Тілдік құралдардың кейіпкер бейнесін берудегі қызметі



бет3/3
Дата19.05.2023
өлшемі79 Kb.
#95044
1   2   3
«Қабірдің аузын жауып қойсақ қайтеді, тақсыр?»- деді дүние салған кісінің ет бауыр жақыны (Д.Д,299).
-Неге шапсын, керісінше бауырына кіргіштеп жүрген сыңайлы (Д.Д,267).
Айсекең аңқылдаған ақкөңіл Тойболдыны баласындай бауыр басып жақсы көріп кеткен (Д.Д,301).
Кешірім сұрап, кетіп қалудың ыңғайын таппай ас үйдегі дастархан жиегіне тізе бүгіп жалғыз шәшке шайды әзер тауысамын (Д.Д,385).
Орыс тілінде соматизмдік фразеологизмдер көбінесе жағымсыз этноқұндық бағытты білдірсе ( голова еловая, плевать в глаза, развязывать руки, пускать пыль в глаза, рука на руку моет), қазақ тілінде керісінше жағымды этноқұндық бағаны көрсетеді: ақ иық, ақ сақалды, алмас тілді, алма мойын, аршын төс, аузына берік, аузы дуалы, арқаға қақты, аузына алды, ақ көкірек, алма бет, т.б. Мысалы,
Молданың үстінен арыз жазамын деп Тойболды біраз тоқылдап еді, аузы дуалы ақсақал тиып тастады (Д.Д,304).
Күйеу жолдастың аяқ астынан мұнша құбылғанына ақ көкірек сұлу іштей секем ап қалған (Д.Д,313).
Келіншектің қолы жеңіл, жас сорпамен қалжалап Ахметжанның аз күнде бетін бері қаратты (Д.Д,256).
Мейлі де, ел іші кең ғой шіркін: жолдастармен басымыз қосыла кетсе – боза ішеміз, карта ойнаймыз, қызды ауылды төңіректейміз, сөйтіп жүріп қазақтың бір қылықты қара қызына көңілімді қиылып айтып жүріп, қолыма қондырдым (Д.Д,321).
Жас мөлшерін білдіретін соматизмдік фразеологизмдер мыналар: сары ауыз, шүйке бас, беттің қызылында, кәрі құлақ, көне көз, тіс қаққан, кәрі жілік, ақ сақал, қара сақал,т.б. Мысалы,
Бұл кезде шүйке бас кемпір дастарқан жаңалап шай жағалатты (Д.Д,139).
Көне көз қария әңгімесін жалғастырды (Д.Д,129).
Қазіргі қазақ тілінің зат есім мағыналы (субстантив) фразеологизмдері фразеологиялық түйдек те, фразеологиялық тізбек те бола алады.Олардың көпшілігі екі компонентті болып келеді [10,36]. Фразеологиялық түйдекке мысал: «Ауыл арасының шешені болатын» (Д.Д,110).
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазба тілде де қолданылады. Олардың қолданылуының екі түрлі стилистикалық тәсілі бар:

  1. Фразеологизмдердің жалпы халықтық тілде қолданылуы;

  2. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы [55,39]. Мысалы:

Егде кісі: қол берсең − дұрыстап бермейсің бе, алақаныма былқ еткізіп тастай салғанша! Өй, көргені аз көтерем тоқты неме!» (Д.Д,383).
Сонымен, қорыта келгенде, Д.Досжанов әңгімелеріндегі тұрақты тіркестер кейіпкер сезімін, көңіл-күйін, хал-жағдайын ерекше әсерлі бейнелілікпен жеткізуге қызмет еткен

Пайдаланылған әдебиеттер:


1 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1976, 264 б.
2 Шалабаев Б. Көркем проза тілі Алматы, 1994, 121 б.
3 Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
4 Жұманазарова М. Әуезов әңгімелерінің тілі. Фил.ғыл.канд....дисс: Алматы, 1998, 151 б.
5 Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
6 Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. М, 1974.
7 Джусакинова Ш. Қазақ тілінегі сұраулы сөйлемдердің табиғаты мен стилистикалық ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дисс.: Алматы, 1994.-154 б
8 Кәріпжанова Г.Т. Қаратпа, қыстырма сөздердің стильдік бояуы // ПМУ хабаршысы.- 2008 -№1-98-105 б
9 Қазақ грамматикасы,Алматы,2002.
10 Байтелиев А. Қазақ тіліндегі зат есім мағыналы номинативті фразеологизмдер // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2005.-№12, 35-40 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет