Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?


Суретжазуда салынған таңбаларды оқу үшін белгілі тілді білу шарт болмады



бет6/8
Дата16.02.2022
өлшемі27,67 Kb.
#25660
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-тапсырма

Суретжазуда салынған таңбаларды оқу үшін белгілі тілді білу шарт болмады. Салынған таңбаны генетикалық жағынан байланысы жоқ тілдер оқи алмаса да, мəдени, экономикалық, əлеуметтік жағдайы ортақ халықтар, туыс тілді ұлыстар бір-бірінің тілін түсінбесе де оқитын болды деп ойлаймыз. Өйткені суретжазуда ойжазу, жазу-ой қатынасы болды. Ал буынжазу, дыбысжазуда белгілі тілдің дыбыстық сегменттерін таңбалап, əр тілдің өз жазуын жасады. Дыбыстық тілдің қалыптану кезеңдерінде ой – ауызша тіл – жазу қатынасы болады.

Ал ендігі сауаттану деңгейі жоғарылаған, оқудың автоматтанған дəуірінде ой – жазу, жазу ой қатынасында болатын сияқты. Сонда ойлау (бейне, схема, ұғым, түсінік, мотив) < ішкі сөйлеу (предикаттық қатынастағы аморфты тіркестер, айтылатын ойдың негізгі тақырыбы, қалай айтатыны, сөздің грамматикалық құрылымы) < сыртқы тіл (логикалық синтаксистің граматикалық синтаксиске айналуы, сөйлеу бірліктерін екшеуі, фонемалық код) < дыбыстық тіл (фонеманың дыбысқа айналуы, ауызша тіл жүйесі)< графикалық тіл (фонеманың əріпке айналуы, жазба тілжүйесі, орфография, шрифт, мəтін) сатылары арқылы жазба тілге айналады.



Сыртқы тіл мен дыбыстық актісінің арасындағы сəл кідіріс ойдың жүйелі шығуына көмектеседі. Сондықтан санада жетілген ойдың материалдану жолдары да қиын болмайды. Бұл ауызша тіл мен жазба тіларасына да байланысты. Үнемі ауызша тілде реалданып жүрген ой бір мезгілде жазба тілмəтініне айналады.

Зерттеушілер арасында жазуды ауызша тілге қатыссыз ойды бірден жарыққа шығаратын құрал ретінде танитындар бар (А.С. Чикобава).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет