«тілді оқыту мотивациясы» ПӘні бойынша моөж тапсырмаларын орындауғА Әдістемелік нұСҚаулық


МОӨЖ - 1 ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ



бет2/4
Дата05.04.2023
өлшемі21,13 Kb.
#79717
1   2   3   4
МОӨЖ - 1 ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  1. МОӨЖ – 1 бойынша магистранттер ғылыми-әдістемелік журнал дайындайды.



Журналға қойылатын талаптар:

  • Көлемі - 20 бет.

  • 5-аптада журналдың жазбаша нұсқасы өткізіледі.

  • Журнал жазбаша дайындалып, ауызша қорғалады.

  • Баяндамашы-магистранттар қойылған сұрақтарға, оппоненттің пікіріне жауап беруі керек.

  • Дайын материалдардан көшіруге болмайды.

  • Журналдағы мақалаларда тақырыпқа лайық көрнекіліктер (сызбалар, карталар, фотосуреттер, кестелер, т.б.) қамтылуы қажет.

  • Журнал мазмұны алдымен қағаз түрінде жасалады, Power point бағдарламасы бойынша слайдтар арқылы тұсаукесері дайындалады.



Ғылыми-әдістемелік журналға қойылатын жалпы балл – 16.


Журналдағы жұмыстарды бағалау критерийлері (жазбаша, ауызша бөлім бойынша):
Жазбаша бөлім бойынша (10 балл):

  • Журналдың безендірілу талабына сәйкестігі – 2 б.

  • Мақала тақырыбының ашылуы – 2 б.

  • Бөлімдер арасындағы сабақтастықтың болуы– 2 б.

  • Қосымша материалдардың қолданылуы (Абай ой-тұжырымдарымен байланысы) – 2 б.

  • Мақаланың тілдік сауаттылығы - 2 б.

Ауызша бөлім бойынша (6 балл):

  • Тұсаукесер сауаттылығы – 2 б.

  • Көрнекіліктерді пайдалану мәдениеті – 2 б.

  • Аудиториямен байланыс – 2 б.



ІІ. Екінші аттестация кезеңіндегі МОӨЖ-2 тапсырмасы бойынша шеберлік сынып өткізу талап етіледі. Ол – магистранттардың жұп болып орындайтын шығармашылық жұмысы. Шеберлік сынып инновациялық жоба ретінде дайындалып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тұсаукесер түрінде өткізіледі. Мұнда жоба атауы мен жүйесін магистранттар өзі таңдайды. Олар өздерінің қалауымен Қазақ тілі/Қазақ әдебиеті пәнін оқыту бойынша курста меңгерген білімі мен білігіне сүйеніп, таңдаған тақырыптары бойынша материалдар әзірлейді. Олар әр апта сайын дамытыла жүргізілетін дайындық сатыларынан өтеді. Тұсаукесер жасауға қажетті жұмыстарды магистранттар нақты жоспар бойынша жүзеге асырады. Көпшілік алдындағы сөз ауызша қорғалады, ал дайындық барысындағы материалдар жинақталып, рәсімделіп, жазбаша тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет