда болып, ол қазіргі ең көп тараған тілдердің біріне айналды. Тілдің халықаралық стандарты 1998 ж. бекітілді, Бұл стандарт бойынша C++ тілі С тілінің 1990 ж. бекітілген стандартына негізделеді. Бұл оқулықтағы мысалдар осы стандартты пайдаланады.

Бірсыпыра фирмалар C++ тіліне арнап компиляторлар жазды, мысалы, Borland International фирмасы 1989 ж. жасаған біріктірілген программалау ортасы Turbo C++ жүйесін дүниеге келтірді. Ол DOS ортасында жақсы жұмыс істеді. Ал 1992 ж. жасалған Borland C++ жүйесі Windows ортасында да жұмыс істейтін жақсы компилятор болып табылады.

Сонымен C/C++ программалары дайындалып орындалатын біріктірілген (интегралданған) орта DOS ортасында да және Windows жүйесінде де жұмыс істей береді. Біз қарастырғалы отырған C/C++ тілдерінің негізгі ұғымдары мен операторлары кез келген мектептің немесе жоғары оқу орнының компьютерлерінде орнатылған ТурбоС біріктірілген ортасының редакторы арқылы немесе Visual C++ программалау ортасында теріліп орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет