Тілеген Динара кял 21-3 Тақырыбы: соөЖ№3. Әбілғазы Баһадүр ханның «Түркі шежіресі»



Дата17.10.2023
өлшемі35,71 Kb.
#117090
Байланысты:
Тілеген Динара


Тілеген Динара
КЯЛ 21-3
Тақырыбы: СОӨЖ№3. Әбілғазы Баһадүр ханның «Түркі шежіресі»
XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.б.) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу».

Әбілғазы 1603 жылы Хиуа хандығының астанасы Үргеніш қаласында Жошы ұрпағынан тараған Араб Мұхаммед хан отбасында дүниеге келген. Әбілғазының әкесі Араб Мұхаммедтің Хибаш, Жолбарыс, Аспандияр, Әбілғазы, Шәріп Мұхаммед, Хорезмшах, Ауған атты жеті баласы болған. Әбілғазының 6 жасында шешесі өліп, өгей шешесінің қолында тәрбиеленді. Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алады. Осы жылдарда ол халық ауыз әдебиеті шығармаларын сүйіп оқып, тарихи тұрғыдан зерттейді, әскери өнер, мемлекет басқару ісін меңгереді.

Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болады. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысша аудартады. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, ол аударма кешігіп, 1780 жылы ғана басылып шығады.

«Шежіренің» баспа бетін көруі оны жан-жақты зерттеуге кең жол ашады. Академик Х.Френ бұл басылымды «Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс» деп бағалаған, Оның ойынша, бұл басылым Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады.

«Шежіренің» ғылым үшін, оның ішінде тарих, этнография және тіл ғылымдары үшін маңызы мен оның кейбір тіл ерекшелігі бұл еңбектің алғашқы аудармашысы Г.С.Саблуковтың кіріспе мақаласында сөз болады. Бұдан кейінгі Әбілғазы және оның шығармалары туралы толық мәлімет беретін зерттеу – А.Н.Каноновтың 1958 жылы жарық көрген «Родословная туркмен» атты монографиясы. Әрине, бұл еңбек, атына сай, «Түрікмен шежіресіне», оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді.



Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен «Шежіренің» кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады. 
«Түрік шежіресі» - Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. ІІІығарма 9 тараудан және алғы сөзден тұрады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). Шежіреде түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің, Әбілғазының өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Жылнамада орта ғасырлардағы Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдеріндегі тарихи оқиғалар мен сол кездегі ел басқарған хандардың жүргізген саясаттары сөз болады. Шежіре қазақ халқының құрамына енген рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті жайлы баяндайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет