Тілтаным языкознание



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Ключевые слова: уровень, компьютеризация, информатизация, дистанционное 
образование, образовательный процесс, информация, экспертиза.
Subject: 
The importance of information and communication technologies in higher 
education
Abstract: The article deals with the problems connected with information-
communicative technologies in the process of foreign language teaching in the higher 
educational enterprises. Information-communicative technologies are one of the means 
which is able to lift foreign language teaching to much higher level, maintaining its 
development. Just, information-communicative technologies create certain conditions 
for renewal of the theory and education of the creative person.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


17 
Keywords: level, computerization, informatization, Remote education, educational 
process, information, expertise. 
21-ғасырдың басында білімнің атқаратын рөлі бүкіл дүниежүзінде арта түсті. 
Мемлекеттің саяси және шаруашылық статусын сол елдегі білімнің деңгейінің 
қаншалықты жоғары екендігін, жалпылай айтқанда, ақпаратпен қаншалықты 
қамтылғандығын бейнелейді. Ал мұндай жағдайда мемлекетке сәтті қызмет ететін, 
қазіргі заманның талаптарына сай білікті мамандар өте қажет. Ақпараттық ағым-
ның күшеюінен студенттер мен мамандарды тәрбиелеп, оқытудағы әдістеменің 
түрлері мен мәнін түбегейлі өзгерту қажет. Білім берудің мақсаты сол білімді беріп 
және сіңіріп қою ғана емес, сол алған жаңа білімнің негізінде кәсіби мақсаттарды 
дайындай білу. 
Қазіргі таңда күндізгі бөлімде оқып, жоғары білім алу мүмкіншілік халықтың 
мұқтаждықтарын қанағат ете алмайтындықтан, сырттай білім алатын студенттер-
дің кәсіби дайындықтарын одан ары арттыру мәселелерін шешуді қолға алуды 
талап етеді. 
Жоғары білім алу жүйесіндегі мамандарды дайындау мәселелерін Е.Е.Адакин, 
И.Д.Багаев, В.М.Большов, С.Б.Голуб, А.Б.Каганов, Н.Э.Касаткина, О.Я.Краснова, 
Б.П.Невзоров, А.К.Осницкий, Е.М.Пеньков, В.А.Пономаренко, Е.Э.Смирнова, 
Н.И.Тарасенко, С.Н.Фокеева және басқалары өз еңбектерінде қарастырған. 
Жоғары білім орындарында оқитын студенттерді кәсіби дайындаудың 
теоретикалық-әдістемелік негіздерін Л.С.Айзерман, Г.А.Антипов, М.Н.Берулав, 
А.А.Вербицкий, В.П.Зинченко, В.В.Емельянов, Ф. Каган, М.Ю. Карелина, 
А.Б.Орлов, Н.С.Розов, Л.В.Скрипникова және басқалары өз жұмыстарында 
қарастырған. 
Болашақ маманның кәсіби деңгейде даму жолдарын қалыптастыру туралы 
мәселелерді Т.Ф.Белоусова, Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, Ю.Н.Кулюткин, 
В.А.Сластенин және басқалары зерттеген. Кәсіби қызметке қатысты сұрақтар 
мен студенттердің болашақ мамандықтарына дайындықтарын Б.И.Адаскин, 
С.И.Архагельский, П.Р.Атутов, И.Д.Багаев, В.М.Вольтов, С.Б.Голуб, М.П.Гурьянова, 
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, А.Б.Каганов, О.Я.Краснова, Т.В.Кудрявцев, 
Ю.Н.Кулюткин, В.А.Поляков, Н.Ю.Посталюк, Н.С.Пряжников, В.А.Сластенин, 
Н.И.Тарасенко, М.X.Титма, С.Н.Фокеева және басқалары зерттеген. 
Ғалымдар зерттеген проблемалар сан алуан сипатта болады: оған білім беру 
жағдайының әсері, тұлғалының мінез-құлқының қалыптасуы мен дамуы, студент-
тердің шығармашылық қабілетінің дамуы, кәсіби білімдерін жетілдірудің, кәсіби 
қызметтің сипаттарының бірі болып табылады. Мыңжылдыққа өту кезеңінде 
білім беру саласы адамзат капиталы мен білімінің ең негізгі құнды стратегиялық 
ресурстарының бірден-бір көзі болып табылмақ. Және де оның негізгі алға қарай 
жылжыта өркендететін тетіктерінің бірі ақпараттандыру болмақ. Ал қоғамды 
ақпараттандыру болса, оны компьютерлендірусіз іске асуы мүмкін емес, сондық-
тан да бұл мәселе өзінің маңыздылығы жөнінен бірінші орындағы мәселелерге 
айналады. Бұл мәселенің басымдылығы оның негізінде жаңалық екендігінде. 
Компьютердің пайда болуымен бірге туындаған, соңғы жиырма жыл ішінде, ол 
өткен ғасырлар тәжірибесін немесе «өз ішінен де» өрбіп дамуды қолдана алмайды. 
Бұл жағдай өте бір тәжірибелік қажеттілікпен бірге қосылып, студенттерді кәсіби 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


18
дайындыққа дағдылап білім беруді компьютерлендіру мәселесін қазіргі заманның 
педагогикасының өзекті және ең алғашқы кезектегі міндеттеріне айналдырады. 
Қазіргі кезеңде бүкіл әлем жаңа қуатты төңкерісті басынан өткеріп жатыр, 
ол адамзаттың күнделікті өмірін, жұмысын, демалысын, қоғамдағы бірлесу 
тәсілдерімен, тіпті адамдардың өздеріне деген көзқарастарын өзгертуде [1]. Өткен 
технологиялық төңкерістерге қарағанда, бұл фундаменталды өзгерістің өзгешелігі 
оның – біздің уақытқа, кеңістікке, қашықтыққа және білімге қатысты түсінігімізді 
өзгертуі. Ақпараттық төңкерістің негізінде ақпараттандыру технологияның дамуы 
жатыр, ал оны қолданудың мүмкіншілігі мен сан алуандылығы тек адамның 
тапқырлығына ғана байланысты болмақ. 
Біздің елімізде білім саласын ақпараттандырудың алғашқы қадамдары 1985 
жылы басталды, бұл жылы өкіметтің шешімі бойынша, орта жалпы білім беретін 
мектептерге ақпараттандыру мен есептеу техникасының негізі деген жалпы 
курсын енгізу туралы қаулы қабылданған.
Қоғамдық санаға «компьютерлік білім» деген жаңа түсінік ене бастады. Бұл 
дегеніміз есепті шешу тәсілін жаңа ЭВМ (электрондық есеп техникасының) көмегі-
мен шешу дегенді білдірді, сонымен қатар қоғамды дамытуда ақпараттандыру 
мен ақпараттандыру технологиясы туралы негізгі идеясын түсінуді талап етті 
[2]. 1990 жылы білім саласын ақпараттандыру туралы тұжырымдама жасалып, 
жарияланды, бұл біздің қоғамды дамыту үрдістерінің негізгі бағыттары мен 
сатыларын белгіледі. Ресей мен шетелдегі қашықтықтан білім беруді дамыту мен 
қалыптастыру мәселелерін талқылау, қазіргі заманда әлемде қашықтықтан білім 
беру жүйесін іске асыруда нәтижелі тәжірибе жиналғанын көрсетті. Ресейде, 
әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан, жоғары оқу орындар-
ында қашықтықтан білім беру жүйесі пайда болып, ол қарқынды дамып жатқанын 
байқауға болады. 
Шетел педагогикалық ойының тәжірибесі Дж. Боат, Ф.Ведемеер, Дж. Даниел, 
Р.Деллинг, Д.Киган, М.Мур, О.Петерс, К.Смит, Б.Холмбергтің еңбектерінде 
сипатталады, Ресей педагогикалық тәжірибесіндегі ақпараттандыру технология-
сындағы қашықтықтан білім беру мен сырттай оқу жүйесінің қолдану жолдары мен 
заңдылықтарына ізденіс, соның ішінде, қашықтықтан білім берудің ерекшеліктері 
мен мақсаттарын анықтау (А.Ведемеер, Р.Деллинг және басқалары.), қашықтықтан 
білім беруді «индустриаландырылған және технологияландырылған білім» 
ретінде ұйымдастырып, оның мақсаты, құрылымы, түрі мен басқа да элементтерін 
дәстүрлі білім беруден ерекше айырма етіп (О.Петерс), оқу құралдарына талап 
қойылып, оқу үрдісіне қатысатын студенттердің өзара әрекет ету сипаттарын 
қалыптастыруды зерттеген (Б.Холмберг).
Қашықтықтан білім беру мәселелеріне арналған конференциялар мен семинар-
лардың материалдарын қарастыру арқылы теория мен тәжірибе жөніндегі нақты 
ақпаратты тездетіп алуға болады. Конференция материалдарының мазмұнына 
жүгінсек, осы сатыдағы бастаманың иегерлері мен зерттеу жұмыстарын жасап 
жатқандардың басым көпшілігінің педагогикалық білімнің емес, техникалық 
білімнің иелері екеніне көзіміз жетеді. Бұған мынадай түсінік беруге болады: 
қашықтықтан білім берудің техникалық және ақпараттық негізі жаңа ақпараттан-
дыру технологиясының құралдары болып табылғандықтан, олардың білім беру 
жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі қолдануы мен мүмкіншіліктеріне тек қана инженерлік 
білім алған мамандар жетік түрде баға бере алады. Бұл дегеніміз, қашықтықтан 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


19 
білім беру саласында психологиялық-педагогикалық зерттеулердің анағұрлым 
жеткіліксіз екендігін көрсетеді. 
«2010 жылға дейінгі кезеңдегі Ресей білім беру жүйесін қазіргі заман талапта-
рына сай дамытудың тұжырымдамасының» «Сапалы кәсіби білім беруді арттыруға 
қолайлы жағдай жасау» туралы бөлімінде былай деп көрсетілген: «Кәсіби білімді 
дамытудың стартегиялық бағыттарының қатарындағы алғашқы кезекте тұрғаны 
білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын 
бүгінгі талапқа сай жаңарту мен нығайту ерекше орын алады. Оларды ғаламтордағы 
Интернет жүйесі мен жергілікті ақпараттық жүйеге қосу, жоғары оқу орындарын 
қазіргі талапқа сай оқу құралдарымен, саймандармен және материалдармен 
қамтамасыз етіп, оқу үрдісін дамытудың сапасын арттырумен қоса жоғары оқу 
орындарындағы ғылымға да қолдау көрсету қажет. Жаңа сапалы кәсіби білімге 
қол жеткізу білім беру жүйесін ақпараттандыру мен оқыту тәсілдерін жетілдіру, 
ашық сабақ технологияларын белсенді қолдануды іске асыру арқылы орындауға 
болады» [3]. 
Алайда, нәтижелі қорытындыларға қарамастан, қазіргі кезде әр жерде сырттай 
оқудың негізгі түрі ретінде қашықтықтан білім беруді педагогикалық тәжірибеге 
енгізу ертерек. Жоғары білім беру орындарының материалдық-техникалық 
жабдықпен лайықты түрде қамтамасыз етілмеуі, профессорлық-оқытушылық 
құрылымның тәрбие-оқу жұмысы барысында ақпараттандыру технологиясын 
қолдануды жете қолдана білмеуі, компьютерленген оқу-әдістемелік құралдарының 
дер кезінде жасалмауы, міне, осы мәселелерді алғашқы кезекте шешу керек, себебі 
бұлар сырттай оқу бөлімінің студенттерін кәсіби бағытта дайындау барысында 
ақпараттық-компьютерлік технологияны қолданып, болашақ мамандарға жаңа 
деңгейдегі кәсіби дайындық алуларына көмектесу қажет. 
Білім беру жүйесін компьютерлендіру мен ақпараттандыру мәселелерін көпте-
ген ғалымдар мен оқытушылар зерттеген. Бұл саладағы зерттеулерге өз жұмыстарын 
С.А.Бешенков, Ю.С.Брановский, В.А.Бубнов, А.В.Горячев, А.В.Еляков, А.П.Ершов, 
Ю.М.Зыбарев, А.А.Кузнецов, В.С.Леднев, А.Н.Тихонова, Ю.А.Уваров және басқа-
лары арнаған. Бұл еңбектерде ақпараттандырылған қоғам туралы түсініктеме 
беріліп, білім беру жүйесіне ақпараттандыру технологиясын енгізу қажеттілігін 
қарастырып, оқытудың құрылымдық және әдістемелік аспектілері сипатталып, білім 
беру саласына ақпараттандыру технологиясын енгізудің психологиялық-педагоги-
калық мәселелері көрсетіледі, алайда жоғары оқу орындарында ақпараттық-комму-
никациялық технологиялар негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру, білімді, қабілет пен 
дағдыны бір жүйеге келтіру мәселелері зерттелмеген. 
Қазіргі заманның талабына сай ақпараттандырылған технологияны қолдану-
дың негізінде білім берудің сапасына кепілдік болатын психологиялық-педагогика-
лық негіздер В.П.Беспалько, Г.В.Лаврентьев, В.А.Логачев, И.Г.Лозицкий 
және басқалардың жұмыстарында талқыланған. Бұл жұмыстарда ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар жүйелі түрде қолдану арқылы студенттер 
ғылымдардың негізін қазіргі заманға сай әдістер арқылы оқуға үйретіп, оларды 
ақпараттандырылған қоғамда ой-қабілеттің жоғары болуын қажет ететін 
қызметке дайындайтындығы қарастырылғанымен, оқу барысындағы ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар үрдісін студенттерді кәсіби дайындыққа 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


20
баулитын арнайы ұйымдастырылған жоспарланған, бірнеше сатылы және өзекті 
үрдіс деп қарастырылмаған.
Қазіргі замандағы білімнің ақпараттандырылуының ерекшеліктеріне 
К.Е.Афанасьев, А.Н.Тихонов және басқаларының жұмыстары арналған. Студент-
тердің компьютерлік біліктілігін қалыптастырудың сұрақтарын Н.А.Русакова зерт-
теген. Студенттердің ақпараттық мәдениетіне қатысты мәселелерін А.П.Ершов өз 
еңбегінде сараптаса, ақпараттану білімінің негіздері. И.И.Юзвишиннің моногра-
фиясында зерттелген. Информатика мен ақпараттандыру технологиясының әдісте-
мелері мен құрылымдық негіздері С.А.Бешенков, Ю.С.Брановский, В.С. Леднев, 
И.Г Семакина және басқаларының еңбектерінде зерттелген. 
Қашықтықтан білім беру мен телекоммуникациялық жобалардың оқу барысын-
да қолданылуы О.Н.Гавришина, Э.Г.Скибицкий, Л.И.Холина, А.Г.Шабанов, 
А.Ю.Уваров және басқаларының еңбектерінде қарастырылғанымен, ғалымдар 
жоғары оқу мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы 
кәсіби дайындықты студенттердің өз біліктіктерін одан ары шыңайта түсуге 
көмектесетін үрдіс деп көрсетпейді.
Зерттеулер қарама-қайшылықтарды шешуге ықпал етеді, бір жағынан, сырттай 
оқитын студенттердің сапалы кәсіби білім алуын шыңдай түсу қажет болса, 
екінші жағынан, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде сырттай 
оқитын студенттердің кәсіби дайындығын шыңдайтын педагогикалық жағдай 
көрсетілмеген. Бұл қарама-қайшылықтың шешімі жоғары оқу орнында жаңа білім 
беретін құрал жасауға мүмкіндік береді. 
Шетел тілін оқытудың технологиялық дамытуын айтқанда, ең алдымен 
«дамыту» деген сөздің түсініктемесін айта кеткен жөн. Педагогоикалық 
энциклопедияға жүгінсек, дамыту дегеніміз ескіден жаңаға, бір сапалы түрден 
екінші сапалы түрге өтумен сипатталатын қозғалыстың ең жоғарғы түрі.
Негізінде, тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғана білім беруді 
ең жоғарғы сатыға өткізуге қабілетті, сол арқылы оның қозғалысын қамтамасыз 
етеді. Сондықтан шетел тілін оқытудың технологиялық дамытуы туралы айту 
заңды болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізіп, қолдану 
шетел тілін оқытудың мүмкіндігі мен потенциалын арттыра түседі. Кейбір 
авторлардың пікірі бойынша, оқу құралдарының негізінде жасалған технологияны 
оқыту үрдісі ретінде қолданылуына бірқатар шектеуліктер қояды. Авторлардың 
айтуы бойынша, технологиялық тәжірибені қолданып, оқу үрдісін құрастыруға 
болады, бірақ студенттерді ары қарайғы кәсіби қызметке дайындауға қажетті 
оқытудың диагностикалық мақсаты ретінде белгілі бір оқу материалы, әрекет 
тәсілдері ғана қолданыла алды.
Нақтылы бір оқу материалының сапалы меңгерілуі қорытынды бақылау 
жасауға ыңғайлы. Алайда оқытушылардың пікірі бойынша, тәрбиелік үрдістің 
диагностикалық мақсатын белгілеу мүмкін емес. Даму үрдісінде де технологияны 
қолдануды жоққа шығарғанда осы дәлелдер келтірілген. Зерттеушілер мынадай 
қорытындыға келеді, тәрбие мен дамуды технологиялық деңгейде ұйымдастыруға 
болмайды. 
Алайда технология, оның ішінде ақпараттандырылған-коммуникативтік техно-
логия, тек студентерді тәрбиелеудің тәжірибесі мен теориясын жаңартуға белгілі 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


21 
бір объективті жағдай жасап қоймай, сонымен бірге, шығармашылық икемді ой-
өрісі бар тұлғаларды тікелей дайындайды.
Тәрбие үрдісіндегі диагностикалық мақсаттың мүмкін еместігі туралы дәлел-
дің еш негізсіз екендігін өз еңбектерінің бірінде, Ақпараттандырылған білім беру 
академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Г.Қ. Нұрғалиеваның қомақты еңбегі 
тұлғаның құндылық бейімділігінің педагогикалық диагностикасының мәселелерін 
ашуға арналған. Г.Қ.Нұрғалиеваның ғылыми мектебі тәрбие мен оқу үрдісіндегі 
технологиялық білім берудің әртүрлі аспектілерін зерттейді (Бақтыбаев Ж.Ш., 
Ферхо С.И. және басқаларының диссертациялық жұмыстары).
Білім беру үрдісін технологияландырудың түрлерінің бірі – электрондық 
оқулықтардың тәсілдерінің көптілігі мықты тәрбиелік потенциалы бар білім 
беретін орта құрастырады [4]. 
ӘДЕБИЕТ
1. Якобсон П.М. Общение людей как социально-психологическая проблема. 
– М.: Знание, 1973. – 40 с.
2. Кузовлев В.П. Учебно-методический комплект: (5-9 классы). – М.: 
Просвещение, 2000. – С.136 
3. Dickenson L. Self-instruction in Language Learning. New Directions in 
Language Teaching. – Cambridge: Cambridge University Press, 1987. – 200 p.
4. Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях 
информатизации образования. – Алматы, 2004. –311 с.
Материял редакцияға 5.07.2017 жылы түсті.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет