ҚАЗАҚ
ТІЛІ
орыс бөлімдері студенттеріне арналған
оқу щрапы
Қазакстан Республикасының Білім жэне гылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазакстан мемлекеттік университеті
Қазақ тілі
Орыс бөлімдерінің студенттеріне
арналган оцу цұралы
Орал, 2008
ӘОЖ 811.512.122(07)
П ікір жазгандар:
С аб ы р М .Б . - филология гылымдарынын докторы,
Батыс Қазакстан гуманитарлык
академиясынын оку жэне ғылым ісі проректоры
Н и я н а л и е в а А.Ә. - филология гылымдарының кандидаты, доцент
Kvna
с т ы р у
шыла р:
Н и сто ва А .С ., А х ато ва Н .К ., Ж ұ б ан ы ш ев а А .С.,
Е р к е г а л и е в а Г.Ә ., Д ү й се и ғал и ева Н .Е., А л м ага м б ето в а Н.А.
О р ы с болім ісрінііі студен ттерін е а р н а л г ан оку куря.ты . - Орал: М.Өтемісов
атындағы БҚМ У БАҚ ж эне баспа орталығы. 2008 - 242 б.
Баспаға Лбай атындагы Қазақ ҮПУ-нің жанындагы «Білім» тобындагы
мамандықтар бойытиа оцу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ Республикалыц
оқу-әдістемелік Кецесі усынган. 20.06.08. №7 Хаттама.
Оку кұралы орыс бөлімдерінде казак тілін оқытуға арнапган. Құралдың негізгі
міндеті - мәтіндерді және дагдыландыру жаттыгуларын тіл үйренушілер білімі мен
дағдыларынын денгейіне сәйкес шоғырландыра отырып, казак тілінің фонетикасы,
лексикасы, морфологиясьг. синтаксисінен теориялык эрі тэжірибелік білім беру.
Ә р тараудын соңы
нәтиже сабактармен,
пысыктау-сұрау тапсырмаларымен
бекітілген. Сонымен катар облысымыздан шыккан белгілі адамдар мен өлке тарихына
катысты материалдар камтылған.
© М.Өтемісов атындагы БҚМУ баспа орталыгы.2008
Алғы сөз
Ұсынылып отырған оқу қүралы орыс тілді топтарда қазақ
тілін оқытуға арналған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпы білімдік стандарттарына сәйкес, жалпы білім беретін
пэндердің қатарында қазақ тілінен жүйелі білім беруді мақсат
етеді.
Құралдың негізгі міндеті - қазақ тілінің фонетикасы,
лексикасы,
морфологиясы,
синтаксисінен
теориялық
эрі
тәжірибелік білім беру. Сондай - ақ грамматикалық тақырыптар
сызба-кестелермен толықтырылды. Әр
т о п т ы ң
жеке мумкіндігі
ескеріліп, орыс тілділер жэне қазак тілін білетіндер үшін
жаттығу-тапсырмаларды саралап, күрделі мэселелерді орындау
амалдары қарастырылды.
Мэтін бойынша жай жэне күрделі жоспар жасау, оқытушы
дайындаған сұрау-тапсырмалар көмегімен материалдарды игеру
көзделді. Мэтіннің ауыр жеңіліне қарай қазақ тілді студенттер
мен орыс тілді студенттердің білім, білік, дағдысын ескеріп,
тілді үйренушілердің қазіргі сұранысын жэне жаңа әдістемелік
бағыттарды басшылыққа ала огырып, оқу құралының мазмұны
мен материалдары деңгейлік оқыту әдісіне негізделді.
Мэтіндерді беру арқылы аударма жасау, ауызша мазмұндау,
жоспар құру т.б. жұмыс түрлері көзделІп, түсініп оқу арқылы тіл
дамыту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру мәселесі қойылып
отыр.
Әдетте, тіл үйрету бағдарламаларына қазақ әдебиетінен
материалдар аз қамтылса, бұл оку құралында
қазақ ақын
жазушьшарының өмірі, шығармашылығынан мәліметтер беріліп,
шыгармаларынан үзінділер енгізіліп отыр. Өз бетімен оқуға
арналған мәтіңдер студенттердің сөздік қорын байытуға, өлке
тарихымен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.
Оқу қүралы жоғары жэне орта арнаулы оқу орындарынын,
сондай-ақ жалпы тіл үйренушілердің қажетіне жарайды деп
сенеміз.
3
Фонетика туралы түсінік
Фонетика дегеніміз — тіл дыбыстары, олардың құрамы,
тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы ілім. Тілдегі
дыбыстар жүйесінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым фонетика
деп аталады (фонетика — это раздел науки о языке, которая
изучает речи, понятие об изменений языковых звуков).
Тілдегі сөздер жеке дыбыстардан құралады. Мысалы: эке
деген сөз уш дыбыстан құралған.
Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыс жазуда эріп арқылы
таңбаланады. Дыбысты айтамыз, естиміз, эріпті көреміз, оқимыз,
жазамыз.
Дауысты дыбыстар
(гласные звуки)
Дыбыстар дауысты жэне дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Дыбыстау
мүшелерінен
ауаның
кедергісіз
шығуынан
жасалған дыбыстарды дауы сты ды бы стар деп атайды (если
струя воздуха не встречает на своем пути преграды, такие
звуки называются гласными).
Дауысты дыбыстар (гласные звуки) - а,ә,е,ұ,ү,о,ө,ы,і.
Қазақ тіліне тэн дауыстылар (специфические гласные казахского
языка) - ә, ө, ү, ұ, і.
1. Тіл қатынасына
қарай (по
положению языка)
Жуан
(; твердые)
а, о, ұ, ы
Жіңішке
(мягкие)
э, ө, ү, і, е
2. Еріннің қатысына
Еріндік
қарай (по участию
(. губные)
о, ө, ұ, ү
губ)
Езулік
(негубные)
а, э, ы, і, е
3. Жақтың қатысына
Ашық
қарай (по степени
(широкие)
а, э, о, ө, е
раскрытия рта)
Қысаң
(узкие)
ұ, Y, Ы, І, и
4
III деңгей
Сөздердегі жуан дауысты дыбыстың орнына жіңішке
дауысты дыбысты қойып жазып, орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі:
Ар (честь) - эр (любой)
Бол, сан, сыз, сат, соз, ұн, тор, от.
II деңгей
Төмендегі мақал-мәтелдердің мазмүнын түсіндіріп, орыс
тіліне аударыңыз. Мақал-мәтелдердің қүрамындағы ашық, қысаң,
еріндік, езулік дауысты дыбыстардан басталатын сөздерді
табыңыз.
Адал дос - алтыннан қымбат. ¥йқы тынықтырады, еңбек
шынықтырады. ¥стаз үқтыра алмағанды, өмір өзі үқтыра алады.
Үлкен үйге не керек болса, кіші үйге де сол керек. Ілім - білім
мың түрлі, тоқсан тоғызы әдеп, біреуі білім, әдебің болмаса,
білімді ұстау қиын. Ынтымақсыз ел тату болмас. Өмірде із
қалдыру балалықтан басталады, талабы бар еңбекке бас ұрады.
Ойламай сөйлеу-көздемей атылған оқпен тең.
Iдеңгей
Қазіргі кезде отбасының қандай киын мэселелері бар? Осы
туралы қысқаша эңгіме жазыңыз. Әңгімедегі қазак тіліне тэн
дыбысы бар сөздерді теріп жаз, оньщ айтылуына көңіл бөліңіз.
Менің отбасым
Менің аты-жөнім — Аяулым Мұхамбетқызы. Мен 17
жастамын. Біздің отбасымыз үлкен емес: әкем, шешем, мен інім
бар. Әке-шешем - өте қарапайым, қайырымды жандар. Әкем —
заңгер. Шешем - мұғалім. Інімнің аты - Талғар. Ол 7 - сыныпта
оқиды. Ол 13 жаста. Мен Орал қаласындағы С.Сейфуллин
атындағы №11 дарынды балаларға арналган мектеп-интернат
кешенін тәмамдағаннан кейін М.Өтемісүлы атындағы Батыс
Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
педагогикалык
институтының шет тілі мамандыгы бойынша оқуға түсіп, қазір
I курста оқып жүрмін.
Менің отбасым өте тату-тәтті тұрады. Мен өз отбасымды
өте жақсы көремін және қүрметтеймін. Ал Сіздің отбасыңыз
Қандай?
5
отбасы - семья
тэмамдау - окончить,
аты-жөні - фамилия, имя,
закончить
отчество
заңгер - юрист
мамандық - специальность
улкен емес - небольшая
эке-шеше - родители
өте қарапайым - очень
окуға түсу - поступать на
простые
учебу
III деңгей
Сұхбатты оқып, ары қарай
жалғастырыңыз
- Қайырлы таң!
- Атың(ыз) кім?
- Ұлтың(ыз) кім?
- Сенің (сіздің) туған күнің (күніңіз) қашан'
- Орта мектепті қашан бітіріп едің(із)?
- Сенің (сіздің) жанүяң(ыз) үлкен бе?
- Ата-анаң(-ыз) кайда түрады?
- Келешектегі жоспарың(ыз) қандай?
II деңгей
Үй-іші, туған-туыскандарға байланысты қолданылатын
сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Менің отбасым»
деген тақырыпқа шағын эңгіме жазыңыз.
Ата,
әже,
әке,
шеше, карындас, апа,
нағашы, ұл бала, аға,
ағайынды
адамдар,
жиен, кұда, кұдағи,
сәби (бөбек)
Дед,
бабушка,
отец,
мать,
сестра
(младшая для мужского пола), сестра
(старшая), дядя (родственники по линии
матери), мальчик, старший брат, братья
по крови, племянник, племянница (по
женской линии), сват, сватья (родители
невесты
или
жениха),
ребенок
(младенец)
__________
6
I деңгей
«Бос уақытта отбасыңызбен не істейсіз?» деген тақырыпта
сүрақ-жауап құрыңыз.
Қосымша
1-тапсырма
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып,
өзің жэне отбасы мүшелері демалысты қалай өткізетіндерін
айтып беріңіз.
Ерте тұру, ерте ұйықтауга жату, түскі тамақ ішу, ертеңгілік
ас ішу, кешкілік қыдыру, саяжайда демалу, теледидар қарау,
үй-ішіне көмектесу, таза ауада серуендеу.
2-тапсырма
Газет-журналдардан қазақ отбасы туралы мақала тауып
оқыңыз. Сол туралы айтыңыз.
Дауыссыз дыбыстар, олардын жіктелуі
(согласные звуки)
Дыбыстау
мүшелерінен
ауаның
кедергіге
ұшырап
шығуынан жасалган дьгбыстарды дауыссыз ды бы стар дейді (при
произношении согласных звуков струя воздуха, попадая в
ротовую
полость,
образует
преграду,
таким
образом
образуется шум. Такие звуки называются согласными).
Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н,
ң, п, р, с, т, у, ф, х, Һ, ц, ч, ш, щ;
Қазақ тіліне тэн дауыссыздар (специфические согласные
казахского языка) - ғ, к, ң, Һ;
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа
дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Осыдан
салдыр пайда болады. Дауыс пен салдырдың қатысына қарай
дауыссыз дыбыстар үш топқа бөлінеді: қатаң, ұяң, үнді.
1 .Қатаң (глухие)
к, к, п, с, т, ф, х, ц, ч,
ш, щ
2. Үяң (звонкие)
б. В, Г, Г, Д, Ж, 3
З.Үнді (сонорные)
М,
Н, Н, л, р, й, у
Дауыссыз дыбыстар
үн мен салдырдың
қатысына қарай
(по участию шума и
голоса)
7
I ll деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыз дыбысты қойып
көшіріңіз
Сы...лық, ...алым, ...алық, қа...арман, тари..., жүмы..., ма...ал,
бұл...ұл, аш...ы, кітап...ана, ті...і.
II деңгей
Мақал - мәтелдерді сэйкестендіріңіз. Мақал - мэтел
қүрамындағы қазақ тіліне тэн дауыссыз дыбыстарды дұрыс
айтуға дағдылаңыз.
1. Қыз-қонақ
1. Отец - гора, мать - родник
2. Әйел-үйдің көркі
у подножия горы, сын -
Еркек - түздін, көркі
тростник на берегу родника
3. Әке - асқар тау
2. Женой - дом хорош, мужем
Ана - баурындағы бұлақ
- усадьба
Бала - жағасындағы қүрақ
3. Дочь - гостья в доме
4. Әпкенің үйі кең жайлау
4. Братья в ладу - коней
5. Ерлі зайыптының
много, невестки дружны -
ортасына есі кеткен
еды много
отырар.
5. Дом сестры - раздольное
6. Ағайын тату болса ат көп,
джайлау
абысын тату болса ас кәп.
6. Сладок мед, а дитя еще
7. Дүниеде бал тәтті болса,
слаще
бала балдан да тэтті
7. Между мужем и женой
только глупец садится
Iдеңгей
Төмендегі берілген сөздерді пайдаланып, ауызша сөйлем
құраңыз. «Ң» дауыссыз дыбысын дүрыс айтуға жаттығыңыз.
Жаңқа (щепка), маңай (окрестность), оңды (прекрасный),
таңертең (с утра), жаңа (новый), мәңгі (вечный, вечно), оңға
(направо), таң (рассвет).
Туыстық атаулар
Бір атадан әке, бала, немере, шобере, шөпшек, немене,
туажат үзілмей тараса жеті ата болады.
Ең соңғы туажаттан жүрежат, жекжат, мүлдежат болып
аякталган. Осыларды агайын, туысқан деп те атаған. Жеті атадан
өніп-өскен адамдар кауым деп аталған.
Қазақ отбасында балаға туыстарын. нағашыларын, ата-
бабасын, жеті атасын олардың өмірін, руын айтып отырады. Өз
руының үлкен бабасы туралы айтады. Б р баланы өскенде өз
туыстарын жақсы білуге, сыйлауға үйретеді. Қазақтың баласына
жеті атасын үйретудегі мақсаты - туысқанына үйленіп қоймасын
дегені. Сондықтан әрбір қазақ жеті атасының есімдерін білуге
міндетті болган.
Ата-ана баласына кіммен (қай румен) қыз алысуға немесе
түрмысқа шығуға болатынын үйретеді. Бұл тәрбиенің қазақ
отбасында мэні зор.
Ата-анасы үшін барлық балалары бірдей болғанмен, дәстүр
бойынша эр баласының өз орны болған. Баланың үлкені -тұңғыш.
Оны ата-анасы енші беріп, жеке отау етіп шығарған. Қазақ
отбасында кенже бала - шаңырақ иесі. Кенже бала - жанұядағы ең
кіші бала, кіші үл. Кенже баланың өз жанұясы болганымен де
ата-анасымен бірге тұруы тиіс. Кенже бала - қара шаңырақ иесі.
Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық
осы жанүяның балалары, туыстар келіп түрады.
немере - внук, внучка
туысқан - родственник
шөбере - правнук, правнучка
алғашқы - старший, первый
шепшек - праправнук
енші - доля
немене - прапраправнук
ру - род
туажат - прапрапраправнук
сыйлау - 1 .дарить,
2.оказывать уважение
III деңгей
Сіздің кіміңіз бар? Төмендегі үлгі бойынша белгілеңіз.
Үлгі: Менің ана+м бар (+)
У меня есть мать (+)
Күйеу+ім (муж)
Әйел+ім (жена)
оиел+ш (жена)
Қарындас+ым (младшая сестра мужчины, слово «қарындас»
употребляется только при обращении к женскому полу)
Балдыз+ым (шурин - младший брат или сестра жены)
Құда+м (сват)
Ата-анам, эке-шешем (родители)
Қайнаға+м (старший брат мужа или жены)
¥л+ым (сын)
Қыз+ым (дочь)
Аға+м (старший брат)
9
II деңгей
¥лты
қазақ
досыңызбен,
көршіңізбен,
танысыңызбен
төмендегі сұрактар туралы сұхбаттасыңыз. Сұхбатыңыз туралы
кішкене мақала жазыңыз. Тақырыбы: «Жеті ата туралы не
білеміз?»
1. «Жеті ата» туралы не білеміз?
2. «Жеті атаны» білу керек пе?
3. «Жеті атаны» не үшін білу керек?
4. Сіз туыстарыңызды жақсы көресіз бе?
5. Сіз нағашыларыңызды жақсы көресіз бе?
6. Сізге әке-шешеңіз жеті ата, нағашыларың, туыстарың
туралы айтты ма?
I деңгей
Мына сұрақтарды топпен талқылаңыз. Өз дәстүріңізбен
салыстырыңыз.
1. Сіздің әке-шешеңізбен қай бала (ұл-қыз) тұрады?
2. Әке-шешеңіз үйін қай балаға береді?
3. Сізге бұл дәстүр ұнай ма? Неге?
Қосымша
1-тапсырма
Туыстыкгы білдіретін сөздердің мәнін біліп алыңдар
Ата - әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер қүрметпен
«ақсақал», «қария» деп атайды.
Әже - әкенің шешесі. ¥лы мен келіні эжесінің айтқанын екі
етпеуге тиіс.
Әке-шеше, ата-ана - дүниеге ұрпақ экелген ерлі-зайыпты
адамдар. ¥ л мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ.
Бала - ата-анадан туған үрпақтар, ягни олар «үл», «қыз»
деп аталады. Баласы бар үй бақытты үй деп саналады.
¥ л - шаңырақ иесі, үрпақ жалғасы.
Қыз - басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана. Сондықтан
«қыз-қонақ», «қыз-өріс» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп
өсірген.
ю
Немере - үлдың баласы. Немере ата-эже үшін ете ыстык
болады.
Шөбере - немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны
ерекше. Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы
«немене», немененін баласы «туажат», туажаттың баласы
«мүлдежат» делінеді.
Аға, ana, қарындас, сінлі, іні - бір эке шешеден туған
немесе туыстың үл балалары улкен болса - «аға», кіші болса -
«іні», үлкен қыз - «апа» (әпке), кіші болса - «карындас», қыздар
үшін «сіңлі» болады.
Жеңге - ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін «келін»,
жасы кішілер үшін - «жеңге», «жеңеше».
Қайын іні, қайын сіңлі - жеңгелері үшін күйеуінің інісі -
«қайын іні, қарындасы «қайын сіңлі» болады.
Ағанын - бір туған туыстар бір сөзбен «ағайындар»
делінеді.
Келін - інінің, баланың әйелі жасы үлкендерге «келін»
болып есептеледі.
Абысын - агайынды жігіттердің әйелдері.
Бөле - апалы-сіңлілі қыздардың балалары, ал күйеулері
бір-біріне «бажа».
Қайын ата - күйеуінің әкесі әйеліне, ал күйеуіне эйелінің
әкесі «қайын ата» болады.
Қайын ене - әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің
шешесі «қайын ене» болады.
Нағашы - ананың төркіні балаларына «нағашы» болады.
Қүда - қыз алып, қыз беріскен ер адамдар бір-бірін - «қүда»
деп атайды.
Қүдағи - қүдалардың әйелдері.
Жиен - қыздан туған бала.
Жиеншар - жиеннен туган бала.
Қүдаша - келіннің сіңлісі, жігіттің қарындасы.
Қүда бала - жігіт немесе келіннің інілері.
Күйеу - қыз алган жігіт. Ол кыз берген жақтың бэріне
«күйеу бала» болып есептеледі.
Жезде - апаның күйеуі. Оның күйеуін «жезде» деп
еркелейді, эзілдейді.
Балдыз - эйелінің інілері мен сіңлілері оның күйеуіне
«балдыз» болады.
2-тапсырма
Туыстық атауларды үлгі бойынша жазыңыз.
А та--------►Бала--------►Немере------- ►Шөбере------- НЛІөпшек------- ►
Немене------- ►Туажат
3-тапсырма
Үй-іші, туған-туысқандар туралы 10 сөйлем жазып келіңіз
Үлгі: Менің жаңа туыстарым өте сүйкімді және қайырымды
жандар.
4 - тапсырма
Үй-іші, туған-туысқандар туралы мақал-мәтелдер жазып
келіңіз.
Қазақ тілінің төл дыбыстары, емлесі
(специфические звуки казахского языка)
Қазақ тіліне тэн дауысты және дауыссыз дыбыстар
(специфические гласные и согласные казахского языка)
Қазақ тіліне тэн дауыстылар (специфические гласные
казахского языка) - э, ө, ү, ұ, і;
Қазақ тіліне тэн дауыссыздар (специфические согласные
казахского языка) - ғ, қ, ң, һ;
Ә - қазақ тіліне тэн дыбыс. Жіңішке, ашық, езулік сөздің
алғашқы буынында жазылады, тіл ілгері созылып, ұшы астыңғы
тіске тиіп айтылады (специфический звук мягкий, открытый,
негубной,
пишется
в
начальных
слогах
слова,
мягкая
разновидность звука а звучит как звук я. При произношении язык
продвигается вперед, кончик языка упирается в нижние зубы).
Мысалы. Эке - отец, әріп - буква, әліппе - букварь, эн - песня,
әдемі - красивая, этеш - петух;
Ө - қазақ тіліне тэн дыбыс. Жіңішке, ашык, еріндік, жіңішке
сөзде, сөздің алғашкы буынында жазылады, айтылғанда ерін
дөңгеленеді,
тіл
алға
жылжнды,
иек
сәл
көтеріледі
12
(іспецифический звук мягкий, открытый, губной, пишется в
мягких, словах, в начальных слогах слова. При произношении губы
округляются, язык продвигается вперед, подбородок чуть-чуть
приподнимается). Мысалы: өмір (жизнь), тес (грудинки, грудь),
керкем (художественный), өз (свой), өсімдік (растение);
Ү - қазақ тіліне тэн дыбыс. Жіңішке, қысаң, еріндік, жіңішке
сөзде, сөздің алғашқы буынында жазылады, айтылғанда тіл алға
созылады, үшы тіске тіреледі, иек көтеріледі. ¥ дыбысының
жіңішке
түрі,
бірақ
жүмсақ
жэне
шүғьтл
айтылады
{специфический звук мягкий, узкий, губной, пишется в мягких
словах, в начальных слогах слова. При произношении губы
округляются, язык продвигается вперед, кончик языка упирается
в нижние зубы, подбородок поднимается. Звук ү является
разновидностью звука ұ, но произносится мягко, кратко).
Мысалы: үн (звук, голос), үш (три), тур (вид), сүр ет (вяленое
мясо);
¥ ~ қазақ тіліне тэн дыбыс. Жуан, еріндік, қысаң, жуан
сөзде, сөздің алгашқы буынында жазылады. Айтылғанда ерін
алга
сүйірленеді,
тіл
артқа,
иек
көтеріліп
айтылады
(іспецифический звук твердый, губной, узкий звук, употребляется
в твердых словах, в начальном слоге слова, губы округляясь,
тянутся вперед, язык оттянут назад, подбородок приподнят).
Мысалы: Құнанбай (имя), мүгалім (учитель), ұн (мука), үк
(понимай), ұстау (держать);
I
- қазақ тіліне тэн дыбыс. Жіңішке, қысаң, сөздің барлық
буынында жазылады, тіл ілгері созылып, үшы астьщгы тіске
жақындап айтылады (мягкий, узкий, специфический звук пишется
на всех слогах при произношении язык продвигается вперед,
кончик языка касается нижних зубов). Мысалы: із (след), ілмек
(крючок, петля), ірі (крупный), іс (дело), іскер (деловой);
Ғ - қазақ тіліне тэн дыбыс. Жуан сөзде, сөз басында жэне
сөз ортасында жазылады, терең тіл артымен айтылады (звонкий,
специфический звук, пишется в твердых словах в начале и
середине слова, глубокий, заднеязычный). Мысалы: Ғазиз (имя),
жага (воротник), агаш (дерево), қағаз (бумага), балға (молоток);
Қ - қазақ тіліне тэн дыбыс. Қатаң, жуан сөзде сөздің барлық
жерінде қолданылады, тілдің асты көтеріледі, тандай арқылы
айтылады (гчухой, специфический звук, встречается в твердых
словах в любом месте слова, задняя часть языка, поднимаясь,
13
касается задней стенки неба). Мысалы: кайық (лодка), халық
(народ), жұмсақ (мягкий), шумақ (куплет), ақын (поэт);
Ң - қазақ тіліне тэн дыбыс, мұрын жолды, үнді, жуан жэне
жінішке сөзде, сөздің ортасында жэне аяғында жазылады, тілдің
арты
жэне
мұрын
қуысы
арқылы
айтылады
(сонорный,
специфический звук, пишется в твердых и мягких словах в
середине и в конце слова, смычный, заднеязычный, не имеет
соответствия в русском языке). Мысалы: заң (закон), оң
(правый), оңға (направо), таңертең (утром), мьщ (тысяч), жаңа
(новый), таң (рассвет), мәңгі (вечный, вечно), кең (широкий), тең
(равный);
һ - қазақ тіліне тэн дыбыс. Қатаң, жуан сөзде, сөз
ортасында,
сөз
соңында
жазылады,
көмейден
айтылады
(специфический звук казахского языка, произносится твердо, с
придыханием, пишется в середине и в конце твердых и мягких
слов, гортанный). Мысалы: гауһар тас - бриллиант, қаһарлы -
гневный, қаһарман - герой, жиһан - вселенная.
Достарыңызбен бөлісу: |