Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет3/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Тұрсынай Қажығали: «Мен бұл кітаппен бүгін ғана 
танысып, аз уақытта оқып бітірдім. Менде бір ғана өкініш 
болды: «Әттең, бұл кітап қолыма кеш түсті». Әйтпегенде 


өз қолтаңбаңызбен алу бақыты да бұйырар ма еді! Мен, сіз 
айтқандай, әр кітапты оқыған сайын түк білмейтініме көзім 
жетеді. Осындай құнды кітапты оқырманға сыйлағаныңызға 
көп рақмет. Сізге Алланың нұры жаусын!»
Алмас Жұмағали: «Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс 
кітабын» ересек мектеп оқушылары мен аракідік оқытушы-
ның желкелеп қадағалауымен ғана кітап оқып, оның да өзіне 
ұнайтын тұсын оқыған сәтте 
басатын жерін іздеп тұратын 
студент жастарға оқуға кеңес беремін».
@bazarbek_qamysbayev: «Алтынға пара-пар «Күміс 
кітап». Кітап туралы кітапты бірінші рет оқуым, кітап болғанда 
да жай кітап емес, оқырманға ой салатын, кітаппен дос болуға 
шақыратын тамаша туынды. Кітап авторы Бақытжан ағамыз 
əлеуметтік желінің форматындай ғана қысқа мəтіндер 
мен нақты мысалдар арқылы талай жанның кітапқа деген 
қызығушылығын оята білді деп ойлаймын».
@gulziyas: «Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабын» 
оқығаннан кейін бұл еңбекті бір рет емес, үнемі оқып жүруді 
ұсынар едім. Кітап оқуға құлшынысың шыңырау түбіне кет-
кенде, арқан секілді тартып, бойыңды билеген жалқаулы-
ғыңнан арылта алатын құрал».
@s.yernar: «Бақытжан мырзамен шынайы сырластық. 
Оның кітапқа деген құрметі, кітапқа деген махаббаты сізді де 
әр парағын, әр жазғанын бағалауға шақырады».
@aagzamkyzy: «Меломанға» арнайы барып, екі сағат-
тың ішінде ой салатын əңгімелерді оқып шықтым да, тастап 
кетуге қимай сатып алдым». Инстаграмды «удалить» еткеніме 
екі күн болып еді, мына пост үшін арнайы жүктедім».
@ikarimcool: «Маған қазақ жастарының идеалды 
үлгісі ретінде кімді көресің десеңіз, ойланбастан: «Бақытжан 
Бұқарбай», – дер едім. Жаңа ғана кітабын оқып болып, өзімді 
«аш арыстандай» сезініп отырмын. Жас болсын, кəрі болсын 
бұл кітапты оқу керек. Жастар өмірлік приоритеттерін қайта 
қарап шығу үшін, үлкендер өздері бой алдырған қателікке 


балаларын, немерелерін шалдырмау үшін және «Мен бала-
ма қандай кітапты мирас етемін?» деген сұраққа жауап іздеу 
үшін».
@dzhigitbek: «Бір демде оқылатын кітап. Оқуға ке-
ңес берем. Авторға құрметім ерекше. Бәкенің әлеуметтік 
желілерде жазғандарын бақылап оқып отырамын. «Заманауи 
қазақ қандай болуы керек?» десе, осы кісіні көрсетер едім. Елге 
қызмет етіп жүре беріңіз, Бақытжан аға!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет