Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру Air way open


Ауа өткізу түтігін енгізгеннен кейінгі асқынулар



бет2/3
Дата10.06.2022
өлшемі16,04 Kb.
#36662
1   2   3
Ауа өткізу түтігін енгізгеннен кейінгі асқынулар:
1. Бронхоспастикалық реакция
2. Құсу
3. Ларингоспазм
4. Түтіктің дұрыс орналаспауы салдарынан тыныс алу жолдарының обструкциясының күшейе түсуі.
Трансназальды ауа өткізу түтігін пайдалану көрсетілімі:
1. Санасы сақталған пациенттің жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясында;
2. Ауыз ауа өткізу түтігін енгізгеннен кейін ауа жолдарының тиімсіз реканализациясында;
3. Тіс немесе ауызжұтқыншақ жарақатында;
4. Шайнау бұлшықетінің сіресуі немесе діріл қағуында;
Трансназальды ауа жіберу асқынулары:
1. Мұрыннан қан кету;
2. Кілегей асты каналдың түзілісімен бірге кілегей қабаттың зақымдалуы;
3. Түтіктің өңешке түсуі;
4. Ларингоспазм;
Жоғарғы тыныс жолдарын өткізгіштігін қалпына келтіруге бағытталған барлық шараларды келесі сатының басталуын созбай максимальды тез өткізу қажет.
Мұрын арқылы ауа, ауа өткізу түтігін енгізудің қарсы көрсетілімі:
1. Жүктілік;
2. Мұрын қуысының окклюзиясы;
3. Бассүйек және мұрын сүйегінің сынығы;
4. Кеңсірік пердесінің қисық болуы;
5. Коагулопатия;
6. Мұрыннан ликвордың ағуы;
7. Анамнезінде краниобет операциясы жасалған болса;
Басты артқа қарай шалқайтудың қарсы көрсетілімдері:
1. Мойын омыртқаларының шығып кетуі және сынуы болса;
2. Даун синдромында (С1-С2 омыртқаларының шығып кетуі және толық оссификациясымен байланысты)
3. Мойын омыртқаларының денесінің тұтасуы;
4. Анамнезінде омыртқаның мойын бөлігінің патологиясы (анкилоздаушы спондилоартрит, ревматоидты артрит) болса;
5. Бас ми жарақатының кейбір түрлері;
Зардап шегушінің басын бір жаққа бұруға,
мойынды алға бұруға және басты қатты шалқайтуға болмайды. Мұндай науқастарда тек қана төменгі жақты алға шығару әдісі қолданылады. Егерде омыртқаның мойын бөлімінің жарақаты кезінде сұйық бөгде массаларды алып тастау үшін басын бір жаққа бұруға тура келеді, ондайда науқасты бір уақытта басын, мойнын, кеуде сарайын бір жазықтықта ұстай отырып, бір қырымен жатқызады.
А) Есінен танбаған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану. Науқастың артына тұрыңыз, бір аяғыңызды науқастың аяқтарының арасына қойыңыз (егер науқас тәсілді колдану кезінде есінен танса, сіздің аяғыңызбен төмен сырғиды). Қолдарыңызбен науқастың іш деңгейінен ұстаңыз. Оң колдың саусақтарын жұдырыққа түйіп, басқа қолдың саусақтарымен оны қысыңыз да шеміршектен анағұрлым төменірек іштің ортаңғы сызығы бойымен кіндіктен жоғары жерден ұстаңыз да бөгде зат шыққанша алдыдан артқа және жоғары қарай қатты сілкілеңіз (бөгде затты саусақпен алуға талпынып керуге болады), науқас тыныс алып, сөйлей алады.
В) Толық адамдарға немесе жүкті әйелдерге Геймлих тәсілін қолдану.
Науқастың артына тұрыңыз да кеуде клеткасын қолтық астынан. құшақтаңыз. Оң қолыңызды жұдырыққа түйіп, төстің ортаңғы бөлігіне қойыңыз, оны екінші қолдың саусақтарымен ұстаңыз да бөгде зат шыққанша ішке қарай қысатын қозғалыстар жасаңыз.
Б) Есінен танған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану.
Науқасты шалқасынан жатқызып, басын шалқайтыңыз, астыңғы жақ сүйегін тартыңыз, аузын ашыңыз. Еденге тізелеріңізді тіреп, науқастың сандарына мініп отырыңыз. Қолдарыңызды айқастырып ұстап, іштің ортаңғы сызығымен кіндіктен сәл жоғары жерге қойыңыз да төмен және бас жаққа қарай 8-10 рет, бөгде зат шыққанға дейін, соққы тәріздес қозғалыстар жасаңыз, науқас тыныс алып, сөйлей алады.
Егер Геймлих тәсілі нәтижесіз болса, онда тікелей ларингоскопияның көмегімен трахеяны интубациялау бөгде затты алудың және тыныс жолдарының өткізгіштігін демейтін неғұрлым нәтижелі тәсіл болып табылады, оны дәрігер орындайды.
Көмекей тұсында тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан болған жедел тыныс жетіспеушілігшің ауыр түрінде, және абсолютті көрсеткіштер болғанда (бет сүйегінің ауыр мертігулерінде, жүзік тәрізді шеміршек сынғанда, бөгде зат тұрып қалғанда, әртүрлі себепті көмекей мен тілдің ауыр ісінулерінде) коникотомия немесе трахеостомия жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет