Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет11/75
Дата21.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#44717
түріСборник задач
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а

 
30-тапсырма.
12 (а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға 
қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты 
пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.


16 
12-сурет – Заттардың массасын өлшеу
12,а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 12,ә-суретіндегі таразы 
қандай массаны көрсетеді?
А. 110 г-нан артық.
В. 110 г.
С. 110 г-нан кем.
Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.
31-тапсырма. Микроорганизмдер
Цианобактериялардың қалдықтары жер бетінде табылған (жасы 3,5 млрд 
жылдан астам) ежелгі микроорганизмдерге жақын. Оларды кейде көкжасыл 
балдырлар деп те атайды. Осы ядросыз ағзалардың жалғыз жасушасы екі 
немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді (13-сурет). Әр бөлігі толық қызметті ағза 
болып табылады.
13-сурет – Ядросыз ағза жасушаларының бөлінуі
1-сұрақ
Егер екіге бөліну жолымен көбейген болса, 15 көбеюден кейін көкжасыл 
балдырлар қанша болады?
A. 32768.
B. 16587.
12а-суреті 
12ә-суреті 


17 
C. 12.554.
D. 14548.
2-сұрақ
Қандай көбею өзге ағзалармен тұқымқуалаушылық ақпарат алмаспай өз 
бетімен жүзеге асырылады?
A. Жыныссыз түрде. 
B. Вегетативті түрде. 
C. Фрагментациялану арқылы.
D. Прогенез түрінде. 
3-сұрақ 
Адамның терісі үнемі жаңарып отырады. Қайсыбір ағзалар бүтіндей 
органдарды да қалпына келтіре алады. Зақым келген жабындар мен органдарды 
тірі ағзалардың қалпына келтіре алу қабілеттері регенерация деп аталады. 
Төменде келтірілген жыныссыз көбею тәсілдерінің қайсысы регенерацияға 
негізделген? 
A. Споралармен көбею.
B. Тамырланып көбею. 
C. Фрагментацияланып көбею. 
D. Вегетативті көбею.
32-тапсырма.
Ұлулар барша әлемге кең таралған тіршілік иелері (14-сурет). Олардың 
түрлерінің басым бөлігі тропикалық және субтропикалық теңіздерге таяу 
жерлерде өмір сүреді. Ұлудың түрі баршамызға таныс: жалпақ тегіс «аяғы», қос 
жұпты мұртшалары мен екі көзі бар.
14-сурет – Ұлу
1-сұрақ
Ұлу раковинасының түсі сары-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейін 
кездеседі. Раковина түсі қандай жағдайға тәуелді?
A. Қабылданатын азыққа.
B. Жасына.
C. Раковина формасына.
D. 
Раковина иіріміне. 
2-сұрақ
Ұлудың жасын қалай ажыратады?


18 
A. Раковина жиегінің қалыңдығынан. 
B. Бұлшықет жиырылуынан. 
C. Раковина түсінен. 
D. Р
аковина формасынан
33-тапсырма.
Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кетсе, өзінің қозғалыс бағытында, ал 
аяғы тайғанап кетсе, өзінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта 
құлайтынын қалай түсіндіруге болады?
А. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, етпетінен құлайды, өйткені 
мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы 
қозғалыстағы күйін сақтайды.  
В. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, шалқасынан құлайды
өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның 
алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды. 
С. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, жанына құлайды, өйткені 
мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы 
қозғалыстағы күйін сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет