Тыныс алу жүйесінде қолданылатын препараттар


Асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер



бет5/13
Дата15.10.2023
өлшемі132,05 Kb.
#115424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3.1. Асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер

  • 3.1. Асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер
  • Бұл дәрілер асқазан секрециясы төмендеп, ас қорытылуы бұзылуына байланысты гипоацидті гастрит, гастроэнтерит, энтероколитте тағайындалады. Асқазан секрециясы төмендегенде сілекейдің, асқазан сөлінің бөлінуіне ықпал ететін ащы, жұпар иісті дәмдеуіштер және дәрілер қолданылады.
  • Қолданылатын дәрілік шөптер мен олардың препараттары: Плантаглюцид, толғақшөп, ащы жусан, қызыл бұрыш тұндырмасы, бақ- бақ, жолжелкен, субеде.
  • Тілдегі дәм сезу талшықтарын тітіткендіру үшін, ауыз қуысында шамалы уақыт ұстау керек. Қозу гипоталамустағы тамақ қорыту орталығына өтеді. Осы орталықты рефлекторлы қоздыруға суға араластырып сұйылтылған тұз қышқылы (HCl) 20-40 тамшыдан тағайындалады. Табиғи асқазан шырыны 2 ас қасықтан; 0,2г, 0,5г пепсин тұз қышқылымен, ацидин-пепсин 0,5г. таблеткасы 50-100мл суда ерітіліп 3 рет тамақпен бірге немесе тамақтан соң беріледі. Ферментті дәрі Абомин 0,2г. күніне 3 рет 1- 3 таблетка тамақпен бірге 1-2 айға тағайындалады.
  •  3.2. Асқазан секрециясын төмендететін дәрілер. Бұл дәрілер асқазандағы париетальды жасушаларда тұз қышқылының өндірілуіне тежегіш әсер көрсетеді. Париетальды жасушалардың белсенділігін бірнеше биологиялық белсенді заттар бақылайды. Олардың негізгілері М- холинорецепторлардан бөлінетін ацетилхолин, Н2-гистамино-рецепторлардан бөлінетін гистамин және гастринді рецепторлардан бөлінетін гастрин.
  • Асқазан сөлі көбейгенде асқазан қабаттары зақымданып, гиперацидті гастрит, асқазан ойық жарасы, рефлюкс-эзофагит және т.б. аурулар дамиды.
  • Осы ауруларды емдеуде антацидті дәрілер, тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер, гастропротекторлар (асқазан ішек зақымдануына қарсы), Helicobacter Pilor-ға қарсы дәрілер қолданылады.
  •  

Тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер:

  • Тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер:
  • Холиноблокаторлар: Атропин, Гастроцепин (Пиринзепин).
  • Н2-гистаминоблокаторлар: Циметиден, Ранитидин, Фамотидин (Гастросидин, Квамател), Низатидин.
  • 3. Протон помпасының ингибиторлары: Омепразол (Омез, Лосек, Пептикум), Пантопразол (Контролок), Рабипразол (Париет).
  • М-холиноблокатор Гастроцепин түнгі HCl секрециясын тежеуге негізінен кешке тағайындалады. HCl секрециясын 50%-ға және пепсиногеннің секрециясын (бөлінуін) төмендетеді, сілекей бездері секрециясын аздап төмендетеді. Бүйрек және өт арқылы өзгермеген түрде шығарылады.
  • Н2- гистаминоблокатордың I- буыны: Циметидин; II- буыны Ранитидин; III- буыны Фамотидин, IV- буыны: Низатидин, Роксатидин.
  • Циметидин тұз қышқылын 50% төмендетеді. Оның көптеген жанама әсерлері бар: бауыр ферменттерінің тежелуі, осыған байланысты зат алмасу процесінің бұзылуы, гепатотоксикалық, канцерогенді, антиандрогенді әсер, гинекомастия, импотенция, лейкопения болады. Сондықтан сирек қолданылады.
  • Ранитидин (Пилорид) жоғарыдағы циметидин сияқты жанама әсер көрсетпейді. Тұз қышқылын 70%-ға төмендетеді. Әсері 12 сағатқа созылады. Күніне 2 рет 150 мг-нан тағайындалады. Негізгі жанама әсері ауыз құрғау, бас айналу, диарея немесе іш қату, аллергия. Ранитидин 1988 жылы синтезделді.
  • Фамотидин (Квамател) тұз қышқылын 80%-ға төмендетеді. Ранитидиннен 10 есе, Циметидиннен 50 есе тиімді. Асқазан ойық жарасында 40мг-нан түнге қарай тағайындалады. Жанама әсері әлсіз, өте сирек.
  • Н2-гистаминоблокаторлардың қарсы көрсеткіштері: жүктілік, лактация, 12 жасқа дейінгі балаларға, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылыстары. Жылына 16 аптадан артық қабылдауға болмайды.
  • Ұзақ уақыт асқазанда қышқылдықты төмендетуден канцергенез өрбуі мүмкін. Н2-гистаминоблокаторларын кенеттен доғарғанда «Рикошет синдромы» болады (асқазан секрециясы кұшейіп, аурудың асқынуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет