14-билет Прокариоттық гендердің транскрипция механизмі: басталу, ұзарту, тоқтату. Транскрипция – бұл ДНҚ –дан аРНҚ – ға генетикалық ақпаратты көшіру процессі.Басталу Инициация - алғашқы нуклеотид аралық байланыс РНҚ-полимеразаның промоторымен байланысуынан басталады. Осы кезде белгібір жерден ДНҚ тізбегі тарқатылып транскрипциялық «көзше» пайда болады. Прокариоттарда РНҚ-полимераза Прибнов бокстың нуклеотидтер қатарындағы (сигма) – факторды таниды, соңынан оған екі тізбегінен, (бета) (бета штрих) және (омега) суббірлігінен тұратын кор-фермент қосылады. Бұл кешен холофермент деп аталып транскрипцияның басталу нүктесіне қарай жылжиды, бірнеше нуклеотидтер транскрипцияланғанан кейін, фактор ферментімен байланысын үзеді, тек қана кор-фермент ДНҚ бойымен жылжиды.Узартуы Элонгация- РНҚ тізбегінің ұзаруы, транскрипцияның басталу нүктесінен басталып және терминациялық сайтта униполярлы, консервативті және комплементарлы ұстаныммен аяқталатын үдеріс. ТоқтатуТерминация- транскрипцияның аяқталуы, геннің терминациялық сайт қатарындағы ГЦ-ға бай бөлігінде бір тізбекті РНҚ молекуласының бөлініп шығуымен аяқталады. ДНҚ әрбір бөлігінде транскрипцияның аяқталуынан кейін екі тізбекті ДНҚ молекуласы бастапқы қалпына келеді.
15-билет Тірі организмдердегі транскрипция бұзылыстарының рөлін түсіну. Жасушаның тіршілік етуіне аздаған қызмет атқаратын гендедің құрамы қатысады транскрипция.Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер бузылыстар Летальды гендер, ағзаны өлімге душар ететін гендерСублетальды гендер – ағзаның көбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік әрекеттерінің төмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендерНейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаныңтіршілік қабілетіне әсері жоқ гендерДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған көшірмелері кездеседі.Бұлкөшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған. Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі бір бөлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер орындалу барысында ақуыз өнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір қызметтің орындалуын бақылайды.