Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 8-сынып


 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата03.12.2022
өлшемі4,16 Mb.
#54555
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Байланысты:
sbornik timss 8 kaz final

64

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
A.Экожүйедегі организмдердің популяциялары арасындағы бәсекелестіктің 
мысалдарын сипаттау және келтіру.
Б. Экожүйедегі жыртқыштықтың мысалдарын сипаттау және келтіру.
В.Экожүйедегі популяциялар немесе организмдер арасындағы симбиоз 
мысалдарын 
сипаттау 
және 
келтіру, 
мысалы, 
гүлдер, 
құстар 
тозаңдандыратын, бұғыларда немесе ірі қара малда жәндіктерді жейтін 
құстар немесе жәндіктер, адам ішегінде мекендейтін таспалы құрт. 
4. Экожүйедегі популяция санына әсер ететін факторлар:
A.Аурулар, жыртқыштар, азық-түлік ресурстары және құрғақшылық сияқты 
популяцияның санын шектейтін факторларды анықтау.
Б.Сумен жабдықтау, халықтың өзгеруі немесе көші-қон сияқты экожүйедегі 
өзгерістер қолжетімді ресурстарға және популяциялар арасындағы теңгерімге 
қалай әсер етуі мүмкін екенін болжау. 
Биология: Адам денсаулығы 
1. Аурудың себептері, берілуі, алдын алуы және төзімділігі:
A.Тұмау, қызылша, безгек және АҚТҚ сияқты кең таралған аурулардың 
себептерін, берілуін және алдын алуды сипаттау. 
Б. Ағзаның иммундық жүйесінің ауруға қарсы тұру және емдеуге жәрдемдесу 
рөлін сипаттау. 
2. Денсаулықты сақтау үшін диетаның, жаттығулардың және өмір салтының 
маңыздылығы:
A. Жүрек аурулары, жоғары қан қысымы, қант диабеті, тері және өкпе обыры 
сияқты аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау үшін диетаның, дене 
жаттығуларының және өмір салтының маңыздылығын түсіндіру.
Б.Дұрыс тамақтанудағы қоректік заттардың (витаминдер, минералдар, 
ақуыздар, көмірсулар және майлар) рөлін анықтау. 
Химия 
Сегізінші сыныпта оқушылар химияны күнделікті құбылыстарды түсіну үшін ғана 
емес, сонымен қатар химияны практикалық қолдануды түсіну және тереңірек зерттеу 
үшін қажетті негізгі ұғымдар мен қағидаларды оқып үйренеді. Химияның тақырыптық 
бөлімдерінің қатарына мыналар жатады: 

Заттың құрамы; 

Заттың қасиеттері; 

Химиялық өзгерістер. 
Заттың құрамын зерттеу элементтерді, қосылыстар мен қоспаларды ажыратуға, 
сондай-ақ бөлшектердің түріндегі заттың құрылымын түсінуге бағытталған. «Заттың 
қасиеттері» тақырыптық саласында негізгі назар заттың физикалық және химиялық 
қасиеттерінің айырмашылығына және қоспалар мен ерітінділердің, сондай-ақ 
қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін түсінуге бөлінеді. Химиялық өзгерістерді 
зерттеу химиялық өзгерістердің сипаттамаларына, химиялық өзгерістер кезінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет