Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет10/75
Дата21.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#44717
түріСборник задач
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
 
26-тапсырма.
 
 
 
 
 
 
 
 
8-сурет – Темір жол
Саңылау 
Темір жол 


14 
Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне 
саңылаулар қалдырылады (8-сурет). Неліктен?
Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс? 
А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды. 
В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды. 
С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық 
күйге ауысады. 
D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды. 
27-тапсырма.  
9-суретте ішіне салынған электр қоңырауы бар шыны ыдыс бейнеленген. 
Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады.
Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа сорылады. 
Сұрақ: шыны ыдыстың ішіндегі ауаны сорып алғаннан кейін, электр 
қоңырауының дыбысы естіле ме? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
9-сурет – Ыдыс ішіндегі ауаны сору
 
 
28 -тапсырма. Құмырсқалар
Құмырсқалар Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстік пен 
Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның он мыңдай түрі бар. 10-суретте 
құмырсқалардың бірнеше түрлері көрсетілген. 
Электр сымы 
Вакуумды сорғышқа баратын 
түтік 
Шыны ыдыс 
Электр қоңырауы 


15 
10-сурет – Құмырсқалардың түрлері
Адам іс-әрекетінде құмырсқалардың өзіндік орны бар. Мысалы Оңтүстік 
Қытайда цитрустық жемістер өсіру барысында зиянкестермен күрес жүргізу 
үшін тоқымашы-құмырсқаларды пайдаланады.
Құмырсқалардың пайдасы туралы мысалдар келтіріңіздер.
 
29-тапсырма. Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз
Түрлі сиқырлы тәжірибелер жасауда ауаны қолдануға болады.
Азамат таза, құрғақ стақанның түбіне қағаз сүлгіні умаждап салды. 
Стақанды төмен аударғанда қағаз сүлгінің түспейтініне көзін жеткізді. 
Стақанды су құйылған шұңғыл ыдысқа баяу қимылмен салды. Су стақанды 
түгелдей жапқанға дейін түзу ұстауға тырысты (11-сурет)
11-сурет – Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз
Бірнеше секунд ұстап тұрып, стақанды судан алып шығып, сілкіп жіберді. 
Стақанды үстелдің үстіне қойып, ішіндегі қағаз сүлгіні алып шықты. Қағаз 
сүлгінің құрғақ қалпында қалғанын байқады.
Қағаз сүлгі неліктен суланбады?
Қағаз сүлгі сулануы үшін не істеу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет