Тілтаным языкознание



Pdf көрінісі
бет34/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
шайыр – «смола – ферула».
16. Топонимдер мен этнонимдер атауы: Алматы апорты – «алматинский 
апорт», бұхар алхорысы – «бухарская слива», африка тарысы – «африканское 
просо», морокко апельсині – «морокканский апельсин».
17. Антропонимдер: Баубекқурай – «бурьян баубека, конопля»; Данияр – 
«қауынның түрі». Қызжібек – «раушангүлдің түрі».
18. Жас ерекшелігіне байланысты: кемпіршөп – «старушья трава-акантоли-
мон»; келіншекбоз – «невестка ковыль» – «ковыль красивейший»; еркекшөп – 
«мужчина трава – житняк»; катынжаңғақ – «женщина орех – афлатуния».
19. Жеуге болмайтын, улы өсімдік: миқарақат – «собачья смородина»; чытыр – 
«қой, сиыр малының жауы». Жаңбыр қалың болғанда құмды жерге шығады.
20. Түр-пішінінің үлкен-кішілігіне қарай: ат, түйеге байланысты қойылатын, 
кіші болса, торғайға, тышқанға ұқсатылған өсімдіктері. Көптікті білдіретін 
сөздер: қырық пен мың: қырықтамыр – «многокоренник», «сорок корней», 
мыңжапырақ – тысячелетник».
Дегенмен, әлі де болса ресстрге енгізілмеген өсімдік атаулары баршылық. 
Мысалы, Арқар жусан таулы жерге, тас-тасқа, күңгейге шығатын жусан түрі. 
Арқарлар оны күзде жейді. Арқар жусан иісті болады. Боз жусан түрі – боз, 
сабағы аласа жусан. Балықкөз сорлауыт жерде өсетін, тамыры тереңге бармайтын 
аласа өсімдік. Балықкөзді ешкі сүйсініп жейді. Бұйырған далалы, қырқалы жерде 
өсетін, тарам-тарам болып шығатын өсімдік. Бұзаубас тақырға шығатын, басында 
дәні бар өсімдік. Бұзаубасты қой жейді. Бөлтірік жалғыз-жалғыз болып шығатын 
улы шөп. Жалманқұлақ түрі көк, қыста да қурамайтын шөптің түрі. Күреңсе 
таулы жерде өсетін есімдік. Күреңсені жылқы сүйсініп жейді. Киеліжүн таудың 
басына шығатын қысқа шөп. Күйреуік басы шашақ-шашақ, түбі бірігіп шығатын 
өсімдік. Көкқасқа құмдақ жерге шығатын, түйе сүйіп жейтін шөп. Шағыр жусан 
ойда, далалы жерде биік болып өсетін жусан түрі. Көкпек жусанның сүйекті түрі. 
Көкпектің басын қой жейді, оны отын үшін де пайдаланады. Қаратұяқ дәні қонақ 
дәніндей далалы жердің өсімдігі. Қырықбуын буын-буын болып өсетін өсімдік. 
Бозот бетеге, күреңсе сияқты шалғын шөп, тау шөбі. Қараматау түп-түп болып 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


71 
өсетін өсімдік. Ол Іле бойында жиі кездеседі. Құлқайыр басы гүлді, биік болып 
өсетін өсімдік (шығу тегі: гүл-и қаһирә, яғни қайыр гүлі).
Қоянжын шөлді жерге өсетін, түйе жейтін шөп. Қоянсүйек тарамдалып, түзу 
болып шығатын тікенді, түбі тамырлы өсімдік. Қылша тастақ жерге тарам-тарам 
болып шығатын өсімдік. Қылшаны көктей отқа жағып, күлін насыбайға салады.
Қазақ тілінде жиі кездесетін өсімдіктердің ерекшеліктеріне тоқтасақ, ол сырт-
қы келбетіне қарай былай топтастырылды: Аю қурай – «дягиль лекарственный, 
медвежьй курай»; Итмұрын – «можжевельник»; итсигек – «басында дәні бар, 
тамыры жерге тік кететін өсімдік». Итсигектің дәні аса көрінбейді.
Сондай-ақ көршілес туысқан тілдерде де өсімдік атауларында ортақтықтар 
баршылық. Мысалы, қазақ-башқұрт тілдерінде қат сөзі («жеміс», дән) жеке 
айтылмайды. Мысалы, қарақат. Бұдан туындайтын қорытынды: «қат»сөзі 
жеке түбір ретінде негізгі және туынды сөздерде ғана және фразеологизмдерде 
жиі кездеседі.
Егінге, ауылшаруашылық өніміне, арық-атызға байланысты кейбір сөздерде 
де ұйғыр тілінің әсері байқалады. Мысалы: беде жоңышқа (ұйғ. бәдә), 
көмбеқонақ – жүгері, кәуе – асқабақ, оспа – қас бояйтын шөп, чілге тез пісетін 
қауын түрі, пәлек желілеп өсетін сабақты (ұйғ.– пәлек), өсімдік бақал бидай, 
тары сабаны(ұйғ.– пахал), еңлік – бет бояйтын шөп (ұйғ.– әнгик) т.б.
Сондай-ақ, қазақ жерінде бір түрі ғана өсетін өсімдіктердің әртүрлі аталуы 
жиі кездеседі. Олар айтылуы бірдей болғанымен, әр жерде әртүрлі шөп түрін 
білдіреді. Мысалы, Ажырық – тамырлары айқасып өсетін өсімдік. Оны көк 
күйінде мал жемейді. Күзге қарай сиыр малы жейді. Ал Қызылорда өңірінде 
осы аттас өсімдік – ажырық құмды жерге өсетін тамыры ұзын, түсі жуаға ұқсас 
өсімдік түрі [2, 152].
Еркек – құмды жерде шоқ-шоқ болып өсетін, мал қысы-жазы бірдей жейтін 
өсімдік. Аякөз маңында бұл өсімдікті майсасыр дейді. Ал Көкшетау қазақтары 
тілінде еркек деп шөптің биіктеп өскен түрін айтады.
Желкен – ұзындығы 10–15 см., сабағының жуандығы саусақтай болып, 
тарамданып екі-үш-төрт болып шығатын шөп. Оны Семей облысының Аякөз 
маңында тұрғындар жылқысарымсақ деп атайды. Көбірген – формасы пияз 
тәрізді, іші қуыс, үзсе сүт шығатын таулы жерде өсетін өсімдік. Көбіргенді жеген 
биенің қымызы күшті болады. М.Қашқари сөздігінде ковурген [2, 176] тау шоқы 
пиязы деп берілген. Мұны Аякөз тұрғындары саумалдық деп атайды [2, 153].
Кеурек – құмды жерде өсетін шөп. Иісі кәдімгі хлорға жақын болады. Осыны 
Семей облысының Аякөз ауданында күшалақурай деп атайды.
Бүгінге дейін кең-байтақ жеріміздегі сан мыңдаған өсімдік атауларына 
байланысты пайда болатын топонимиялық атаулар қомақгы. Профессор 
Т.Жанұзақовтың басшылығымен жарық көрген «Қазақстанның жер-су атаулары» 
атты еңбегінде: «Тарихи деректі атаулар мәдени ескерткіштердің куәсі болып 
табылады. Оны ғалым тілдік тұрғыдан 6 түрлі топонимдік қабатқа жіктедік. Атап 
айтқанда олар: көне түркі, орал тілі, араб-иран, моңғол, орыс және қазақ тілінде 
жасалған топонимдік қабаттар», – дейді [3]. Бұл еңбек осы салада жарық көрген 
тұңғыш еңбек болып саналады. Одан мысал келтірсек: ағашты (Ағашты); Ағаш 
(зат есім) + ты зат есімнен туынды сын есім жасайтын жұрнақ, яғни ағашы көп 
(жер) деген мағынаны білдіреді; Аққияқ (Аккияіс), жер, 4-ауыл, Кеңгір болысы, 
уезі. Ақ (сын есім)+қияқ (зат есім) сөздерінен жасалған. Атаудың қияқ шөбінің 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


72
ен даланы алып, көп өсуімен байланысты қойылғаны байқалады; Алатыр-
шілік – атауын Е.Қойшыбаев «Алатау, Алабота, т.б. атаулардағы анықтауыш 
ретіндегі қолданылатын қазіргі қазақ тілінде ақ пен көктің аралас келген түсіне 
қатысты емес, «ұлұ» немесе тіпті одан да көнелеу «оло» тұлғасынан тартады. 
Бұл пайымдау В.В.Радловтың көп жылдар бұрын айтқан ала сөзінің әуелдегі ал 
түрінен туындаған – «биік, асқақ, жоғары, ұлы, күшті» деген пікірінен туындап 
тұр (Радлов, 1893) дегенге саяды. Осы пікірлерге ден қойсақ, сөз етіп отырған 
атаудың бірінші сыңары ала «биік, жоғары, асқақ, ұлы» мағынасын береді, ал 
екінші сыңардағы атыр моңғол, көне түркі тіліндегі тұр, тур – қорған, қамал 
деген сөздің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі деп қарастыруға болады. Олай 
болса, Алатыр атауының мағынасы, биік қорған, қамал, ал атаудың үшінші 
сыңары шілік– жіңішке бұта. Атаудың толық мағынасы айналысына шілік көп 
өскен биік қорған, қамал; Алтықарағай – бұл жерде бір кезде алты қарағай өсіп 
тұруына байланысты қойылған; Апағдықарағай – апан және қарағай сөздерінің 
қосылуынан жасалған. Қалың қарағайдың арасында апаны бар екеніне меңзейтін 
атау; Аралағаш – далада бір топ ағаш өсіп тұруына байланысты берілген атау; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет