10.Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері. Жасушалық цикл-жасушаның өмірген келуі мен өлуіне дейінгі тіршілік ету кезеңі. Жасушалық цикл мына кезендерден турады: а)митотикалық цикл-жасушалардың бөлінуге даярлануы мен бөлінуін қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы.б)жасушаның өзіне тән арнайы қызметін атқару кезеңі.в)тыныштық кезеңі Митотикалық цикл мына кезеңдерден тұрады:а)митоз-М б)постмитотикалық кезең-G-жасушалық құрылымдардың қайта түзіліп,қалпына келтірілуі,жасушаның өсуі мен құрылыстық белоктардың және ферменттепдің қарқынды синтезделуі,ДНҚ әзашарлары мен энергияның мол жинақталуы сияқты күрделі процесстермен сипатталады
1 в)синтетикалық кезең-S.Бұл кезеңде ДНҚ молекуласының репликациясы жүреді.Репликациядан кейін әр хромосомада екі ДНҚ молекулалары болады.
г)постсинтетикалык кезен-G2.Жасуша бөлінуге даярлық жасай бастайды.Онда арнайы белоктардың синтезі жүріп,жасушаның митоздық бөлінуіне қажетті құрылымдар қалыптасады. 16.Апоптоз анықтамасы типтері Жасушалар белгілі бір уакыт аяғында қызмет атқарады және олардың тіршілігі өліммен аяқталады.Барлғы болмаса да, көпшілік жасушалар ағзаға қажетсіз болғанда немесе көп зақымдалған жағдайларда ішкі генетикалық бағдарламалардың активтелуі нәтижесінде өзін-өзі жою қабілетіне ие болады. Бұл жасушаның жойылу түрі апоптоз деп аталады.Жасушаның бағдарланған өлімі барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адамға да тән.. Жойылған жасушалардың орны бөліну нәтижесінде пайда болған жас жасушалармен толықтырылып отырады.Бағдарланған жасуша өлімінің екі типін ажыратады: «ішкі» апоптоз және «бұйрық бойынша» апоптоз.
«Ішкі» апоптоз - жасушаның өзіне деген қанағаттанарлықсыз жағдайынан болады.а) хромосомалардың қатты зақымдалуы (репарацияланбайтын немесе нашар репарацияланатын): хромосомалардың дұрыс сегрегацияланбауы, ДНҚконформациясын бұзатын көптеген үзілулер, тізбектер арасындағы тігілулер және т.б.
б) жасуша ішілік мембраналардың оның липидтерінің күшті тотықтырғыштар нәтижесінде зақымдалуы.«Ішкі» апоптоз жасушаның генетикалық материалы, органоидтары зақымдалғанда және қартайғанда іске қосылады. Апоптозға алып келетін жасушаның құрылымының бұзылары өте күшті болмауы керек.«Бұйрық бойынша» апоптоз мембрана немесе жасуша ішілік рецепторлар арқылы берілетін сыртқы «негативті» синал арқылы іске асады.Жалпы алғанда жасуша тіршілікке қабілетті, бірақ ағза тұрғысынан қарағанда, ол қажетсіз тіпті қауіпті болуы мүмкін. Апоптоздың бұл түрі онтогенездің белгілі бір кезеңдерімен байланысты: эмбриогенезде бірқатар негіздердің және пронефростың редукциялануы, эмрионалдық дамудың морфогенезінде саусақ аралық «жарғақшалардың» жойылуы.«Бұйрық бойынша» апоптоз иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызмет атқаруында да маңызды: Т және В лимфоциттерінің аутоиммундық клондарының жойылуы.