Тұқым қуалайтын аурулар


Антионкогендер, олардың ісікке қарсы қорғаныш механизмдері



бет84/95
Дата10.12.2022
өлшемі2,2 Mb.
#56310
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95
23. Антионкогендер, олардың ісікке қарсы қорғаныш механизмдері.Жасушаның ісіктік трансформациясында онкогендерден басқа да гендер қатысады.Геномда ағзаны және оның жасушаларын канцерогендік факторлар әсерінен, сонымен қатар олардың ісіктік трансформациясынан қорғайтын гендер де бар. Оларды ісіктің супрессорлық гендері немесе антионкогендер деп атайды. Ісіктің супрессорлық гендері қалыпты жағдайда, онтогенездің белгілі кезеңдерінде жасушаның пролиферациясын бастырмалайды, яғни протоонкогендердің экспрессиясын реттейді.Супрессор гендердің мутациялары құрылымы мен қызметі бұзылған ақуыздардың синтезделуіне және түрлі мүшелер мен жүйелердегі ісіктік трансформацияның басталуына әкеледі.p53 және Rb антионкогендері жақсы зерттелген.Ретинобластомада Rb генінің қызметінің тоқтауы байқалады. 60% жағдайда ретинобластома спорадикалды түрде дамиды, ал 40% жағдайда аутосомды-доминантты түрде тұқым қуалап беріледі. Rb генінің тұқым қуалайтын ақаулығы жағдайында, екінші аллелі қалыпты, сондықтан ісіктің дамуы тек екінші (қалыпты) аллелде қосымша мутация болған жағдайда жүруі мүмкін. Спонтанды түрде дамитын ретинобластомада Rb геннінің қызметінің тоқтауы екі алеллді де бірдей қамтиды
24. Онковирустар, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі
Канцерогенез себептерін зерттеуде вирустар үлкен орын алады. Адамдарда рактың дамуына алып келетін ДНҚ-лы вирустарды 4 топқа жіктеуге болады:
1.. Папилома вирусы жатыр мойны рагіне алып келуі мүмкін;
2. Лимфоманың дамуына алып келетін Эпштайн-Барр вирусы;
3. Бауыр рагіне алып келуге қабілетті гепатит В вирусы;
4. Капоши саркомасына алып келетін герпес вирусы.
Ең алғаш онкоген - Srс гені 1981 жылы Раус саркома вирусында табылған. Бұл жаңалық жасушаның кейбір вирустармен зақымдалуынан олардың ісікке трансформациялану механизмін түсіндіруге мүмкіндік берді. Ісік жасушаларының дамуы вирустардан емес олардың геномындағы онкогендерден екендігі белгілі болды. Ісіктік вирустар өздігінен ракке алып келе алмайтындығы белгілі болды. Олар жасушаның генетикалық аппаратына онкогенді енгізу арқылы қатерлі ісіктің қалыптасуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет