Тұқым қуалайтын аурулар



бет81/95
Дата10.12.2022
өлшемі2,2 Mb.
#56310
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95
Байланысты:
Цитттт

17. Апоптоздың себептері1. Митогенді сигналдың болмауы
2. Беткеймен байланыстың болмауы
3. Түйісу арқылы тежелудің болмауы
Апоптозды іске қосатын «негативті» сигнал ол позитивті сигналдың болмауы болып табылады.Негативті сигналының мысалы ретінде түйісу арқылы тежелу кезінде кадгериндерден келетін сигналды келтіруге болады. Бөлініп жатқан жасушалар өте жақын орналасқан жағдайда, тек бөлінуін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар апоптозға да ұшырауы мүмкін.
18.Апоптоздың даму сатылары. 1) Жасуша ішілік құрылымдардың, әсіресе хромосомалар мен мембраналардың зақымдануы.
2) Арнайы протеинкиназалар және басқа модификациялық ферменттердің көмегімен р53 транскрипциялық факторына зақымдану, бұзылулар жайлы сигналды беру. р53 ақуызымен қатар, оның ингибиторы Mdm2 де модификацияланады. Қандай жағдай болмасын, сигналға жауап ретінде р53 факторының мөлшері (ыдыраудың баялауына байланысты) артады және белсенділігі жоғарылайды.
3) р53 ақуызының және мембрананың зақымдануына байланысты BCL – 2 тұқымдасына жататын гендер әсерінен митохондрия мембранасының өткізгіштігін жоғарылайды.
4) Каспазалық каскадтың іске қосылуы. Көптеген нысана ақуыздардың каспазалар әсерінен жартылай протеолизденеді.
5) Жартылай протеолиздің салдары түрліше болуы мүмкін:
а) хроматиннің тығыздалып жинақталуы (құрылымдық ақуыздар Н1 гистоны мен ламиннің протеолизі нәтижесінде);
б) ядролық нуклеазалардың белсенді болуы (олардың ингибиторларының протеолизі нәтижесінде).
в) плазмалемманың липидтік құрамының өзгеруі (мембранамен байланысқан ферменттердің белсенділігінің өзгеруі нәтижесінде).
Протеолиз кейбір сатыларды күшейту немесе қайта іске қосу арқылы апоптозға өздігінен бақыланатын үрдістің сипатын береді.
г) ДНҚ-протеинкиназаның белсенді болуы (жарым-жартылай протеолиз нәтижесінде), мұнымен қатар р53 ақуызының мөлшері мен активтілігін жоғарылайды.
д) рRb ақуызының протеолизі, E2F – DP транскрипциялық факторының ингибиторлық белсенділігін төмендетіп, жасушалық циклды іске қосады, ДНҚ репликациясы жүреді. Бұл ДНҚ құрылымының қайта зақымдалуына және «ішкі» апоптоздың қайтадан іске қосылуына алып келеді.
6) Эндонуклеазалардың әрекетінен хроматиндердің фрагментациясы жүреді.
7) Соңында төмендегідей морфологиялық өзгерістер жүреді: а) ядро мен цитоплазманың фрагментациясына байланысты апоптоздық денешіктердің түзілуі; ә) айналасындағы жасушалардың ол денешіктерді фагоцитоздауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет