Тілдік құралдардың кейіпкер бейнесін берудегі қызметі



бет2/3
Дата19.05.2023
өлшемі79 Kb.
#95044
1   2   3
Байланысты:
МАКАЛА 1 ТУРСЫНГУЛ

-Әй, бозбала, қайдағыны ойлап қиялдап тұрып автобустан қалып қоясың, айдалада қасқырға жем боласың,- деп жолбасшы айғай салды (Д.Д,14).
Мұндағы «әй» қаратпасы дөрекілікті білдіреді.
Қаратпа сөз ретінде кейде қарғыс мәнді сөздер де жұмсалады, бұл кейде сөйлеушінің дөрекілігін танытады [8,102]. Мысалы,
-Алда, қағынғыр-ай (Д.Д,141).
-Ескінің көзі өзіміз болмасақ, мына бір қақпанымның тоқпағы түсіп қалғаны, жауалғыр (Д.Д,163).
- Ие, ол бәтшағар, қайратты көрінеді (Д.Д,166).
Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының да көзқарасын білдіру мақсатымен қыстырма сөздер сөйлем құрамына еніп отырады. Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы – экспрессивті мағына енгізеді. Бұл жағынан әсіресе кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіруде қыстырма сөздердің орны ерекше [8,246]. Мысалы: − Тәйірі, не қылар дейсің (Д.Д,142).
Әр түрлі мағыналық реңктерді білдіруде сөйлемнің сұраулы, лепті, бұйрықты түрлеріне ерекше жүк артылады. «Интонация арқылы бір сөз сөйлем болумен қатар оған әр алуан реңк береді, ойымызға жан бітіріп, айшықтандыра түседі. Адамдар бір-бірімен қатынас жасағанда байымдау арқылы ғана емес, өзінің көңіл-күйін де, сезімін де, эмоциясын да қоса білдіреді. Сондықтан да сөйлемдер сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді»[9,137]. Осы сөйлем түрлерінің адамның алуан түрлі сезім күйлерін тілмен жеткізудегі маңызы зор. Кейіпкердің аузынан шыққан сөзінен оның ойы, көзқарасы қоса көрінеді. Кейіпкер сөзі оның дүниетанымын, пікір таласын, мінез қырларын береді. Кейіпкер тіліндегі хабарлы сөйлемдер де сол бейненің бір қырын танытады.
Жазушы Д.Досжан кейіпкер бейнесін жасауда фразеологизмдерді орынды қолдану арқылы оқырманға кейіпкердің мінез-құлқын, алуан түрлі психологиялық жай-күйін, тебіреністерін дәл, анық жеткізеді. Жалпы халықтық тілді пайдаланудың қалыптасқан дәстүрлі үлгісі, тілдік норма немесе әдеби тіл бар.Сөйлеу тіліндегі тұрақты сөз тіркестер күнделікті тұрмыста, ауызекі сөйлеуде қолданылады да, эмоционалды- экспрессивті жағы басым болады. Ал кітаби жазба тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінде поэтикалық сипат басым. Фразеологизмдер ойды бейнелі де әсерлі етіп жеткізеді.
Жазушы кез келген өмір құбылыс суреттеу арқылы кейіпкер бейнесін жасауда фразеологизмдерді орынды қолдану арқылы оқырмангға айтвйын деген ойын дәл, анық әрі бейнелі түрде жеткізеді. Сондықтан көркем шығарма тіліндегі фразеологиялық тіркестерді талдау арқылы − әрбір автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік тәсілдерінің бояу-өрнегін айқындауга болады[7,40].
Фразеологизмдердің жеке сөздерге қарағанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті- эмоционалды қызметі ерекше.
Дүкенбай Досжанов шығармашылығының лексикалық байлығын бір қырынан тұрақты сөз тіркестері танытады. Олар кейіпкердің келбетін, мінезін ашу мағынасында жұмсалады. Олар төмендегідей мақсаттарда жұмсалған:
-кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі жан-дүниесін көрсету үшін:
«Әшейінде аңқылдақ, ер көңілді жігіт, әлдебір байдың байлығын естісе, есеңгіреп, ішкен асын жерге қояды » (Д.Д,110).
«Әлінің жүрегі дүрсілдеп, екі езуі екі құлағында, көріктің құлағына жармасады» (Д.Д,163).
«Шешемнің төбесі көкке жетті» (Д.Д,176).
«Қолдың қысқалығынан іштей күйініп, жалғыз шешесін талай ренжітіп алғаны да бар» (Д.Д,172).
- образдылықты күшейту мақсатында:
Енді міне сол жүрек дәл сондағыдай аттай тулап, аузына тығылып, тарсылдап тұр» (Д.Д,146).
«Енді бір сәтте маңай құлаққа ұрған танадай тына қалды» (Д.Д,144).
«Аруақ қонды ма, қыдыр дарыды ма, әйтеуір тілге тиек болмай кетті...» (Д.Д,138).
«Даусы да дарылдаған қатты екен, құлақты жеп қойды» (13,174).
Сөйлем ішінде қарапайым сөзбен «қатты қорықты», «баяулады», десек ойдың берілуіндегі көркемділік бірден жүдеу тартар еді .Мұнда автор сөйлем ішінде образдылықты күшейту мақсатында фразеологизмдерге қосымша мағыналас ұғым мен суретті беру арқылы тіркестерді жандандыра түскен.
Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет