Тыныс алу мүшелерінің ауруларына


Тыныс алу жүйесі,типтері,маңызы мен құрлысы



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі179,49 Kb.
#126012
1   2   3   4
Тыныс алу жүйесі,типтері,маңызы мен құрлысы
Тыныс демікпесі.Ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл — булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және т.б. иісі және көңіл-күйдің езгеруі де әсер етеді. Негізінен, тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бертпе шығады. Ауру ұстағанда — өкпенін шырышты қабықшасы ісініп, ауатамырлардың түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді.. Демікпеден сақтану үшін организмді шынықтырып, ты¬ныс тынысы тарылады, наукас булығып, сырылдап дем алады, беті көгеріп, күре алу жаттығуларымен шұғылданып, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру қажет.
Туберкулез ауруыТуберкулез ауруын туғызатын кох таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде, сөйлегенде 1—2 метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37—37,5 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы наукастың ас ішетін ыдысынан, сүлгісінен, тесек орнынан да жүғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның организміне байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни имму¬нитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бүзылмайды. Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтын ауаға таралуына жол бермеуі кажет. Ауруды дәрігер ғана емдей алады. Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Мұрын қуыс-ында толып жатқан қалташықтар бар. Олар ауаны жылытады. Суық күндері салқын тиіп ауырудан сақтайды. Мұрынмен ты¬ныс алу —- тісті бүзылудан сақтайды. Өндірістерде лас ауаны тазарту үшін желдеткіштер, шаң-тозаң ұстағыштар орнатылса, ал үйдегі шаң-тозанды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек.

Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері.Темекінін түтінінде ете улы зат — никотин бар. Темекі түтшнің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне 20 тал темекі тартатын адам 90 миллиграмм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартканда — адам уланады: басы айналады, жүрегі кағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінін бәріне зиянды өсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркенді, қабындырады , қорғаныш қабілеті нашарлаған шырышты қабық аркылы ауру туғызатын микробтар еркін өтеді. Сондықтан темекі тартатын адамдар суық тию және т.б. аурулармен жиі ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе обырымен ауырғандардың 97 %-ы темекі тартушылар. Себебі, темекіні ұзақ уакыт тарткандыктан, жара пайда болады.


Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезектесіп отырады. Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы тыныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің механорецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопақша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс — өздігінен реттеле алатын құбылыс. Мұрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады. Кемей, кеңірдек және ауа-тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс шығару кызметтері гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2 көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2 тыныс сыртқа шығарылады.
Тыныс алу органдарының аурулары ересектер мен балалар арасында кең тараған. Тыныс алу органдарының аурулары полиэтиологиялықпен, клиникалық ағымының ауырлығымен, жиі асқынулармен сипатталады. Тыныс алу жүйесі ауруларының таралуына әсер етеді: қолайсыз қоршаған орта, өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары және автокөліктің газдары, үй-жайлар ауасының ластануы, төмен иммунитет және т.б. Бұл мәселенің өзектілігі мен әр түрлі сала мамандарының күш-жігерін біріктіру қажеттілігін анықтай отырып, тыныс алу органдарының аурулары көптеген ел тұрғындарының аурушаңдығы мен өлім-жітімі құрылымында жетекші орында тұрғанына ықпал етеді. Мысалы, бронхит шырышты қабықшалардың, бронхтардың ауадағы қандай да бір бөлшектермен үнемі зақымдануы болған жағдайларда өте тез дамиды. Шырышты қабықтар мен бронхтар үнемі түтінмен, шаңмен, басқа бөлшектермен зақымдалғанда, науқастың тыныс алу жолдарынан қақырықты шығару үшін жиі жөтелу қажеттілігі туындайды. Адамға қолайсыз климат бронхиттің тағы бір себебі болып табылады, атап айтқанда: тұрақты ылғалдылық, ауа райының жиі өзгеруі, тұмандар. Бронхитпен сондай-ақ нашар тамақтану, тоңу, нашар өмір сүру жағдайылары кезінде, дене салмағы төмен адамдар, темекі шегетіндер жиі ауырады. Темекі шегетіндер, осы зиянды әдетке шалдықпаған адамдарға қарағанда жынысына қарамастан, созылмалы бронхитпен 3-4 есе жиі зардап шегеді. Зиянды өндірістегі жұмыс темекі шегуден кем болмайтын зиян әкеледі. Жүн, химиялық, нан пісіру зауыттарының жұмысшылары да бронхитқа бейім.
Бронхит-бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция.Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады,көбіне сілекей немесе қақырық түседі.Бронхит әдетте вирустан пайда болады,сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды.Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмайтын бір аптадан артыққа созылған жағдайларда,өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк,стрептококк,т.б микрооргонизімдер болады.Бронхит негізінен түһұмау,көкжөтел,қызылша т.б аурулардың салдарынан пайда болады.Ауру көктем мен күзде күшейеді.Бронхиттің жедел және созылмалы созылмалы түрлері бар.Жедел бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді,басы ауырады,даусы қарлығып,кеңірдегі жыбырлап,әуелі құрғақ ,кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады.Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады.Жедел бронхит негізінен 1-3 аптада толықтай жазылып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет