Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?


Ой – жазу процесін жазу – ой қатынасында көрсетуге болады



бет5/8
Дата16.02.2022
өлшемі27,67 Kb.
#25660
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-тапсырма

Ой – жазу процесін жазу – ой қатынасында көрсетуге болады. Өйткені жазу – таңба, оның тұрпаты бар. Сонымен, көз жазба мəтінді көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық портреттермен ассоциация жасайды. Сөздің адам санасында бейнеленген графикалық портреттері, синтаксистік, пунктуациялық белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріп алынады жəне астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем мəні екшеледі. Өйткені жазба мəтіннің жөнделу, редакциялану мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен басқа үстіңгі мəтіндік құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мəн белгісіз, жасырын қалады. Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға көшірудің мəні бар.

Жазу-ой процесін мəтіннің графикалық «өмірінен» бастап көрсетуге болады. Өйткені көз қармап көру үшін графикалық кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы маңызды. Көз мəтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық мəнмəтінде (контексте) алып оқиды. Сөздің графикалық кеңістіктегі орны (азатжол, парақ басы, соңы), мазмұны (бас əріп, кіші əріп), дыбыстық мағынасы (əріп түрлері), мəні (қарайтылған, асты сызылған, жаз ба əріптер, үзілмелі жазылған), тыныс белгілер арқылы мəтін мазмұны сол графикалық портретімен қоса адам санасына қабылданады. Ішкі



сөйлеу жазба тілдегі синтаксистік құрылымды ауызша тілдің синтаксистік құрылымына айналдыруды қажетсінбей-ақ, санасында орналасқан сауатты адамның елесіне сəйкес, жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп, предикатты қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің мазмұнын ойға көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой (ойлау) сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда (ішкі сөйлеу) жəне ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы сөйлеу), алдымен, əрине, ауызша тілдің грамматикалық құрылымына көшіріледі. Жазба тілаудиториясының көмескілігі, вербалды емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы жазба мəтіннің грамматикалық құрылымын жаңа сатыға көтереді. Бұл кейде ішкі сөйлеу мазмұнына дəл шықса, кейде тереңдеп, мотивті айқындайды.

Сонымен, жазу-ой қатынасын былай көрсетуге болады (1-сурет):

Жазба мəтін

графикалық контекст

графикалық портрет

Үстіңгі синтаксистік құрылымды қабылдау

ішкі сөйлеу

түсінік, ойлау

1-сурет – Жазу-ой қатынасы

Сонда, біздің ойымызша, пиктографиялық жазу мен қазіргі дыбыстық жазу түрлерінің негізінде жетілген жазба тілдерде əріпті фонема арқылы дыбысқа айналдыратын сипат болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет