8.1.4.2. тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
Бағалау критерийі:
• алдыңғы білімін еске түсіріп, тыныс алу мүшелері мен қызметін сипаттайды
• дем алу мен дем шығару механизмін түсіну үшін модель жасайды
• модель көмегімен тыныс алу мен тыныс шығару механизмін сипаттайды және кесте толтырады
Тыныс алудың маңызы Газ алмасу
Органикалық
заттарды
тотықтыру,
ыдырату
Энергия
бөліп,
су түзіледі
ӨКПЕ
БРОНХЫЛАР
КЕҢІРДЕК
КӨМЕЙ
АҢҚА
МҰРЫН
ҚУЫСЫ
ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІ
Тыныс алу –ағза және сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесі, яғни атмосферадағы ауаның қысымы өкпеден жоғары болған кездегі ауаның алвеолаларға қарай тартылуы
Тыныс шығару - атмосфералық ауаның қысымы өкпедегі ауа қысымынан төмен болғанда алвеолалардан ауаның сыртқа қарай тартылуы
Әрбір жұп қабырғаның арасы екі топ болып, бұрышы бір-біріне бағытталған қабырғааралық бұлшықеттерден тұрады
Тыныс алу
Тыныс алу-белсенді процесс.
1. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер жиырылады, ал ішкісі босаңсиды.
2.Қабырға осының әсерінен алға жылжып,көтеріледі, омыртқадан алшақтайды.
3. Диафрагма бұлшықеттері бір мезгілде жиырылады.
4. Диафрагма тегістеледі.
5.Көкірек/кеуде қуысының көлемі ұлғаяды.
6. Нәтижесінде көкірек қуысындағы, өкпедегі қысым атмосферадан төмен болады. Ауа өкпеге өтеді
Тыныс шығару-енжар процесс, қалыпты жағдайда жүреді.
1. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер босаңсиды , ал ішкісі жиырылады.
2. Көкірек қуысы өз салмағының ауырлығынан төмен түседі.
3. Диафрагма бұлшықеттері бір мезгілде босаңсиды.
4. Диафрагма бастапқы қалыпқа келіп күмбезденеді.
5.Көкірек көлемі кішірейеді.
6. Нәтижесінде көкірек қуысындағы, өкпедегі қысым атмосферадан жоғары болады