Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 8-сынып


-кесте. «Білім» танымдық саласының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата03.12.2022
өлшемі4,16 Mb.
#54555
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Байланысты:
sbornik timss 8 kaz final

1.3-кесте. «Білім» танымдық саласының сипаттамасы 
Еске түсіру 
Анықтауларды, терминологияны, сандық қасиеттерін, 
өлшем бірліктерін, геометриялық қасиеттері мен 
белгілеулерін еске түсіру (мысалы, a × b = ab, a + a + a = 
3a). 
Тану 
Сандар, өрнектер, шамалар мен формаларды тану. 
Эквивалентті математикалық нысандарды тану (мысалы, 
эквивалентті бөлшектер, ондық бөлшектер және пайыздар; 
қарапайым геометриялық фигуралардың әр түрлі орналасу 
тәсілдері). 
Жіктеу / реттеу 
Жалпы қасиеттері бойынша сандарды, өрнектерді, 
шамаларды және формаларды жіктеу. 
Есептеу 
Алгоритмдік процедураларды +, -,×, ÷ немесе натурал 
сандардың, бөлшектердің, ондық бөлшектердің және бүтін 
сандармен арифметикалық амалдардарды орындау. 
Қарапайым алгебралық есептеулерді орындау. 
Алу 
Кестелерден, графиктерден, мәтіндерден немесе басқа да 
дереккөздерден ақпарат алу. 
Өлшеу 
Өлшеу құралдарын пайдалану және тиісті өлшем 
бірліктерін таңдау. 
Дереккөз:
Grønmo, L.S.-ке 26-беттегі кестеден бейімделген, Lindquist, M., Arora, A., & I.V.S. Mullis. (2013). 
TIMSS 2015 mathematics framework. In I.V.S. Mullis and M.O. Martin (Eds.). TIMSS 2015 assessment 
frameworks. Boston College, TIMSS & PIRLS International Study Center сайтынан алынған: 
https://timssandpirls.bc.edu/timss2015/frameworks.html 
Қолдану 
Бұл 
сала 
математиканың 
түрлі 
контекстерінде 
қолданылуын 
қамтиды.
Бұл салада фактілер, ұғымдар мен рәсімдер, сондай-ақ проблемалар оқушыға таныс 
болуы тиіс. Осы саламен байланысты кейбір тапсырмаларда оқушылар фактілер, 


МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 

 
15
дағдылар мен рәсімдер туралы математикалық білімді қолдануы немесе визуалды 
түсініктерді жасау үшін математикалық тұжырымдамаларды түсінуін көрсетуі тиіс. 
Идеяларды 
ұсыну 
математикалық 
ойлау 
мен 
коммуникацияның 
өзегін 
қалыптастырады, ал балама көріністерді жасау қабілеті осы пәнде табысқа жету үшін 
негіз болып табылады.
Проблемаларды шешу «Қолдану» саласында орталық орынға ие және әдеттегі және 
күнделікті тапсырмаларға назар аударылады. Есептер нақты өмірлік жағдайлардан 
туындауы немесе тек математикалық мәселелерге қатысты болуы мүмкін, мысалы, 
сандық немесе алгебралық өрнектермен, функциялармен, теңдеулермен, геометриялық 
фигуралармен немесе статистикалық деректер жиынтығымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет