оқып қоя салмай, əрекетке талпынасыз. Бұл дегеніңіз – осы
кітапқа көз жүгірткен əрбір оқырманның кітап оқу дағды-
сының қалыптасуына сеп бола алды деген сөз. Авторды
құттықтаймын!»
Фархат Әмренов: «16 күнде
жазылған кітапты алты
сағатқа жеткізбей оқып шықтық. Кітапқа деген «аранымыз-
ды» одан әрі аша түскені үшін авторға алғыстан басқа айта-
рым жоқ».
Maira Sarybay: «Как много в слове «Кітап» слилось! На-
писать о
роли книги в жизни современного человека – задача
для Отважного и Большого Сердца. Именно личность автора
стала для меня палочкой-выручалочкой! А казахский язык,
как аккомпанемент,
звучал так изящно и современно, так ис-
кренне и крылато!»
Марфуға Шапиян: «Шағын кітабында Бақытжан енді
қалыптасып келе жатқан оқырмандарға кітап оқуға
дағдыланудың түрлі тәсілдерін үйретеді, өзінің кітап оқу
тәжірибесімен бөліседі. «Күміс кітапты» кітаппен достығын
енді
бастаған жандар оқыса, пайдаға кенеледі деп ойлаймын.
Өйткені, автор осы бір аз ғұмырда ең маңызды кітаптарды
қалай іріктеп оқудың тәсілін айтады. Біраз кеңестерін
дәптеріме түртіп алдым».
Мәдина Оспанәлі: «Сізге деген ыстық ықыласымыз
ерекше. Кітаптарыңыз арқылы талай жастың жүрегіне жол
таптыңыз. Солардың бірі – мен. «Күміс кітаптың» ғасырдан-
ғасырларға өтер кітап боларына сенімім мол. Шетсіз,
шексіз
«кітап» деп аталатын есігі көп әлемнің ең керек кілтін тауып,
қолымызға ұстатқаныңызға рақмет!»
Ануар Бегісбаев: «Кітаптан түйіп алар ілім бар, одан
қалса, оқу өте жеңіл, тіпті кітаптын аз беттен тұруы да
жастардың ыңғайына қарай жасалған».
Достарыңызбен бөлісу: