Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет16/75
Дата21.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#44717
түріСборник задач
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
 
20-есеп. Шаршы.
Қабырғасы 8 см болатын шаршы пішінді қағазды 21-суретте 
көрсетілгендей сызықтар бойымен бүгіп үшбұрышты пирамида жасалды.
Сұрақ. Шыққан дененің көлемін неге тең?
21-сурет
21-есеп. Көпбұрыштар.
Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (22-сурет). 
Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
22-сурет
 
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш 
кескінделген?
Жауабы: ___________. 
3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________. 
4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?
Жауабы: ___________. 
 
22-есеп. Қозғалыс.
Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың 
жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем.


26 
1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы 
бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: ________ .
 
23-есеп. Бұрыштар.
Егер РОК = 23
0
бұрыш болса, онда АВС 
бұрышы неге тең (23-
сурет)?  
 
23-сурет 
 
24-есеп. Бұрыштар.
 
Егер КВР үшбұрышы 
тең қабырғалы үшбұрыш 
болса, онда АВС бұрышы 
неге тең (24-сурет)? 
24-сурет 
 
25-есеп. Бұрыштар.
 
Егер ВО сәулесі СВР 
бұрышының 
биссектрисасы, ВР сәулесі 
СВК бұрышының 
биссектрисасы, бұрыш 
АВС = 22
0
және АВК 
бұрышы тік болса, онда 
СВО бұрышы неге тең 
(25-сурет)?
25-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет