Протон помпасының ингибиторлары тұз қышқылының секрециясын және пепсиногеннің бөлінуін тежейді, Helicobacter Pilor- ге қарсы бактериоста-тикалық әсер көрсетеді. Холинорецепторларға, гистаминорецепторларға әсер етпейді. Әсері 24 сағатқа созылады.
Жанама әсері: ауыз құрғау, тәбеттің төмендеуі, іш қату, метеоризм, іш түйілу, диарея, бас ауру, бас айналу, ұйқысы бұзылу, көру нашарлау, аллергия, мазасыздық.
Қолданылады: асқазан және 12 елі ішек ойық жарасында.
Қарсы көрсеткіші: жүктілік, лактация, 14 жасқа дейінгі балаларға.
Н2-гистаминоблокаторлар мен протон помпасының ингибиторларын ацетилсалицил қышқылымен улануда да қолданады.
. Антацидтер (аnti-қарсы, acidum-қышқыл) асқазан қышқылдығын төмендетіп, асқазанның зақымдануын азайтады. Асқазанда тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын сілтілер болып табылады. Антацидтер: сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді.
. Антацидтер (аnti-қарсы, acidum-қышқыл) асқазан қышқылдығын төмендетіп, асқазанның зақымдануын азайтады. Асқазанда тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын сілтілер болып табылады. Антацидтер: сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді.
Сіңетін антацид: Натрий гидрокарбонат (NaHCO3) 3- 5минутта әсер етеді. Асқазанда СО2 түзеді.
NaHCO3+ HCl ↔ NaCl + CO2 + H2O.
Бұл асқазанның керілуіне әкеліп, қайтара HCl бөлінуіне себеп болуы мүмкін. Жүйелі алкалоз даму қаупі артады. Тіндерде Na+мен судың кідіріп ұсталуынан ісінулер болады. Антацид ретінде өте сирек қолданылады.
Сіңбейтін антацидтер: Магний тотығы (MgO), Магний үш силикаты ((2MgO+ 3SiO2+ H2O)n), Алюминий гидрототығы ((Al(OH)3), Кальций карбонаты. Құрмаластырылған дәрілер: Ренни, Алмагель, Маалокс, Гастал, Викалин, Викаир. Олар ұзақ әсер етеді. Тұз қышқылымен ерімейтін қосылыстар, коллоидтар, гель түзеді. Әсері 15-20 минутта басталып, 1-3 сағатқа созылады. Ас қабылдаған соң 1,5- 2 сағаттан кейін немесе ұйықтар алдында қабылдайды. Асқазанда СО2 түзбейді.
Н2-гистаминоблокаторлар мен протон помпасы ингибиторларының тиімділігі жоғары болғандықтан антацидтер монотерапияға қолданылмайды. Антацидтер қосымша дәрі ретінде ғана қаралады.