Тілтаным языкознание


АЙ Көне түркі жазбаларында «ай» сөзі кісі есімінің компоненті ретінде  қолданылады: AJ



Pdf көрінісі
бет23/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
АЙ
Көне түркі жазбаларында «ай» сөзі кісі есімінің компоненті ретінде 
қолданылады: AJ жалқы е. (ЛОК 8
5
);аj qaγan жалқы е. (ЛОК I3);aj ölütči жалқы 
е. ‘Айды өлтіруші — Яма
*
әскерінің қолбасшысы (ТТ VIoo); Аj toldї жалқы 
е.(QBK 3
3
).
Сонымен қатар антрпоним жасамға негіз болған мынандай мағыналары 
кездеседі: AJ I 1. ай ‘уақыт’, ай (аспан шырағы): jarut[t]ï ažunqa künüg häm ajïγ 
әлемге жарық берді [құдай] Күн мен Ай (QBN 2112); 2. астр. Ай (планета): qaju 
ȩvkä kïrsä bu aj tȩrk čïqar Қандай үйге кірсе [аспан жарты шарында] бұл Ай, [одан] 
тез шығар (QBN 6315). aj täŋri діни.Ай тәңірі: küčlügiki jaruq kün aj taŋrilär 
күшті екі жарық Күн мен Ай тәңірлері(Man ІІІ 64);
Көне замандарда бабаларымыз Айды кие тұтып, құрметтеген, ондай наным-
сенім – жалпы түркі халықтарына ортақ көне дүниетанымдардың бірі. Қытай 
жазбалары бойынша зерттеулер жүргізген ғалымдар бұл дәстүрдің ғұн заманынан 
бар екенін айтады: ғұндар Ай толған кезде шабуылға өтіп, Ай қараңғы күндері 
соғыс жүргізбейді. Бұлай болуы олардың Айға табынуына тікелей байланысты. 
Қазақтар Айды құрметтеп сөйлейді. Батыс Сібір татарлары жаңа Ай кезінде 
* Йама (Jama) – өлгеннен кейінгі әлемнің (о дүниедегі) құдай-патшасы.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


48
асыр сап би билеген, дауыстап бата айтқан. Осыған қарап, қазақтың халықтық 
биі «Айгөлек» те бір кездегі Айға табынған адамдардың оған көрсеткен құрметі 
негізінде келіп шыққан би болуы керек. Жасы үлкен адамдар: «Жаңа айда 
жарылқа, ескі айда есірке» деп бата оқыса, жастар: «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың 
жүзі дөңгелек, айдай толған кезімде би блеймін дөңгелеп» – деп, ән шырқап, би 
билеу арқылы ескі айды шығарып салып, жаңа айды қарсы алған [9, 43-52 бб.]. 
Ай – кие тұтумен қатар сұлулықтың да символы. Адам сұлулығын Айға теңеу сол 
көне дәуірлерден бастау алады. Соның бір дәлелі іспетті көне түркі жазбаларында 
«Ай тәңірі» тіркесі кездеседі. Ол тек жарық беруші күш қана емес, сұлулықтың 
да теңеуі ретінде көрінеді: ai täŋri: beš jẹgirmidäki tolun aj täŋri tẹg sẹvigiligjüzlüg 
uluγ elig-ä ‘Уа, он бесінде толған Ай тәңірі секілді сүйкімді жүзді (жүзі сүйкімді) 
ұлы ел билеуші!’. Айды сұлулықтың символы ретінде тану келе-келе құлдар мен 
күңдерге ауысқан секілді. AJ III (aji’m?) қызметші (күң): barsun naru qaδγura / sattï 
mẹniŋ) ajïmnï сонда барсын қайғыра / [себебі] сатты менің күңімді (МК, 3636). 
Оғыз қағанның алты ұлы бар еді. Оның біреуінің аты Ай болатын [10, 30-б.].
Жазба деректер мысалы көне түркілік «аяс» сөзінің шығу тегін «ай» түбірімен 
байланыстыруға жетелейді. Көне түркі тілінде Аяс «ашық, айқын» мағыналарында 
аспанға қатысты қолданылған сөз: Ajas kök аяс көк, яғни ашық аспан. «Ашық, 
айқын, таза, мөлдір» сөздерінің ауыс мағынасы «әсемдік, көркемдік, сұлулық» т.б. 
сабақтас. «Мөлдіреген көз», «үлбіреген жүз» т.б. сипаттаулардың барлығы мағына-
лық алмасулардың негізінде қалыптасқан. AJAS (Айас) Жүзі сұлу құлдарға 
берілетін ат. Көне түркі сөздігін дайындаушылар Аяс пен Аязды өзара салыстыра, 
ұқсастыра қарайды да, бұлардың шығу тегін бір-бірімен байланыстырады (ср. 
ajaz). Көне қолданыста дыбыстық өзгешелігі бар Аяспен мағыналас Аяз (Ajaz) 
есімі бар. Сонымен қатар, осы орайда жазба мұралар тілінде кездесетін ортақ етіс 
тұлғалы «аяс» сөзіне де тоқтала кетуге тура келеді, өйткені дыбыстық тұлғасы 
осыған ұқсас кісі атымен сәйкес келеді.
«AJAS-ортақ. е. aja-: ajaš- amraš- тіркес. Аялау-аймалау, екі адам арасындағы 
сүйіспеншілік, түсінісушілікке қатысты тұрақты тіркес: birikintiškä ajaštačï 
amraštačï ӧgrünč sẹvinč üẓä ilinčü mẹŋi qïltačï... bolurlar бірі екіншісімен (бір-бірі-
мен) аяласады, түсініседі, сүйініседі, сөйтіп осы шаттық пен махаббаттың 
арқасында көңілді серуендеп, бой жазысады(Suv 411
17
). Бұл мағынадағы «ая-» 
сөзі алақан дегенді білдіреді, қазіргі кезде «аялы алақан, аялы көз, аялау» секілді 
етістік, тұрақты сөз тіркестерінің құрамында сақталған. Мазмұнында мейірім
сүйіспеншілік, көркемдік туралы ақпараттар қамтылған. Сондықтан екі түрлі аяс 
сөзінің түбірлері де бір-біріне ұқсамайды: біріншісінікі – ай, екіншісінде – ая- (айа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет