Тұқымдастар спектрі. Сәнді гүлді және сәнді жапырақты


Chrysanthemum morifolium –



бет3/5
Дата24.05.2022
өлшемі33,64 Kb.
#35536
1   2   3   4   5
Chrysanthemum morifolium – Қытай хризантемасы - Хризантема шелковицелистная или китайская. Биіктігі 35 см, қою жасыл түсті күрделі жапырақтарының ұзындығы 8-10 см жақсы бұтақталатын жартылай бұта өсімдік. Тілше гүлдері реңі ақ, сары, сарғыш, қызыл,немесе қызғылт себет гүл шоғырына жинақталған, гүл диаметрі 2,5-2 см. Отаны: Индия, Қытай, Жапония.
Asteraceae Dumort.– Астралар, Күрделігүлділер - Астровые, Сложноцветные. Chrysanthemum frutescens Бұта хризантема - Хризантема кустарниковая. Биіктігі 35-50 см, бозғылт- жасыл түсті тілімделген күрделі жапырақтарының ұзындығы 5-10 см жақсы бұтақталатын жартылай бұта өсімдік. «Гүл» ортасы сары түсті, сыртқы гүлдері («күлтелері») ақ, сары, немесе қызғылт түсті, себет гүл шоғырына жинақталған, диаметрі 5-8 см.Отаны: Индия, Қытай, Жапония.
Primulaceae – Наурызгүлдер-Первоцветные. Cyclamen europaeus –Европа цикламені - Цикламен европейский. Түйін тамырлы шөптесін өсімдік. Күзде оның түйінінен біртіндеп жапырақ пайда болады. Қою жасыл түсті терілі жапырақтарының бетінде күміс өрнектері бар. Кейін олардың арасынан гүл сағағы өсіп жығады. Гүл сағағы кейде тік, кейде көлбей өседі. Гүлдері 2 см-дей, қызғылт түсті. Альпы фиалкасы деп те атайды.
Отаны: Кіші Азия, Греция.
Cyclamen persicum-Парсы цикламені - Цикламен персидский. Гүлдері ірі, реңдері ақ, қызыл, қызғылт, күлгін, көгілдір т.б. түсті. Гүлдері төмен қарай төңкеріле өсіп, күлте жапырақтары гүлге қонған көбелек сияқты болып көрінеді. Оларды жолақты жасыл жапырақ қоршағап тұрады. Отаны: Кіші Азия, Греция.
Hyacinthaceae-Гиацинттер- Гиацинтовые . Hyacinthus orientalis - Шығыс гиацинті - Гиацинт восточный. (Лалагүлдер тұқымдасы). Қыста гүлдейді. Гүлдері әдемі де сүйкімді, хош иісті. Гүл беретін атпа сабағы 40 см. Гүлдері қоңырау формалы, реңі әр түсті. Жапырақтары таспа тәрізді. Сопақ гүл шоғы сұлтан деп аталады. Қаңтар айында гүлдейді. Отаны: Жерорта теңізі, Кіші Азия.
Amaryllidaceae - Амариллистер-Амариллисовые. Hippeastrum belladonna. Белладонн гиппеаструмы – Гиппеаструм белладонна. Жабайы түрде тропика шеңберінің қуаң шөлінде өседі. Жуашық тамырлы шөптесін өсімдік. Қыстың қаңтар-ақпан айларында өсімдіктің сабағы пайда болады. Жуашықтың ірілігіне қарай сабақ саны біреу не екеу болады. Атпа сабақ 80 см-дей. Гүлінің түсі ақ, қызғылт, қызыл, күрең, алқызыл болып келеді. Терілі ашық жасыл түсті таспа жапырақтары гүлдеу кезінде немесе оның соңында пайда болады. Отаны: Африка, Америка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет