Тұқымдастар спектрі. Сәнді гүлді және сәнді жапырақты



бет4/5
Дата24.05.2022
өлшемі33,64 Kb.
#35536
1   2   3   4   5
Байланысты:
ГШлдн лек 14

Кактустар . Cactaceae – Кактустар-Кактусовые. Cereus jamacaru –Ямакару цереусы - Цереус ямакару. Ірі гүлді цереус. Болмаса түн падишасы. Сабағы шырмалғыш төрт қырлы болады. Тікендері ұсақ, сары, ақ түсті келеді. Гүлінің диаметрі 20 см түтік тәрізді, күлтелері бірнешеу, түсі ақ, ваниль иісті, күнде кешке қарай бірнеше сағат бойы гүлдеп тұрады. Отаны: Аргентина, Бразилия, Уругвай.
Mammilaria bocassana –Бокасс мамилляриясы –Мамиллярия бокасская. Шар пішінді сабағының ілмектілген тікендері және ақ түктері болады. Көктемде сақина бойымен тізбектелген ұсақ ақ гүлдермен гүлдейді. Отаны: Мексика.
Zygocactus truncatus (Schlumbergera truncate)Зигокактус усеченный ( Шлюмбергера усеченная), декабрист. Бұтақталған доғалы өркендері жалпақ , жиектері үшкір тісті ұзындығы 4-5 см жапырақтәрізді сегменттерден тұрады. Қараша айының ортасынан қаңтардың соңына дейін ақ, қызыл, қызғылт реңді гүлдермен гүлдейді.
Отаны:Бразилия, Эквадор.
Фитодиза́йн (грек.; φυτόν - өсімдік және ағыл.: design — жобалау, құрастыру) ішкі интерьерге өсімдіктердің ауа сапасын жақсарту мүмкіндіктеріне, биологиялық-экологиялық ерекшеліктеріне сай үйлесілімдікте, мақсатқа бағытты түрдегі ғылыми негілделген енгізілуі.
Сонымен қатар, фитодизайн деп интерьерді безендіруді, өсімдіктер композициясын жасауды, мекемелер ішін көгалдандыруды және қысқы бақтар жасауды айтады.
Гидропоника (гр. һуdor — су, ponos — жұмыс) — 1) өсімдіктерді (көкөніс, мал азығындық шөптер, т.б.) топырақсыз физиологиялық ерітінділерде — малтатас, кұм немесе жабық ауа кеңістігінде әлсін-әлсін қоректік ерітінділерді бүрку арқылы өсіру; 2) өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада - қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру. Өсімдікті топырақсыз өсірудің бірнеше тәсілі бар. Бұлар ашық және жабық грунттарда гүл, қияр, бұрыш, қызанақ, жүзім, жидек және т.б. өсіруде қолданылады.
Гүл өсіретін шаруашылықтарда гидропоника әдісін қолданудың арқасында гүлдің өзіндік құны 30-35 % дейін төмендетілген.
Гидропоника әдісі зертханалық және бөлме жағдайда өсімдік өсіру ісінде елеулі орын алады. Қоректік заттар ерітіндісінде өсірілген өсімдіктер тез өседі, жақсы гүлдейді, оларға аурулар мен зиянкестер көп жоламайды. Гүлдері өте ірі әрі хош иісті болып келеді.
Бұл әдісті қолданудың арқасында уақытты және қаражатты көп қажет ететін топырақ, құм жеткізу, олардың қосындыларын жасау және топырақтағы өсімдіктер пайдаланған қоректік заттарды қалпына келтіру т.б. жұмыстардан қол босайды.
Өсімдіктерді қоректік заттар ерітіндісінде өсіргенмен, дұрыс өсуі үшін белгілі бір субстрат жасау қажет. Субстрат ретінде жұмыр тас, ұсақталған тас, қиыршық тас, ірі құм, таскөмір қоқысы,керамзит, термит, вермикулит, мүк,шымтезек,туф т.б. қолданылады. Бұлардың субстрат болуға лайықты белгілі физикалық- химиялық ерекшеліктері бар. Субстраттың негізгі атқаратын міндеті – өсімдіктің тамыры өсіп бекінуіне тірек болу.
Жасанды қоректік заттар ертінділеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі – оның қышқылдығы өсімдік өмірін қамтамасыз ететін дәрежеде болуы. Сонымен қатар онда азот, фосфор, калий, магний, кальций, темір тегі, күкірт, бор, мыс, цинк, марганец,т.б. микроэлементтер болуы керек.
Қоректік заттар ерітінділерін әзірлеу қиынға түспейді. Гүл сататын магазиндерде қоректік заттардың қоспалары дайын күйінде сатылады. Соңғы кездерде мұндай қосындылар дайын таблетка күйінде сатылатын болып жүр. Гүл әуесқойлары бұл таблеткаларды онда жазылған нұсқау бойынша суға ерітіп қолдана беруіне болады.
Кактустар Германияда, басқа да елдерде кактустарды өсіруде гидропоникалық әдісті өте кең қолданады. Бұл әдіспен өсіргенде олардың тікендері мен түктері және гүлдері ірі және әлдеқайда көп болып келеді. Өсімдіктің күтімі әлдеқайда оңайға түседі. Тек қазан-наурыз айларында өсімдікті суаруды мүлдем тоқтатып, құрғақшылық жағдайға орналастыру керек. Қоректік заттар қойылмас үшін өсімдікті үш жетіде бір рет қана суарады. Гидпопоникалық әдіспен тамыр жүйелері өте жақсы жетілген өсімдіктерді өсіруге болады: фикус, фелодендрон, монстера, плющ, хойа белла, фатсия, аспарагус өсімдіктері жатады.

Бекіту сұрақтары:


1. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет