Ой мен сөйлеу. Санадағы ойдың сөзге айналу процесі ең алғаш Л.С. Выготский зерттеулерінен басталып, Ф. де Соссюр, Б. де Куртенэ, Блумфилд еңбектерінде жалғасып, Н. Хомский, А.А. Леонтьев зерттеулерінде толықтырылды.
ХХ ғ. алғашқы онжылдығында Л.С. Выготскийдің ой сөйлеу арқылы аяқталады деген сөзі ой мен тіл процесінің əмбебап формуласына айналды. Ғалым ойды ықшамдалған, тұйықталған əрекет деп таныды. Ойдың тіл арқылы сыртқа шығарылуы «мотив ↔ ой ↔ ішкі сөйлеу ↔ іштен шыққан мазмұнның сыртқы аршылған, айқындалған (развернутое) мағыналар жүйесіне айналуы ↔ сыртқы сөйлеу» сатылары арқылы жүзеге асатынын көрсетті.
Ал естілген сөзді ұғу синтаксистік құрылым мен лексикалық мағынаға анализ жасау ↔оны ішкі сөйлеуге жинап, орап алу ↔ мотив пен мəнін түсіну сатылары арқылы жүреді деді [2, 82]. Бұл теорияны нейролингвистикалық бағытта дамытқан А.Р. Лурия ойда адамның айтайын деген тақырыбы белгіленеді, сол тақырып туралы не айту, қалай айту керек деген предикатты мазмұн – ішкі сөйлеуде жүзеге асырылады, ол қысқа, фрагментарлы, аморфты сипатта болады. Бұл тұрғыда ішкі сөйлеу ішкі субъективтік мəнді сыртқы аршылған мағыналар жүйесіне айналдыратын механизм болып табылады деді [2, 89]. Ғалым бір ойды түрліше жеткізуге болаты-
ны сыртқы сөйлеу мен ішкі сөйлеудің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан ішкі сөйлеу инвариант, сыртқы сөйлеу – вариант болады деп көрсетті. Астыңғы грамматикалық құрылым мен ішкі сөйлеу, үстіңгі грамматикалық құрылым мен сыртқы сөйлеу сəйкеседі, астыңғы грамматикалық құрылым адам санасына жақын болғандықтан оны құрастырудың ережесі аз, сондықтан кішкентай бала бұны тез меңгереді деді. Естілген сөзді ұғынуда 1) саты сөз мағынасын айыру, яғни көпмағыналылықтан нақты мағынаны айыру болып табылады деді; 2) сөйлем жүйесін білу (егер сөз мағынасын шамалап түсініп, ал сөйлем құрылымын білмесе, күңгірт түсінік түрінде қалады); 3) бүкіл хабарды түсіну керек деді. Мұндағы 1, 2 саты тілдік ережелер аясында жүрсе, соңғысы тілдік ойлау психологиясына барады деді.
Достарыңызбен бөлісу: |