СӨЗДІК ЖҰМЫС:
Балалардың тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында сөздік жұмыс мазмұнын өлең жолдарымен толықтыруға болады. Өлең жолдары балалардың танымына, қабылдауына жеңіл болғандықтан сөздік қорын байытуға көмектеседі. Ендеше педагог шығармашылығынан туындаған өлең жолдарын ұсынамыз.
Қызыл алма, көк алма,Қызыл алма, көк алма,
Мен де алмайын, сен де алма.Бақшамызда көбейсін
Дәрумендер-деді Алма
Кіші екен көк алма,Үлкен екен қызылы.
Көк болса да бұл алма.Тіл үйірер қызығы!
Жылқы:Жылқы сүті қымызды
Ішсең ем, тіл үйірер.
Жылқылардың тобырын
Ата-бабам үйір дер.
Қысқы киім:Бөрік, қолғап, тон кисек
Қыстық киім болмай ма?!
Жұқа болса бәтеңкең.Аяқтарың тоңбай ма?!
Жылы шұлық, қысқы етік.Керек екен ондай да.
Тігінші:Киімді әсем тігеді,
Ине-жіппен бүгеді.
Бұл адамның еңбегін
Барлық адам біледі.
Бұл кім?
Тігінші.
Ұлттық киім,Тымақ киіп басыңа,
Иыққа шапан жабайық.Тізілген маржан тасы бар
Қаусырма белдік тағайық.Етек жеңді жинақтап,
Төрден орын табайық.Ұлттық ыдыс
Қолымызда тостаған Қара қазан – тайқазан
Қонаққа құр тоспаған Емес сірә жай қазан.
Ішіне ас салайық Әжем асар қой етін,
Кәне, дәмін қарайық. Кейде дәмді дәу сазан.
Зергерлік бұйым
Қос бұрымға тағылған Сырғаларың селт етсе,
Шашбау сылдыр етеді. Сыңғыр-сыңғыр етеді.
Бір ырғалып өтеді. Көзді тартып өтеді.
Ұлттық аспап – домбыра
Қолымызда домбыра, Пернелерін терейік,
Құлағын сен оң бұра. Тағы шертіп көрейік.
Пернелері ерке ғой, Төрге ілсін қастерлеп,
Ішегін сен шерте ғой. Үлкендерге берейік.
Жорға жарыс
Ат ерттеуге жарайық,
1, 2, 3 санайық,Жонына қамшы салайық.
Кім озады қарайық.
Жорға мініп жарысып,
Мәреге жетсе жорғалар
Көрші ауылға барайық.Бір тынығып алайық.
Ойынды өткізу әдістемесі тұрғысынан мына кеңестерді ескерген жөн:
Қандай да болмасын тақпақты, жаттамақты оқымас бұрын балаларды осы жаттамақта кездесетін тірі нысандармен немесе олардың бейнеленген суреттерімен: ешкі, торғай және т.б. үлгілермен міндетті түрде таныстыру қажет. Балаға айтылатын жанды сөз оның жеке танымы, жан-күйзелісімен байланысты, таныс болуы тиіс.Сәбилерге арналған сөздік ойындардың басты мақсаты – сәбилердің сөйлеу белсенділігін дамыту, тақпақтағы, жаттамақтағы сөздерді қимылмен сәйкестендіруге, сөздің мағынасын түсінуге, сөзді дұрыс айтуға үйрету.
Кіші топтардың тәрбиешісі ойын барысында ойынды басқарады, балаларға ойынды үйретеді. Тәрбиешінің сөзі сауатты, эмоционалды және байсалды болғаны жөн. Ым-ишараға көп көңіл бөлу қажет. Тәрбиешінің бет-әлпеті кішкентай балаға қаншалықты әсер етерін көрсеңіз! Міне, тәрбиеші таң қалып ауызын кең ашты делік, балалардың көз шарасы да кеңейе түседі. Тәрбиешінің бет-әлпеті мұңая түссе, балалар да жабырқап қалады. Қасқырды, аюды, ешкін қимылмен бейнелеп көрсеткенде, бетіңізді қорқынышты кейіпке түсіріп, тым дөрекі дауыс шығарудың қажеті жоқ. Өйткені кішкене балалар қорқып қалуы, тіпті ойыннан бас тартып жылауы да мүмкін.
Ойын барысында балалар тәрбиешінің бет-әлпетін, оның аузын, көзін көріп отыратындай арақашықтықта тұрады не отырады. Тәрбиеші тақпақты не жаттамақты оқығанда, бала бір өзіне қарата оқып не айтып отырғандай әсерде қалуы тиіс, яғни, өз көзқарасын әр балаға аударып отырғаны жөн. Осы себепті тәрбиеші тақпақты, жаттамақты жатқа білуі тиіс.
Алақан мен балақан:Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, жаттамақ сөзімен өз қимылын сәйкестендіруге, сұраққа жауап беруге үйрету.
Сөзі: Қимылы:
Бала, бала, балақан, Тәрбиеші мен балалар жаттамақ
Қане, қайсы алақан? сөзіне сәйкес алақандарын көрсетеді.
Саусақтарың әйбат, Алақандарын ашып, саусақтарын
Былай, былай ойнат, қозғалтады.
Тәрбиеші ойынды қайталап, балаларға сұрақ қояды: «Қане, қайсы алақан?», «Саусақтарың қандай?».Келесіде балалар жаттамақты тәрбиешімен бірге айтады.
Қарағайлы ормандағы аю:Ойын мақсаты. Балалардың сөйлеу белсенділігін, өлең сөзімен өз қимылын сәйкестендіре білу икемділігін дамыту, р дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Ойын барысы. Балалар орындықтарына отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы отырады да: «Балалар, біз бүгін «Ормандағы аю»» деп аталатын ойын ойнаймыз. Мына суретке қараңдаршы (аю бейнеленген суретті көрсетеді). Орманда жүрген аю үлкен екен. «Р-р-р» деп гүрілдейді.Осы аю туралы өлеңді тыңдаңдар:
Аю жүрген орманнан,
Жидек тере мен барғам.
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның деп.
Аю қалай гүрілдейді? Келіңдер ойнайық. Қазір біз аюды таңдаймыз. (Санамақтың көмегімен аюды таңдайды. Балаларды ұзақ күттірмеу үшін санамақ әрқашанда өте қысқа болуы тиіс. Тәрбиеші аю-балаға бет-перде кигізеді.) Міне, аю қандай! Ал ол гүрілдеп дыбыс шығара ала ма? Аю-бала: «Р-р-р» деп гүрілдейді.«Балалар, аю осы жерде, орманда тұрады (аюды бір орынға отырғызады). Бізорманға барып, жеміс-жидек теріп келейік. Аюдың гүрілдеген дауысы шыққанда, біз барлығымыз мына үйімізге қашамыз», - деп тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.
Сөзі: Қимылы:Аю жүрген орманнан, Тәрбиеші және балалар жеміс-жидек теріп
Жидек тере мен барғам. жүргендей қимыл көрсетеді де, аю тұрған
орманға қарай жақындайды.
Аю отыр гүр-р-рілдеп, Тәрбиеші және балалар қашады, аю оларды Жарамайды мұның деп. қуады.
«Р-р-р!»
Достарыңызбен бөлісу: |