Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру Air way open



бет3/3
Дата10.06.2022
өлшемі16,04 Kb.
#36662
1   2   3
Байланысты:
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру Air way open-melimde.com

ӨЖЖ жүргізу әдістемесі.
ӨЖЖ өткізу әдісінің «Ауыздан-ауызға» тәсілі ең тиімді, бірақ оральдық контакте инфекцияның көптеген түрі берілуі мүмкін.
Өзіңізді бұдан қалай сақтауға болады?
Бірнеше тәсілдері қолдану ұсынылады:


  • Мүмкін болса ӨЖВ «S» - тәрізді ауа түтігі немесе басқа құрылымды түтік арқылы жүргізілгені дұрыс.
    2. Егер ауа жіберу түтігі болмаса, екі қабатты дәке пайдалануға болады. 3-4 және одан да көп қабатты дәкемен ӨЖВ жүргізу физикалық тұрғыдан ауыр болады. Бет орамал немесе басқа кез келген мата арқылы да ӨЖВ жүргізу ауыр болады.
    3. «Ауыздан - ауызға» реанимациялық көмегін жасағаннан кейін жақсылап жөтеліңіз және аузыңызды кез келген антисептикалық ерітіндімен немесе ең болмағанда сумен шайыңыз.

ӨЖЖ «ауыздан – ауызға» әдісінің орындалу тәртібі.
Көмек көрсетуші зардап шегушінің маңдайына қойған бір қолымен басын артқа шалқайтып, бір мезетте мойнының астына және желкесіне қойған екінші қолымен тірейді.
Ауа сыртқа кетпеу үшін маңдайға қойылған қолдың 1,2 саусақтарымен мұрнын жабады.
Көмек көрсетуші ауызын зардап шегушінің аузына қойып, өз тынысын оның тыныс жолдарына жібереді.
Егер кеуде сарайы кеңісе онда тыныс дұрыс берілген. Асқазанның толып кету қауіпін кеміту үшін көп қысым жасамай тыныс алуды баяу жасап тыныс алу араларында өкпенің толығымен босауына (тыныс шығаруды қиындатпау) мүмкіншілік беру қажет.
Маска арқылы қапшықтан болатын тыныс алудың жоғарғы қысымы қысымдық жарақат (баротравма) тудырып веналық қайтымға кедергі болады.
ӨЖЖ жиілігін минутына 10 рет жасаймыз
ӨЖЖ жүргізу кезіндегі қателіктер мен асқынулар:


  • Ең әдеттегі қателік – зардап шегушімен реаниматор контурында саңылау болуы.

  • Кең тараған қателік тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етпеу, зардап шегушінің тілінің түсіп кетуін жоя алмау, ауа өкпенің орнына асқазанға өтеді, оны эпигастр аймағының керілуі пайда болады. Бұл жағдайда науқасты дереу кез келген бір қырына жатқызып, эпигастр аймағын басу керек. Бұл уақытта зардап шегушінің асқазанының құрамы жоғарғы тыныс жолдарына түсуі мүмкін, сондықтан бұл амал науқастың бір бүйірінде жатқан қалпында жасалу керек және сорғыш дайын тұру қажет.
    Сорғыш болмаса эпигастр аймағын басуға болмайды!!!
    3. ӨЖЖ маңызын дұрыс бағаламау (кеш бастау, сапасы қанағаттанарлықсыз) немесе асыра бағалау.
    4. Кеуде клеткасының экскурсиясының бақыламау.
    5. Ауаның асқазанға кетуін бақыламау, асқазанның керілуі, регургитация.
    6. Тынысты медикаментозды стимуляциялау.

http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет