Тілтаным языкознание


Тақырып: Меңгерілетін тілдің ерекшелік көрінісін дұрыс түйіндемеуден  болатын қателер Түйін



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Тақырып: Меңгерілетін тілдің ерекшелік көрінісін дұрыс түйіндемеуден 
болатын қателер
Түйін: Бұл мақалада меңгерілетін тілдің ерекшелік көрінісін дұрыс 
түйіндемеуден болатын қателер жайлы қарастырылады.
Тірек сөздер: псхологиялық талдау, шет тілі, фонетикалық есту, фонетикалық 
қателер, грамматика саласындағы қиындықтар, лексикалық қиындықтар. 
Тема: Ошибки, которые могут быть неверно истолкованы языковой спецификой 
разрабатываемого языка
Резюме: В этой статье раскрыты ошибки, которые могут быть неверно и 
столкованы языковой спецификой разрабатываемого языка.
Ключевые слова: психологический анализ, иностранный язык, фонетический 
слух, фонетические ошибки, проблемы с грамматикой, лексические трудности.
Subject: Errors that can be misinterpreted by the language specificity of the language 
being developed
Abstract: This article reveals errors that may be incorrect and are based on the 
language specificity of the language being developed.
Keywords: psychological analysis, foreign language, phonetic hearing, phonetic 
mistakes, problems with grammar, lexical difficulties.
Шет тілі саласындағы бұдан бұрын меңгерілген білім оның тілді меңгеру үр-
дісінің оң факторы болып табылатын бұдан әрі меңгерілуіне үлкен әсер етеді. 
Алайда кей жағдайларда, нақты бір әдістемелік дәлсіздік барысында бұдан бұрын 
игерілген білім қателерге ұрындыруы мүмкін. 
Осы сұрақ бойынша әдебиетте бар деректер бұдан бұрын меңгерілген білімнің 
қателерге әкелу барысының үш талабын көрсетуге мүмкіндік береді. Бірінші 
талап – алдыңғы білімнің қатеге әкеп соғуы – тым жалпы және анықталмаған, 
оқушылардың шет тілі ерекшеліктерін өздігінен қорытуы орыс тілінен ерекше. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


29 
Қазір талданатын қателер кейбір күмән, аталған сөзді қалай жазу керек деген 
сұраққа ауытқу тудырады және қателер нақты жалған пікірдің, белсенді ойлаудың 
нәтижесі болып табылады. Сондықтан бұл қателер аталған сөзді ешбір келтірілген 
ережелерге жатқызуға болмайтын жағдайда немесе оқушылардың сәйкес ережені 
дұрыс меңгермеу жағдайында туындайды. Сөздің жазылуы ережеге бағынатын 
жағдайларда, қателерді талдаумен байланысты осы ережені қайталау қажет. Егер 
сөздің жазылуы белгілі бір ережеге бағынбаса, онда қосымша жаттығумен оның 
жазылуын бекіту қажет. Екі жағдайда да оқушылардың дұрыс жазбағандарының 
астын сызу қажет және диктант пен жаттығулар жазу барысында жақсы меңгерілген 
ережеге сүйену қажет және әрбір меңгерілетін сөздің қалай жазылатындығын есте 
сақтау керек.
Бұдан бұрын игерілген материалдың теріс әсерінің екінші шарты оны дұрыс 
меңгермеу болып табылады, осының арқасында меңгерілген ереже жалпы 
мазмұнға ие болады, сондықтан кең көлемде және қолданылмаған жағдайларда 
басталады. 
Мұндай қателердің түрін ережесіз тасымалдау және дұрыс қысқартпау, ережені 
үзумен шарттасқан қателер деп санайтынын Н. А. Менчинская және Л. Н. Бо-
гоявленский [1] де көрсетті. Мұндай қателер өзінің сыртқы келбетімен төменде 
тоқталатын жалған автоматтандырылған байланыс қателеріне ұқсас. Оларды 
оқушылардан ережені сұрау арқылы ғана ажыратуға болады. Егер олар ережені 
дұрыс тұжырымдамаса, себеп ережені дұрыс меңгермеуде. Егер ереже дұрыс 
меңгерілсе, онда мәселе жалған байланыс қателерінде. 
Жалған автоматтандырылған байланыстың не екендігін және қалай пайда 
болатындығын түсіну үшін психологиялық тұрғыдан дұрыс жазу үрдісінің қалай 
жүретіндігін көз алдымызға елестету қажет. Осы немесе басқа сөздің дұрыс 
жазылуы ойлау үрдісінің тізбекшесін ұсынады. Мысалы, Мен университетке 
барамын фразасындағы көмекші сөздің дұрыс жазылуы мүмкін болатын бірқатар 
таңдауды (in, to, for) ұсынады. Көмекші сөзді дұрыс таңдау үшін, ең алдымен, бару 
баяндауышы мен университетке сөзінің арасындағы қатынас ерекшелігін ұғыну 
қажет, яғни to go баяндауышының қолданылу ерекшелігін ұғыну, кейін қозғалыс 
баяндауышымен көмекші сөздердің қолданылу ерекшеліктерін ұғыну қажет. 
Бұдан әрі go баяндауышының ерекшелігіне талдау негізінде осы ереженің сәйкес 
келетіндігін тексеру және жазу: I am going to school.
Оқушы алғаш рет go баяндауышымен фразаны жазған кезде, ол осы барлық 
үрдістерді жасайды. Алайда бір типтес жаттығуларды немесе мысалдарды бірнеше 
рет жазу барысында (аталған жағдайда go for баяндауышына) ережені еске түсіру 
және ой қорытындысын орындау түсіп қалады. Үрдістің соңғы буыны ғана қалады: 
go баяндауышын саналық қабылдау және оны жазу ерекшелігі. Мұнда, осылайша, 
осы екі мүшенің арасында тікелей және автоматтандырылған байланыс орнайды. 
Автоматты түрде әрекет ететін, күрделі интеллектуалдық үрдістің соңғы буыны 
арасындағы мұндай тікелей байланыстарды Л.Н.Богоявленский коннексиялар 
деп атайды [1]. Коннексия осы екі мүше арасындағы, екі үрдіс арасындағы 
берік байланыс, бірқатар аралық буындарды азайта отырып, алғашқысы тікелей 
екіншісіне әсер етеді (өзімен-өзі деп айтуға болады). Мұндай байланыстың 
алғашқы мүшесі мысалдар ерекшелігі санасына, екіншісі оларды жазуға қызмет 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


30
етеді. Талданған мысалда алғашқы мүше go баяндауышының ерекшелігін ұғыну, 
екінші – аталған сөйлемде одан кейін to көмекші сөзінің жазылуын ұғыну.
Толық сауатты адамда жазу үрдісі әдетте осындай байланыс әрекетінің негізінде 
жасалады. Осындай байланыстардың арқасында дұрыс жазу мүмкіндігі құрылады. 
Дұрыс жазуға әкелетін дұрыс автоматтандырылған байланыстар мәні осындай. 
Қателерге әкеп соғатын жалған автоматтандырылған байланыс дегеніміз не және 
олар қайлай, қандай жағдайда пайда болады? Бұл сұрақты нақты мысалмен 
талдаймыз. Оқушылар жазба жұмысында: We arrived to the Crimea – Біз Қырымға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет